- •I бөлім. 5в050800 – «есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін мемлекеттік емтиханының бағдарламасы
- •1.1 Мемлекеттік емтиханының пәндер тізімі
- •1.2. «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша сұрақтар
- •1.3. «Қаржылық есеп 1» пәні бойынша сұрақтар
- •1.4. «Қаржылық талдау» пәні бойынша сұрақтар
- •1.5. «Басқару есебі» пәні бойынша сұрақтар
- •Өзіндік құнды шығынды толық үлестіру (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар (директ-костинг) әдісі арқылы калькуляциялау/даптерде
- •Өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауда шығындар есебі әдістерінің (абзорпшн-костинг и директ-костинг) ықпалын салыстырмалы талдау
- •1.6. «Аудит» пәні бойынша сұрақтар
I бөлім. 5в050800 – «есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін мемлекеттік емтиханының бағдарламасы
1.1 Мемлекеттік емтиханының пәндер тізімі
Есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасына келесі мамандандырылған дисциплиналар кіреді:
«Бухгалтерлік есеп принциптері»,
«Қаржылық есеп 1»,
«Қаржылық талдау»,
«Басқару есебі»,
«Аудит».
1.2. «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша сұрақтар
1. Қазақстандағы заңнамалық бухгалтерлік есепті реттеу
Бухгалтерлік есептің методологиялық негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті (ереже белгілейтін) құжаттар жүйесімен реттеледі. Бес деңгейлі жүйе бөлініп шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС); құқықтық-нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорынның (жұмыс) құжаттары.
Нормативтіқұжаттар жүйесінің бірінші заңнамалық деңгейіне мына заңдар жатады:
ҚР азаматтық кодексі, 1 және 2 бөлімдер.
ҚР-ның 1995 ж. 26 желтоқсандағы 2732 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырумен);
3. КР-ның 2001 ж. 21 маусымдағы №209-11 бюджетке «Салықтар және басқа міндетгі төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен). - Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. Олар — бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп жасаудың жалпы ережелері мен тәсілдері. Қазіргі уақытта БҰҰ-дағы Халықаралық стандарттар жөніндегі комитет 41 стандарт жасап шығарды. Қазақстан 2003 ж. 1 қантарынан бастап қаржылып есеп жасау ҚЕХС сай жүзеге («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңның 2-1 бабы). Үшінші деңгей- әдістемелік ұсыныстар, құқықтық-нормативтік акт нұсқаулар, нұсқауларды ҚР Қаржы министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік органдар жасап шығарады. Олар салалық ерекшеліктерге сәйкес есептік стандарттарды нақтылайды. Мысалы, 2002 ж. 18 қыркүйектегі 438 шоттарының үлгі жоспары және оны қолдану жөніндегі нұсқау.
Нормативті құжаттарының төртінші деңгейі кәсіпорынның есеп саясаты мен қызмет құжаттары. Олар ұйымның есеп жүргізу ерекшеліктерін белгілейді. Маңызды құжаттардың бірі болып кәсіпорынның есептік саясатын бекіту туралы бұйрық саналады.
2. Экономикалық ақпарат көзі ретінде қаржылық есептілік
3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамасы мен принциптері Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:
— есептеу;
— үздіксіз (ұдайы);
— түсініктілік;
— мәнділік;
— маңыздылық;
— сенімділік;
— әділетті әрі тура көрсету;
— бейтараптық;
— сақтық;
— толықтылық;
— салыстырмалық;
— дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі -Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі -Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
— алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
— бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.
Сенімділік принципі-Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі-Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығымен мазмұндылығы арта түседі.
Сақтық принципі-Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
Есептеу принципі -Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі-Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі-Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек тесуі керек.
Бейтараптық принципі-Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.
Әділетті әрі тура көрсету принципі -Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Толықтылық принципі-Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі-Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.
4. Бухгалтерлік есеп мәні мен объектілері
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл аткарады, өйткені оның кызметі, қаржылык жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.
Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық кызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер, тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізіледі.
Қазіргі уакытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде — аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.
5. Бухгалтерлік есепке алу әдісінің элементтері 6. Қосарлы жазба мәні. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттар, олардың тағайындалуы мен өзара байланысы. 7. Экономикалық мазмұны мен құрылымы бойынша шоттарының сыныптамасы 8. Қаржылық есептіліктің элементтері және бухгалтерлік есепке алу объектілері 9. Активтдің құрамы мен сипаттамасы 10. Қысқа мерзімді активтерінің құрамы мен сипаттамасы 11. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы 12. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен сипаттамасы 13. Табыстар туралы түсініктемесі және табысты есепке алу әдістері 14. Шығыстар туралы түсініктемесі және олардың жіктелуі 15. Бухгалтерлік баланстың құрылымы, мазмұны мен түрлері, мағынасын беретін рөлі 16. Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа көрсететің әсері 17. Синтетикалық және аналитикалық есеп 18. Айналым тізімдемесі (сынамалық теңгерім), оның мәні мен жасалу тәртібі. 19. Экономикалық мазмұны мен мақсатына байланысты және құрылысы бойынша бухгалтерлік есеп шоттарының сыныптамасы 20. Бухгалтерлік есептің формалары 21. Есеп регистірлері және олардың сыныптамасы
22. Бухгалтерлік құжаттар, олардың тағайындалуы және жіктелуі
23. Бухгалтерлік есеп әдісі ретінде - түгендеу
24. Есеп саясаты, оны жасау және бекіту тәртібі
25. Ақша қаражаттарының есебі
26. Дебиторлық борыштың есебі
27. Тауар-материалдық қорлардың есебі
28. Негізгі құрал-жабдықтардың есебі
29. Міндеттемелердің есебі
30. Капиталдың есебі
