- •1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •1.2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы
- •2.1 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
- •2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
- •2.3. Басқа да кредиторлық борыштардың есебі
- •3.1 Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты
- •3.2 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті
- •3.3 Ұйымның міндеттемелерін экономикалық талдау
- •2004-2005 Жж аралығындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді салыстыру
- •Қорытынды
2.3. Басқа да кредиторлық борыштардың есебі
Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі "жалдық міндеттеме" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жылға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табылады. Ал "Жалдық міндеттеме" деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық(аналитикалық) есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Төленуге тиісті сыйақы есебі. Алынған несие, жалдық келісім-шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың (проценттердің) есебі "Төленуге тиісті сыйақы" деп аталатын шотта жүргізіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі "Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу" деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сонда-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайдларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.
Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен жарғыларымен және қолданылып жүрген зандарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілерімен белгіленген еңбекақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материаддық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларға зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау туралы нұсқауда белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.
Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталған дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-жұлдызынан кеш қалмауы керек. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізітен заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқығы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру қырының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
10-кесте
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебеттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
Жұмысшылар мен қызметкерлерге есеп-телген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға |
681 |
686 |
2 |
Жинақтаушы зейнетақы қорына есептел-ген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы |
686 |
441 |
Басқа да есептелген шығындар есебі
Басқа да есептелген шығындар есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.
11-кесте
Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебеттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алу бойынша пайда болған борыш сомаға |
122-126 |
683 |
2 |
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құраддар үшін жал төлемі есеп айырысу шотынан төленді |
683 |
441 |
3 |
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар мерзімі бітпей иесіне қайтарылды |
683 |
122-126 |
4 |
Келімісшарт бойынша ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал үшін есептелген жалгерлік пайыз сомасы |
831 |
684 |
5 |
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал үшін есептелген жалерлік пайыз сомасы есеп айырысу шотынан төленді |
684 |
441 |
6 |
Жұмыскерлерге еңбек демалысы үшін төленетін ақыға есептелген резерв сомасы |
903, 913, 923 |
685 |
кестенің жалғасы
7 |
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалыс үшін есптелген сомадан ұсталатын салық және зейнетақы қоры сомасы |
685 |
639, 686 |
8 |
Негізгі құралдарды жөндеуге байланысты алдағы уақыт төлемдер резервтеріне есептелген сомасына |
934 |
687 |
9 |
Науқандық шығындарға жасалған резерв сомалары |
901-904 |
687 |
10 |
Құрылған резервтің есебінен жасалған нақты шығындарына |
687 |
201-208 441, 451, 671, 681, 639, т.б. |
11 |
Жалға берілген негізгі құралдарға есептелген жалгерлік төлем |
937 |
687 |
12 |
Бұрынырақ төленген жалгерлік төлем сомасы есебіне есепке алынған сомасына |
687 |
342 |
13 |
Жалға берушіге аударылған жалгерлік төлем |
687 |
441 |
14 |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің толық төленіп, қайтарған тауарының келісім құнына |
711 |
687 |
15 |
Қайтарылған тауарлардың сату шегерімдерімен баға шегерімдеріне |
687 |
712, 713 |
16 |
Есеп беруге тиісті адамардың, берген аванстық есебі бойынша есептелген шығындар сомасы |
811, 821 |
687 |
17 |
Есеп беруге тиісті адамардың, аванстық есебінде бекітілген сомасының мөлшеріндегі қарызын шығысқа шығару |
687 |
333 |
III -ТАРАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АУДИТІ
