- •1 Ұйымның міндеттемелерінің экономикaлық негізі және шaруaшылық қызметінің cипaттaмacы
- •1.1 Міндеттемелерді жіктеу және оның қaлыптacу көздері
- •1 Сурет - Міндеттеменің жіктелінуі
- •1.2 «Автолайн CarTrans» жшc қызметінің экономикaлық cипaттaмacы мен қaржылық көрcеткіштерін тaлдaу
- •2 Сурет - Cеріктеcтіктің қызметінің aлгоритмі
- •3 Сурет - Ұйымның aктивтерінің үлеcтік құрылымы
- •4 Сурет - Міндеттемелер құрылымдық сызбасы
- •1.3 «Автолайн CarTrans» жшc еcеп caяcaты
- •5 Сурет - Ұйым құрылымы
- •2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер еcебін ұйымдacтыру
- •2.1 Ұзақ мерзімді қaржылық міндеттемелер еcебі
- •2.2 Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер еcебі
- •2.3 Ұзақ мерзімді бағалау және өзге де міндеттемелерінің есебі
- •2.4 Жал бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
- •3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерді талдау
- •3.1 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы мен мәні
- •3.2 Ұйымның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен несиеқабілеттілігін талдау
- •6 Сурет - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер
- •11 Кесте - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын коэффициенттер
- •3.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер еcебі мен талдауын жетілдіру шaрaлaры
- •Қорытынды
- •Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
- •Қосымшалар
11 Кесте - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын коэффициенттер
Көрсеткіш атауы |
Не сипаттайды |
Есептеу әдісі |
Көрсеткіштің интерпретациясы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті (К фн) |
Валюта балансындағы меншікті капиталдың үлесі |
Мұндағы СК- меншікті капитал; ВБ-валюта балансы |
Көрсеткіштің ұсынылатын мәні 0,5-тен жоғары. Жоғарылауы ұйымның сыртқы көздерден қаржылық тәуелсіздігінің күшейгенін көрсетеді |
|
|
|
11 кестенің жалғасы
|
2.Қарыздық (берешек) коэффициенті (К з) |
Тартылған және меншікті қаражаттар арасындағықатынас |
|
Көрсеткіштің ұсынылатын мәні – 0,67 |
3.Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті (К сф) |
Меншікті және тартылған қаражаттарының арасындағы қатынас |
мұндағы СК – меншікті капитал; ЗК – тартылған капитал |
Ұсынылатын
мәні
|
4. Меншікті айналым қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті (К о) |
Меншікті айналым қаражатының айналым активтеріндегі үлесі
|
мұндағы СОС – меншікті айналым қаражаты; ОА - айналым активтері |
Көрсеткіштің
ұсынылатын мәні
|
5.Маневренттілік коэффициенті (К м) |
Меншікті айналым қаражатының меншікті капиталдағы үлесі |
мұндағы СОС – меншікті айналым қаражаты; СК – меншікті капитал |
Ұсынылатын мәні 0,2-0,5. Көрсеткіштің мәні жоғары шекке неғұрлым жоғары болса, ұйымның маневр үшін қаржылық мүмкіндігі де жоғары |
6.Қаржылық қуаттылық коэффициенті (К ф напр) |
Қарыз қаражатының қарыз алушының валюта балансындағы үлесі |
мұндағы ЗК – тартылған капитал; ВБ – қарыз алушының валюта балансы |
0,5-тен жоғары болмауы керек. Жоғарғы шектен асуы ұйымның сыртқы қаржыландыру көздерге тәуелділігін куәландырады |
7.Мобильды және мобильсіз активтерінің қатынасының коэффициенті (К с) |
Айналым активтерінің әр теңгесіне неше айналымнан тыс активтер келеді
|
мұндағы ОА- айналым активтері; ВОА – айналымнан тыс активтері |
Әр ұйымға жеке дара. Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым айналым активтеріне көбірек қаражат авансталады |
8.Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті (К ипн) |
Ұйым активтеріндегі өндірістік мақсаттағы мүліктің үлесі
|
мұндағы ВОА- айналымнан тыс активтер; З-қорлар; А- активтердің жалпы көлемі |
|
Ескерту – [11] әдебиет көзінен алынған |
|||
Ұйым көп жағдайда, өзінің ақша қаражатына деген қосымша қажеттілігін жабу үшін коммерциялық бактердің қызметіне жүгінеді. Несие келісімі екі жақтын өзара түсінісушілігін қарастырады, яғни кредитор (банк) және қарыз алушы (клиент). Кредитор (қарыз беруші) қарыз алушыға келісім объектісін - төлемділік, қайтарымдылық, үнемділік және қамтамасыздарушылық шартымен ссудалық құнды (несиені) береді, және сонымен қатар келісімнің объектісінің меншік иесі болып қала береді.
Әр несие келісімінде белгілі бір тәуекелділік бар: ссудалық құнның қайтарылмауы, ссуда бойынша пайыздың төленбеуі, пайызды төлеу мерзімінің бұзылуы. Мұндай тәуекелділіктің бар болуы және оның көптеген факторларға тәуелділігі банктің көрсеткіштерді таңдауын қажет етеді, және оның көмегімен клиенттің несие келісіміндегі шарттарды орындау ықтималдылығын бағалауға болады.
Ұйымның несие қабілеттілігі - бұл оның қарыздық міндеттемелері бойынша банкпен уақытылы әрі толық есептесу мүмкіндігі. Несие қабілеттілік клиенттің қалыптасқан қаржылық жағдайын сипаттайды, ал оның жұмысының тиімділігі мен несиені белгіленген мерзімде өтеу мүмкіндігі туралы банкке дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ақша капиталының кредитордан қарыз алушыға орын ауыстыруы өз кезегінде заңнамалық келісімді көрсетеді. Несие келісімінің нәтижесінде банк берілген ссуда орнына сәйкес ақша қаражатының эквивалентін алмайды. Банктің тек ссудалық құнға ғана құқығы болады немесе несиені қамтамасыз ететін материалдық құндылыққа кепілдік құқығын иеленеді. Несие келісімі орындалмаған жағдайда банк кепіл мүлігін өткізу құқығын пайдаланып, кепіл мүлікті сатып, түскен ақша қаражатты несиені өтеуге жұмсайды. Бірақ бұл тек құқықпен хабары бар қарыз алушымен несие келісімі жасалған жағдайда мүмкін. Яғни құқықпен хабардар болу ұйымның несие қабілеттілігінде маңызды элемент болып табылады.
Сонымен қатар клиенттің іскерлік беделі мен оның тауар және қаржы нарығындағы жағдайын танып алу қажет. Ұйымның несие қабулеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер жиыны талдаудың мақсаты мен тапсырмасына, несиелендіру мерзіміне, банк пен несие алушының несиелік қатынас жағдайына байланысты. Клиенттің несие қабілеттілігінің анықтамасы несие беру туралы негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды толық әрі сапалы бағалауды, сонымен қатар қарыз алушымен несие қатынастарын жалғастыруының мақсатсыздығын білдіреді.
Несиелендіру шартын талдау үшін келесілерді білу қажет:
Клиенттің «салиқалдылығы» (солидарность), яғни бұрын алынған несие бойынша уақытында есептесуі;
Қарыз алушының бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндігі;
Оның пайдалылығы (табыстылығы);
Қаржы тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі және баланс өтімділігі;
Мүлікті пайдалану тиімділігі;
Сұралған несиенің мақсаты;
Клиенттің баланс өтімділігін ескергендегі несие көлемі;
Несиені кепілдік құқығы арқылы өтеу және кепілдік мүлігін өткізу;
Қарыз алушының активтерімен, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды қосқанда, несиені өтеу.
Клиенттің несие қабілеттілігін анықтау үшін таңдалынып алынған бағалау көрсеткіштерінің критерилік деңгейі мен олардың рейтингін бекітіп алу қажет. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің рейтингісін анықтаған соң несие беру шарты (ссуда көлемі, несие мерзімі, қамтамасыз ету нысаны, пайыз ставкасы) анықталады. Клиенттің несие қабілеттілігі 3-5 топқа бөлінеді. Орта шама деңгейіндегі критерилік көрсеткіштері қарыз алушыны екінші топқа жатқызуды негіздейді, орта шамадан жоғары болса – бірінші топ, ал орта шамадан төмен болса – үшінші топқа жатады. Көрсеткіштің маңызы мен рейтингісі әр қарыз алушыға жеке бекітіледі. Мысалы, несие ресурстарының үлкен бөлігі баланстың пассивінде, банк ссудасы бойынша мерзімі ұзартылған қарыздың бар болуы өтімділік коэффициенттерінің ролін көтереді. Клиентті қайта несиелеу жалпы өтімділік коэффициент деңгейін бірінші орынға шығарады.
Несие қабілеттілікті жалпы бағалау баллмен жүргізіледі. Олар жүргізілген рейтинг сомасын әр көрсеткіштің несие қабілеттілік тобына жатқызуды білдіреді.
12 кесте - Қарыз алушының несие қабілеттілік таптары
Коэффициенттер |
Таптар |
||
1 |
2 |
3 |
|
1. Абсолютті өтімділік |
0,2 жоғары |
0,15-0,2 |
0,15 төмен |
2. Ағымдағы өтімділік |
0,8 жоғары |
0,5-0,8 |
0,5 төмен |
3. Жалпы өтімділік |
2,0 жоғары |
1,0-2,0 |
1,0 төмен |
|
|
|
|
4. Қаржылық тәуелсіздік |
0,6 жоғары |
0,5-0,6 |
0,5 төмен |
Ескерту - ұйым көрcеткіштері көзінен алынған |
|||
Қарыз алушының бірінші табына 100 ден 150 баллға дейін беріледі; екінші тапқа 151 ден 250 баллға дейін, үшінші тапқа – 251 баллдан жоғары. Ұйымның несие қабілеттілігінің әр табы үшін банк өз несие қатынастарын әртүрлі құрайды. Қарыз алушылардың бірінші табына банктер несие сызығын ашып, сенімділік несиесін пайызын төмендетпей-ақ беруі мүмкін. Қарыз алушылардың екінші табын несиелеу қалыпты шарттармен, яғни қамтамасыз етудің сәйкес формасы (мүлік кепілдігі, кепілдік несиені өтей алмау тәуекелділігін сақтандыру) болған жағдайда жүргізіледі. Пайыз ставкасы қамтамасыз ету түріне, ссудалық капитал нарығындағы несиеге сұраныс және басқа факторларға байланысты. Үшінші таптағы қарыз алушыға несие ұсыну банк үшін төлемей қалудың үлкен тәуекелділігімен байланысты. Егер банк үшінші таптағы қарыз алушыға ссуданы беремін деп шешсе, онда оның көлемі оның жарғылық капитал көлемінен аспауы керек. Несиеге пайыз ставкасы екінші таптағы қарыз алушыларға қарағанда үлкен деңгейде бекітіледі.
