Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом УА.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835.07 Кб
Скачать

3.2 Ұйымның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен несиеқабілеттілігін талдау

Ұйымның қаржылық жағдайын талдауда маңызды тапсырмалардың бірі оның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау ұйымның меншікті және қарыз қаражаттарын қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының тиімді қалыптасуы мен пайдалануымен меншікті капитал қаржы ресурстарына ең алдымен таза (бөлінбеген) пайда мен амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі көрініс табады. Төлем қабілеттілік – бұл ұйымның коммерциялық, несиелік және төлем түріндегі басқа операцияларынан туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігі.

Ұйымның қанағаттанарлық төлем қабілеттілігі келесідей параметрлермен расталады:

  • Есептік, валюталық және банктің басқа шоттарында бос ақша қаражаттарының болуы;

  • Жабдықтаушылардың, персоналдың, бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың және басқа кредиторлардың алдында ұзақ мерзімді мерзімі ұзартылған қарыздың болмауы;

  • Меншікті айналым қаражатының (таза айналым капиталының) болуы.

Полотно 14

6 Сурет - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер

Ескерту – 6 сурет қаржылық есептілік мәліметтері негізінде автормен құрастырылды.

Төмен төлем қабілеттілік кездейсоқ, уақытша, ұзақ мерзімді немесе созылмалы болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді төмен төлем қабілеттілік ұйымды дағдарысқа алып келуі мүмкін.

Қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы типі ұйымның негізінен қаржыландырудың меншікті қайнар көзі негізінде даму қабілеттілігі. Бұл үшін ол қаржылық ресурстардың икемді құрылымы мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігіне ие болуы, яғни несие қабілетті болуы қажет. Ұйым несие қабілетті болып саналады, егер меншікті қаржы ресурстар негізінде кредиторға алынған ссуданы уақытында қайтару қабілеттігі болса.

Қаржы тұрақтылығын сақтап қалуы үшін ұйымға тек пайда көлемінің өсуі ғана емес сонымен қатар оның деңгейінің салынған капиталға қатысты өсуі де, яғни рентабельділік де қажет.

Ұйымның қаржы тұрақтылығы – бұл кәсіпкерлік тәуекелділіктің ең төменгі деңгейінде төлем қабілеттілік пен несие қабілеттілікті сақтай отырып меншікті қаражат негізінде ұйымның дамуын қамтамасыз ететін ұйымның ақша ресурстарының жағдайы.

Ұйымның қаржы тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді:

  • Тауар және қаржы нарығындағы ұйымның жағдайы;

  • Сұранысы бар және бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен өткізу;

  • Іскерлік бірлестіктегі ұйымның рейтингі;

  • Сыртқы несиегерлер мен инвесторларға ұйымның тәуелділік деңгейі;

  • Төлем қабілетсіз дебиторлардың болуы;

  • Өндіріс шығындарының көлемі мен құрылымы, олардың ақшалай кірістерге қатынасы;

  • Төленген жарғылық капитал көлемі;

  • Коммерциялық және қаржылық операциялардың тиімділігі;

  • Мүліктік потенциалдың жағдайы;

  • Қаржы менеджерлерінің қаржылық дайындық деңгейі.

Өндірістік процесс кезінде ұйымда үнемі тауарлы-материалды құндылықтар қоры толықтырылып отырады. Бұл мақсатқа қалай меншікті айналым қаражаты пайдаланылса, солай қарыз қайнар көздері де пайдаланылады. Қорларды қалыптастыру үшін қаражаттардың болуын анықтағанда қаржылық тұрақтылықтын абсолютті көрсеткіштері анықталады.

Қорларды (босалқыларды) қалыптастыруда қайнар көздің (меншікті қаражат, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер мен займдар). Әр түрін анығырақ көрсету үшін көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

  1. Ағымдағы кезең соңында меншікті айналым қаражатының болуы келесі (2) формуламен анықталады:

(2)

мұндағы СОС – ағымдағы кезең соңындағы меншікті айналым қаражаты (таза айналым капиталы)

СК – меншікті капитал

ВОА – айналымнан тыс активтер

  1. Босалқыларды қаржыландырудың меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қайнар көздерінің бар болуы келесі (3) формуламен анықталады:

Немесе (3)

мұндағы ДКЗ – ұзақ мерзімді несиелер мен займдар

  1. Босалқыларды қалыптастырудың негізгі қайнар көздерінің жалпы көлемі:

(4)

мұндағы ККЗ – қысқа мерзімді несиелер және займдар

Нәтижесінде қаржыландырудың көзімен қамтамасыз етілген 3 көрсеткішті анықтауға болады:

  1. Меншікті айналым қаражаттарының артық болуы (+), жетіспеуі (-)

(5)

мұндағы - меншікті айналым қаражатының артық болуы

З – қорлар (босалқылар)

  1. Босалқыларды қаржыландырудың меншікті және ұзақ мерзімді қайнар көзінің артық болуы (+), жетіспеуі (-)

(6)

  1. Босалқыларды жабудың негізгі қайнар көздерінің жалпы көлемінің артық болуы (+), жетіспеуі (-)

(7)

Бұл босалқыларды қамтамасыз ету көрсеткіштерін үшфакторлық модель түрінде көрсетуге болады:

(8)

Бұл модель ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайды. Тәжірибеде қаржы тұрақтылығының 4 типі кездеседі.

10 кесте - Ұйымның қаржы тұрақтылығының типі

Қаржылық тұрақтылықтың типтері

Модель

Босалқыларды қаржыландырудың көздері

Қаржы тұрақтылығына қысқаша сипаттама

1.Абсолютті қаржы тұрақтылығы

М=(1;1;1)

Меншікті айналым қаражаттары (таза айналым капиталы)

Ұйымның төлем қабілеттілігі жоғары. Ұйым сыртқы кредиторларға тәуелсіз

2.Қаржы тұрақтылығы қалыпты

М=(0;1;1)

Меншікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар

Ұйымның төлем қабілеттілігі қалыпты. Қарыз қаражаттарының тиімді пайдаланады. Ағымдағы қызметтің табыстылығы жоғары

3. Қаржылық жағдайы тұрақсыз

М=(0;0;1)

Мешікті айналым қаражаттары+ұзақ мерзімді несиелер мен займдар+қысқа мерзімді несиелер мен займдар

Қалыпты төлем қабілеттілігі бұзылған. Ұйымға қаржыландырудың қосымша көздерін тарту қажет. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік бар

4.Ұйымның қаржылық жағдайы дағдарысты

М=(0;0;0)

-

Ұйым толығымен төлем қабілетсіз және банкротқа ұшырау қаупі бар

Ескерту - ұйым көрcеткіштері негізінде құрacтырылғaн

Қаржы тұрақтылығының бірінші типін (9) формула түрінде көрсетуге болады:

(9)

Абсолютті қаржы тұрақтылығы (М1) біздің елде сирек кездеседі.

Қаржы тұрақтылығының екінші типін келесі (10) формуламен көрсетуге болады:

(10)

Қалыпты қаржы тұрақтылығы ұйымның қаржылық міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді.

Үшінші тип (тұрақсыз қаржылық жағдай) келесі (11) формуламен сипатталады:

(11)

Төртінші типті (дағдарысты қаржылық жағдай) келесі түрде көрсетуге болады:

(12)

Мұндай жағдайда ұйым толығымен төлем қабілетсіз болып, банкроттыққа ұшырау қаупі туады, себебі айналым активтерінің, шешуші элементі «босалқылар» (запасы) қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген.

Тұрақсыз қаржылық жағдайындағы ұйымның төлем қабілеттілігін жақсартудың негізгі жолдары:

  • Меншікті капиталды көбейту;

  • Айналымнан тыс активтерді қысқарту (қолданылмайтын негізгі құралдарды сату немесе жалға беру арқылы);

  • Материалды-өндірістік босалқылар көлемін оңтайлы деңгейге дейін қысқарту (ағымдағы және сақтандырылған босалқылар көлеміне дейін).

Қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері ұйымның сыртқы инвесторлар мен кредиторларға тәуелділік деңгейін сипаттайды. Ұйым иелері қаржы көздерінің жалпы көлемінде меншікті капиталды жоғарылату мен қарыз қаражатын төмендетуге мүдделі. Қарыз алушының қаржы тұрақтылығын кредиторлар меншікті капитал көлемі мен банкроттық болдырмау ықтималдығымен бағалайды.

Ұйымның қаржы тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесі арқылы сипатталынуы мүмкін. Оларды есептеудің ақпараттық базасы бухгалтерлік баланстың актив және пассив статьялары болып табылады.