- •1 Ұйымның міндеттемелерінің экономикaлық негізі және шaруaшылық қызметінің cипaттaмacы
- •1.1 Міндеттемелерді жіктеу және оның қaлыптacу көздері
- •1 Сурет - Міндеттеменің жіктелінуі
- •1.2 «Автолайн CarTrans» жшc қызметінің экономикaлық cипaттaмacы мен қaржылық көрcеткіштерін тaлдaу
- •2 Сурет - Cеріктеcтіктің қызметінің aлгоритмі
- •3 Сурет - Ұйымның aктивтерінің үлеcтік құрылымы
- •4 Сурет - Міндеттемелер құрылымдық сызбасы
- •1.3 «Автолайн CarTrans» жшc еcеп caяcaты
- •5 Сурет - Ұйым құрылымы
- •2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер еcебін ұйымдacтыру
- •2.1 Ұзақ мерзімді қaржылық міндеттемелер еcебі
- •2.2 Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер еcебі
- •2.3 Ұзақ мерзімді бағалау және өзге де міндеттемелерінің есебі
- •2.4 Жал бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
- •3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерді талдау
- •3.1 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы мен мәні
- •3.2 Ұйымның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен несиеқабілеттілігін талдау
- •6 Сурет - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер
- •11 Кесте - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын коэффициенттер
- •3.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер еcебі мен талдауын жетілдіру шaрaлaры
- •Қорытынды
- •Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
- •Қосымшалар
2.3 Ұзақ мерзімді бағалау және өзге де міндеттемелерінің есебі
Бағалау міндеттемелері:
- ұйымның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда;
- міндеттемелерді өтеу үшін мүмкін болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажеттілігі туындағанда (яғни мүмкін емес болғаннан, мүмкін болуы ықтимал);
- міндеттеме сомасы шынайы бағалануы тиіс. Сенімді бағалау тек сирек жағдайда ғана мүмкін емес. Кейбір жағдайларда, мәселен, сотта қарағанда, ұйымның ағымдағы міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды.
Мұндай жағдайларда бұрынғы оқиға, есептік күніне ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып келеді деп есептеледі. Жоғарыда сипатталған мойындау критерийлері орындалған жағдайда, ұйым осы ағымдағы міндеттемелерді бағалау деп таниды. Міндеттемелердің болмау мүмкіндігі оның бар болуынан жоғары болған жағдайда, ұйым экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады.
Танылған бағалау міндеттемесінің сомасы есепті күні болған міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығыстардың ең жақсы бағасын білдіруге тиіс, басқаша айтсақ, есептік күніне міндеттемелерді өтеу үшін немесе осы күні үшінші тарапқа осы міндеттемелерді беру үшін дұрыс пікірді негізге ала отырып, ұйым төлейтін сома.
Бағалау міндеттемелерінің сомасын анықтау кезінде ұйым:
1) тәуекелдер мен белгісіздікті есепке алуы қажет. Бірақ белгісіздік шамадан тыс бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтап ала алмайды;
2) ақшаның және шығындарды есептік бағалауда көрінбейтін міндеттемелер үшін ерекше тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағалау көрінетін салыққа дейін дисконтталған ставканы (ставкаларды) қолдану арқылы бағалау міндеттемелерін ақшаның уақытша құны елеулі түрде дисконттайды. Дисконттау қолданылғанда уақыттың ағынымен бағалау міндеттемелерінің өсуі пайыз төлемдеріне шығыстар ретінде танылады;
3)заңнамаға өзгеріс және технологиялық өзгерістер сияқты олардың болуына жеткілікті түрде объективті негіздемесі бар болашақ оқиғаларды есепке алады; және
4) күтілген шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғалармен тығыз байланысты болса да активтердің күтіліп отырған шығуынан түскен пайда есепке алынбайды;
Ұйым бағалау міндеттемелерін реттеу үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды (мәселен, сақтандыру шарты арқылы, залалдарды өтеу немесе жеткізушілердің кепілдіктері туралы келіссөздер) өтеуді күтуі мүмкін. Бағалау міндеттемелері әрбір есептік күнде қайта қаралуы және ағымдағы ең жақсы есептік бағалауды көрсету үшін түзетілуі тиіс. Міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болмаған жағдайда бағалау міндеттемелері жойылуы тиіс.
Бағалау міндеттемелері бастапқыда танылған шығындар бойынша ғана пайдалануы тиіс. Бағалау міндеттемелері мойындау және өлшеу бойынша жалпы талаптар сияқты үш ерекше жағдайда қолданылатынын түсіндіреді:
болашақ операциялық залалдар;
міндет жүктелген шарттар;
қайта құрылымдау.
Ұйымның міндет жүктелген шарты болған жағдайда осындай шарт бойынша ағымдағы міндеттеме бағалау міндеттемелері ретінде танылуы және өлшенуі тиіс. Міндет жүктелген келісім-шарт дегеніміз міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт.
Шартты міндеттемелер бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйымның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; міндеттеме сомасы жеткілікті сенімділікпен бағалана алмайтындықтан, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды. Ұйым шартты міндеттемені танымауға тиіс. Ұйым, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайларды қоспағанда, шартты міндеттемені ашуға тиіс. Шартты активтерті бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы ұйым толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды. Оған ұйым соттың қарауы арқылы ғана қанағаттанатын, нәтижесі белгісіз талап-арыз мысал бола алады. Ұйым шартты активті танымауға тиіс. Шартты актив экономикалық пайданың түсуі ықтимал болған жағдайда ғана ашылады.
Кіріс алу іс жүзінде күмәнсіз болса, онда қолданылып жүрген актив шартты актив болып табылмайды және оны мойындау орынды Бағалау міндеттемелері мөлшері бойынша не орындалу мерзімі бойынша белгісіз міндеттемені білдіреді. Міндеттеме - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды ұйымдан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған ұйымның ағымдағы міндеттемесі. Міндеттейтін оқиға - нәтижесінде ұйымда осы міндеттемені орындаудың нақты баламасы болмайтын заңды түрде немесе міндеттеменің практикасынан пайда болатын оқиға. Заңды міндеттеме - бұл:
шарттан (нақты немесе болжанған жағдайлар негізінде);
заңнама; немесе
заңның басқа да іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттеме.
Енгізілген міндеттеме - ұйымның іс-әрекеттерінен пайда болатын міндеттемелер, мұнда:
1) саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты ағымдағы мәлімдемемен жарияланған, бұрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан ұйым өзіне жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсетті; және
2) нәтижесінде ұйым өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген күтулермен тараптарға сендірді.
Шартты міндеттеме - бұл:
1) бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйымның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе
2) бұрынғы оқиғалардан туындайтындықтан, бірақ:
3) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе
4) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды.
Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы ұйым толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.
Міндет жүктелген шарт - бұл келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт.
Әдетте, барлық жағдайларда өткен оқиғаның ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына әсері анық болады. Сирек жағдайларда ғана, мәселен, сот қарауларында, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына белгілі бір оқиғалардың әсері болған-болмағандығы туралы пікір таластыруға болады. Мұндай жағдайда ұйым, мысалы, сарапшылардың пікірлерін қоса алғанда, барлық мәліметтерді назарға ала отырып, есептік күніне ағымдағы міндеттеменің болғандығын анықтайды. Қаралатын мәліметтерге есептік күнінен кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша деректер де кіреді. Осындай мәліметтер негізінде:
2) есептік күні ағымдағы міндеттеменің болу мүмкіндігі оның болмау мүмкіндігінен жоғары болған жағдайда, ұйым бағалау міндеттемесін таниды;
3)есепті күні ағымдағы міндеттеменің болуына ешқандай негіз жоқ болған жағдайда, ұйым экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады.
Бағалау міндеттемелері ретінде ұйымның болашақ іс-әрекеттеріне (яғни, өз ісін болашақта жүргізуге) тәуелсіз бұрынғы оқиғалардан пайда болған міндеттемелер ғана танылады. Осындай міндеттемелердің мысалы ретінде айыппұл немесе ұйымның болашақ іс-әрекеттеріне тәуелсіз міндеттемелерді реттеу кезінде экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруға әкеп соғатын қоршаған ортаның заңға қарсы ластануы нәтижесінде ауаны тазалауға кеткен шығындарды айтуға болады. Ұйым, сол сияқты, мұнай өңдеу немесе атом электр станциясы ғимараттарын жоюға кеткен шығындар бойынша бағалау міндеттемелерін таниды және ұйым үшін келтірілген зиянды жою міндет болып саналады. Осыған қарама-қарсы нарық конъюктурасының қысымымен немесе заң талаптарына байланысты ұйым болашақта белгілі бір түрде (мысалы, ұйымға белгілі бір түрдегі түтін фильтрлерін орнату) жұмыс істеу үшін шығын шығару қажет болуы мүмкін. Ұйым өз іс-әрекеттерімен болашақ шығындарды болдырмау үшін операцияларды жүргізу әдісін өзгерте отырып, осы болашақ шығындар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қабылдамауы мүмкін және ешқандай бағалау міндеттемелері мойындалмайды.
Міндеттеме әрқашан алдында міндеттемесі бар басқа тараптарды тартады. Осыған қарамастан, алдында міндеттемесі бар тарапты білу міндет емес, - бұл тұтастай бір қоғам болуы мүмкін. Міндеттеме басқа тараптың алдындағы міндет болғандықтан, басшылықтың немесе директорлар кеңесінің шешімі практикадан туындаған міндеттемелердің есептік күні пайда болуына әкелмейді, бұған осындай шешімге тап болатын тараптар бұл туралы есептік күніне дейін және барынша нақты нысанда ұйымның өз міндеттемелерін орындайтыны туралы негізделген күтулер тараптарда пайда болғандығы хабарланған жағдайлар қосылмайды. Міндеттеменің тез туындауына әкелмейтін оқиғаның басталуы міндеттеменің кейін, мысалы, заңнамаға өзгерістер немесе ұйымның іс-әрекеті (мысалы, нақты ашық мәлімдеме жасау) практикадан туындайтын міндеттемелерге әкелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, қоршаған ортаға зиян келтірілген кезде зардаптарды жою жөніндегі міндеттеме болмауы мүмкін. Алайда, жаңа заң бар зиянды жоюды талап еткен немесе ұйым өзіне ашық түрде қызмет бойынша туындайтын міндеттеме қалыптастыратын зиянды жоюға жауапкершілік қабылдаған жағдайларда зиян келтіру міндет жүктелген оқиға болады.
Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын ұйымдар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді.
Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады (3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»), (4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»).
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған төлемақы сомасына Дебет шот 1030, Kредит шот 3510, 4410.
Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлем ақы сомасына Дебет шот 3510, 4410, Kредит шот 1210.
Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған болса, бұл сома сатып алушыға қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы Дебет шот 3510, 4410, Kредит шот 1030.
3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал –ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.
Дивиденттер бойынша есеп айырысулар және болашақ кезеңдердің табыстарының есебі. Дивидендтер дегеніміз акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.
Дивидендтерді есептеген кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі: 5510, 5520 – есепті жылдың және бұрынғы жылдардың бөлінбеген табысы есебінен акция ұстаушыларға дивиденттер есептегенде 5410, 5460 – артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивидендтер сомасына, бөлінбеген табыстың болмауы немесе жетімсіздігі кезінде.
Акциялар бойынша дивидендтер төлемін көрсеткенде Дебет 3030, Kредит 1010, 1030 – дивидендтің заттай төлемінде.
Төлемнің қалыптасқан көзінен ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 «Жеке табыс салығы» шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.
3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шоты бойынша кредиттік айналымдар №9 журнал- ордерде бейнеленеді.
Ұйымның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі (жал төлемі немесе пәтерақы төлемі; коммуналдық қызметтер үшін төлемдер; жол билеттерін сатудан алынған табыстар; баспалық жазылымдарға жазылу құны; байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдер). Алдағы кезең табыстарының есебі 3520 және 4420 шоттарда жүргізіледі. Бұл шотта айлық және тоқсандық билеттер бойынша ұйымға алдын-ала төленген ақылары, автомобиль тасымалдары және басқалары үшін күні бұрын төленгені ескеріледі. Осындай төлемдер түскенде Дебет шот 1010, 1030, Kредит шот 3520, 4420.
Алдағы кезеңнің кірістерін есептегенде 1210, 1220, 1230, 1230 шоттар дебеттеледі және 3520, 4420 шот кредиттеледі.
Есепті айға жататын ертеректе алынған табыстар тізімі Дебет шот 3520, 4430, Kредит шот 6010, 6210, 6280 бойынша көрсетіледі.
Өткен жылдарда анықталған жетіспейтін ақша қарыздарының алдағы кездегі түсім қаражаттары сомасына: Дm шот 1250 Km шот 3520, 4420
Өткен жылдар ішінде анықталған жетпейтін ақша бойынша қарыздар үшін төлемдер түскенде: Дm шот 1010, 1030 Km шот 1250
Сонымен бір мезгілде тиісті сома 3520, 4420 шот дебетіне және 6010 шот кредиті бойынша жазылады. 3520, 4420 шоттарының кредиттік айналымдары №9 журнал –ордерде көрсетіледі.
