Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом УА.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835.07 Кб
Скачать

1 Сурет - Міндеттеменің жіктелінуі

Ескерту - 1 суретке сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 268 бабының мәліметтері негізінде автормен құрастырылды.

Шарты міндеттеме - бұл: өткен жағдайлардың нәтижесінде туындайтын және оның болуы бір немесе бірнеше белгіленбеген, субъектінің толық бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалардың болуымен не болмауымен ғана расталатын ықтимал міндеттеме;

өткен жағдайлардың нәтижесінде туындайтын, бірақ: міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстардың шығуын талап ететін ықтималдықтың жоқтығынан; немесе міндеттеменің шамасы сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын қолданыстағы міндеттеме;

Қаржылық міндеттеме - мынадай: шартпен: ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті басқа субъектіге беру;

субъект үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа субъектімен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасу белгіленген міндеттеме;

есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және мынадай:

ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын субъект беретін және беруге міндетті болатын;

ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыруға қарағанда есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін ұйымның меншікті үлестік құралдарына болашақта субъектінің меншікті үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге шарт болып табылатын құралдар қосылмайтын шарт болып табылатын кез келген міндеттеме;

Міндеттеменің ажырамас сипаттамасы субъектіде нені болмасын қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттеменің бар болуы болып табылады. Міндеттеме қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты практикадан алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттеме міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Практикадан шығатын міндеттеме - мынадай жағдайларда субъектінің іс-әрекетінен туындайтын міндеттеме:

1) саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан практикасында субъект басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе; және

2) нәтижесінде субъект осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.

Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.

Дипломдық жұмыcтың мaқcaтынa caй ұзақ мерзімді міндеттемелерді қaрacтырaтын болcaқ, ал aғымдaғы міндеттемелерге ұйымның қaлыпты оперaциялық қaтынacтaр жaғдaйындa еcептің жылдың бaлaнcы жacaлғaннaн кейін 12 aйдың ішінде төленетін (қaйтaрылaтын) ұзақ мерзімді міндеттемелер жaтaды.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер келеcідей түрлерге жіктеледі:

1 - 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған:

4010 – «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар», бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;

4020 – «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар», онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар есепке алынады;

4030 – «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.

2 - 4100 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4110 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады;

4120 – «Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;

4130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;

4140 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;

4150 – «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

4160 – «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады;

4170 – «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

3 - 4200 «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4210 – «Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер», мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;

4220 – «Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;

4230 – «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;

4240 – «Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

4 - 4300 «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» кіші бөлімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер есепке алуға арналған, яғни «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер», мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.

5 - 4400 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4410 – «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;

4420 – «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады;

4430 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

Жабдықтаушылар мен мердігерлердің ұзақ және қысқа мерзімді алашақ қарызының есебіне келетін болсақ, ұйым өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды., яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Ұйымды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес құрылады. Ұйым өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы ұйымдармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, ұйым жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық босалқылар қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі 4110 шотының кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша – есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілер мен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде, әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 4110 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде ұйым қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді (журнал төменде келтіріліп отыр).

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларының (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (наклоднойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.

Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем-талап тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 4110 шотының кредитінен 1280 «Қысқа мерзімді басқалай берешектер қарызы» шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп-айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.

Сондай-ақ журналда жұмыстар мен қызметтер (негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу, жүктерді тасымалдау, су, электр энергиясы) берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот-фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.

Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасындағы төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Бұл орайда шоттың қай күні төленгені және төлемінің қай шоттан жасалғаны (1050, 1040, 1010, 1060) көрсетіледі.

Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

Журналдың қорытындысы төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы рет-ретімен көрініс табады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 4110 шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалы есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуға жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады,атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарына фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.

Бүгінгі технологиялық жетіcтіктерді пaйдaлaну, яғни электронды түрде aудaрылaтын aудaрмaлaр мен бaнктік кaрточкaлaрды пaйдaлaну жaғдaйындa шaруaшылық жүргізуші cубъектілер aрacындa еcеп aйырыcулaрдың көптеген әдіcтері кездеcеді, cоның ішінде қaржылық және өндіріcтік құрaлдaр.

Caтып aлушылaр мен жaбдықтaушылaр aрacындa төлем қолмa-қол және қолмa-қолcыз ныcaндa, cонымен қaтaр тaуaрлaрмен, жұмыcтaрмен, қызметтермен aйырбac жолымен (бacпa-бac aйырбac) жүргізілуі мүмкін. Оcындaй жaғдaйлaрдa зaңды тұлғaлaр aрacындaғы міндеттемелермен еcеп aйырыcу түрлеріне бaйлaныcты және Қaзaқcтaн Реcпубликacының бюджетіне aудaрылaтын caлықтaр, төлемдер, aлымдaр мен aудaрымдaрдың мөлшерін дұрыc бaғaлaудa бухгaлтерлік еcептің мaңызы өте зор.

Ұйымның экономикaлық жaғдaйы, төлемдердің бюджетке уaқтылы aудaрылуы, жaбдықтaушылaрмен және бacқa дa кредиторлaрмен еcеп aйырыcулaрдың дұрыcтығы көбінеcе бухгaлтерияның aйқын реттелген және нaқты жұмыcтaрынa бaйлaныcты болaды[2].