- •1 Ұйымның міндеттемелерінің экономикaлық негізі және шaруaшылық қызметінің cипaттaмacы
- •1.1 Міндеттемелерді жіктеу және оның қaлыптacу көздері
- •1 Сурет - Міндеттеменің жіктелінуі
- •1.2 «Автолайн CarTrans» жшc қызметінің экономикaлық cипaттaмacы мен қaржылық көрcеткіштерін тaлдaу
- •2 Сурет - Cеріктеcтіктің қызметінің aлгоритмі
- •3 Сурет - Ұйымның aктивтерінің үлеcтік құрылымы
- •4 Сурет - Міндеттемелер құрылымдық сызбасы
- •1.3 «Автолайн CarTrans» жшc еcеп caяcaты
- •5 Сурет - Ұйым құрылымы
- •2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер еcебін ұйымдacтыру
- •2.1 Ұзақ мерзімді қaржылық міндеттемелер еcебі
- •2.2 Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер еcебі
- •2.3 Ұзақ мерзімді бағалау және өзге де міндеттемелерінің есебі
- •2.4 Жал бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
- •3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерді талдау
- •3.1 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы мен мәні
- •3.2 Ұйымның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен несиеқабілеттілігін талдау
- •6 Сурет - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер
- •11 Кесте - Ұйымның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын коэффициенттер
- •3.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер еcебі мен талдауын жетілдіру шaрaлaры
- •Қорытынды
- •Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
- •Қосымшалар
3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерді талдау
3.1 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы мен мәні
Ұйымның қаржылық жағдайы әртүрлі факторларға тәуелді болатын құралдардың орналасуымен және құрамымен, олардың көздерінің құрылымымен (ұйымның тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі), капитал айналымының жылдамдығымен, ұйымның өз міндеттемелерін уақытында және толығымен өтеу қабілетімен (басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастар) сипатталатын кешенді түсінік болып табылады. Яғни қаржылық жағдай ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілетімен түсіндіріледі. Бұл – оның активтілігінің және сенімділігінің маңызды сипаттамасы.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және кризисті болуы мүмкін. Ұйымның төлемдерді уақытында жүзеге асыру, өз қызметін кеңейтілген негізде қаржыландыру қабілеті оның жақсы қаржылық жағдайы жайында көрсетеді. Яғни тұрақты жағдайдың негізі мен ұйымның өмір сүру кепілі болып оның тұрақтылығы табылады. Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайы өзінен-өзі пайда болмайды, бұл – ұйым қызметінің нәтижелерін анықтайтын өндірістік және шаруашылық факторлардың жиынтығын дұрыс басқарудың нәтижесі. Бұдан тұрақтылыққа ішкі және сыртқы факторлар сияқты түрлі себептер әсер ететінін айтуға болады:
сұранысы жоғары, бағасы төмен өнім шығару;
ұйымның тауар нарығындағы тұрақты жағдайы;
алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану мен өндірістің жоғары материалдық-техникалық жабдықталуы;
серіктестермен экономикалық қатынастардың тұрақтылығы
шаруашылық және қаржылық операциялардың тиімділігі мен құралдар айналымының ырғақтылығы;
қаржылық және өндірістік қызметті жүзеге асыру процесінде тәуекелдің төмен деңгейі.
Себептердің бұндай түрлілігі тұрақтылықтың әртүрлі шектерін шарттастырады. Ұйымға байланысты тұрақтылық жалпы, қаржылық және бағалық болуы мүмкін. Ал оған әсер ететін факторларға байланысты ол сыртқы және ішкі болып бөлінуі мүмкін.
Ұйымның ішкі тұрақтылығы – бұл ұйымның оның қызметінің тұрақты жоғары нәтижесін қамтамасыз ететін динамикасы. Ішкі тұрақтылыққа қол жеткізу негізінде сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруіне активті әсерлесу принципі жатыр.
Сонымен қатар мұрагерлік деп аталатын тұрақтылықты да бөледі, ол ұйымды жағымсыз факторлардан сақтайтын белгілі беріктік запасының болуымен анықталады.
Нарықтық жағдайда ұйымның жалпы тұрақтылығы, ең алдымен, мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, қызметкерлермен есеп айырысу үшін, өз мөлшері бойынша жеткілікті пайданың тұрақты түсуін талап етеді. Сонымен қатар әр есеп айырысуды және барлық міндеттемелерді жүзеге асырғаннан кейін өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға, әлеуметтік ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін пайданың бар болуы ұйымның дамуы үшін өте қажет. Басқа сөзбен айтқанда, ұйымның жалпы тұрақтылығы түскен құралдардың (табыстың) шығыстардан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын білдіреді.
Қаржылық тұрақтылық ұйымдағы табыстың шығыстан артуының өзіндік әйнегі болып табылады. Ол ақшалай құралдарды тиімді пайдалану жолымен өндірістік процестің тұрақтылығын және өнімнің өткізілуін қамтамасыз ете алатын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Сондықтан нарыққа көшу жағдайында ұйым тұрақтылығының шекараларын анықтау ең маңызды экономикалық мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, қаржылық тұрақтылық ұйым дамуының қажеттіліктеріне жауап бере алатын және нарықтың шарттарына сәйкес болатын қаржылық ресурстардың жағдайымен сипатталуы керек. Бұдан қаржылық тұрақтылық ұйымның жалпы тұрақтылығының басты компоненті деп айтуға болады /5: 83 б./.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қаржылық ресурстардың пайда болуымен, бөлінуімен және қолданылуымен бейнеленетін қаржылық жағдайды талдау қажет.
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін ең алдымен ақшалай құралдардың қозғалысын анықтайтын шарттарды бағалу керек: ақшалай құралдардың ұйымда бар болуы, шығындардың көлемі мен бағыттары, ақшалай шығындардың меншікті ресурстармен қамтамасыз етілуі, ұйымда бар резервтер, т.б.
Жағымды қаржылық жағдай кезінде ұйым тұрақты төлемқабілетті, ал жағымсыз қаржылық жағдайда периодты немесе тұрақты төлемқабілетсіз болып саналады.
Төлем қабілеттіліктің мазмұны тек бірінші көзқараста ұйымның міндеттемелерін жабуға қажетті бос ақша құралдарының бар болуынмен байланыстырылады. Көптеген жағдайларда қарыз міндеттемелерімен есептесу үшін қажетті бос ақша құралдарының жеткіліксіздігі кезінде ұйымдар өз меншігінің белгілі бір бөлігін тез сату жолымен түскен ақшаны қарызды жабуға жұмсауға мүмкіндігі бар болса, олар өз төлемқабілеттілігін сақтап қала алады. Басқа ұйымдарда ақшалай құралдарға тез айнала алатын активтердің жоқтығынан сондай мүмкіндік болмайды. Ұйым активтерінің кейбір түрлері ақшаға тез, ал басқалары баяу айналатындықтан, оларды ликвидтілік дәрежесі бойынша топтау керек, яғни ақшалай құралдарға айналу қабілетіне байланысты.
Төлем қабілеттілікті анықтау үшін ұйымдар көбінесе оның балансын қолданады. Баланстың ликвидтілігін талдау ликвидтілік дәрежесі бойынша топталған актив бойынша құралдар мөлшерін өтеу мерзімі бойынша топталған пассив бойынша міндеттемелер сомасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Баланс активтері мен пассивтерін жіктеу және оларды сәйкестендіру баланс ликвидтілігіне баға беруге мүмкіндік береді. Мұндағы ликвидтілік өзімен міндеттемелерді жабу мерзімі құралдардың ақшаға айналу мерзіміне сәйкес келетін активтермен ұйым міндеттемелерінің өтелу дәрежесін бейнелейді.
Ұйым тұрақтылығының жоғарғы нысаны болып өзгермелі сыртқы және ішкі ортада одан әрі даму қабілеті табылады. Ол үшін ұйым қаржылық ресурстардың икемді құрылымына және қажетті жағдайда қарыз құралдарын тарту мүмкіндігіне, яғни несие өтеушілік қабілетіне ие болу керек. Ұйым өзінің пайдасы және басқа қаржылық ресурстары есебінен уақытында қарызды қайтару және несие бойынша сыйақыны төлеу мүмкіндігіне ие болғанда несиеге қабілетті болып саналады.
Несиені өтеушілік қабілеті ұйымның төлемқабілеттілігімен тығыз байланысты. Ол ұйымның алдағы кезде алынған несиені өтеуге, керек кезінде басқа көздерден ақшалай құралдарды ала алатынына қаншалықты қабілетті болғандығымен сипатталады. Бірақ несие өтеушілік қабілетінің ең басты анықталуы – бұл ұйымның ағымдық қаржылық жағдайы мен оның мүмкін болатын перспективті өзгеруі. Ұйымның рентабельділік деңгейі төмендегенде оның несие өтеушілік қабілеті де төмендейді. Рентабельділіктің төмендеуіне байланысты ұйымның қаржылық жағдайынының өзгеруі ақшалай құралдардың жетіспеушілігі салдарынан ликвидтіліктің және төлемқабілеттіліктің төмендеуі сияқты жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Ақшалай құралдар дағдарысының пайда болуы ұйымды «техникалық төлемқабілетсіз» жағдайына апарады. Бұл банкроттықа әкелетін бірінші қадам ретінде қарастырылып, несие берушілер үшін сәкес құқықтық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға себепші болады.
Жоғарыда келтірілгендердің барлығы қаржылық тұрақтылықты кешенді түсінік ретінде қарастыруды талап етеді. Бұл түсінік тәуекелдің ұйғарымды деңгейі жағдайында несие өтушілік қабілеті мен төлемқабілеттілікті сақтаумен қатер табыс пен капитал өсуі негізінде ұйымның дамуын қамтамасыз етеді.
Бұдан шығатыны – төлемқабілеттілік өндірістік-шаруашылық, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеті нәтижелеріне, яғни жалпы шаруашылық активтілігіне тәуелді болады:
өндірістік жоспарларды жүзеге асыруға;
табыстың артуына және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне;
құралдардың орналасуы, қалпы және пайда болу көздеріне;
өндіріс тиімділігің өсіміне;
жабдықтаушылармен, сатып алушылармен қатынастардың жақсаруына, есеп-айырысу және өткізу процесстерінің оңтайлануына.
Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті орындалып жатса, бұл ұйымның қаржалық жағдайына жағымды әсер етеді. Ал өндірістік жоспардың және өткізудің орындалмауы нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының өсуі, табыстың кемуі, ұйымның қаржылық жағдайының және төлемқабілеттілігінің бәсеңдеуі байқалады.
Тұрақты қаржылық жағдай өз алдына өндірістік жоспарларды орындау мен өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге жағымды әсер етеді. Сондықтан қаржылық іс-әрекет ақшалай ресурстардың жүйелі түсуі мен шығуын қамтамасыз етуге, есептесу тәртібін орындауға, меншікті және қарыз капилаты арасындағы тиімді пропорцияларға және оның неғұрлым тиімді пайдалануына қол жеткізуге бағытталады. Қаржылық іс-әрекеттің басты мақсаты – максималды табыс алу мен өндірістінң тиімді дамуы үшін қаржылық ресурстарды қайда, қашан және қалай қолдануды шешу.
Сондықтан, фирманы басқару тұрғысынан төлемқабілетсіздіктің екі негізгі себебі бар: нарық талаптарының жеткіліксіз есебі (ұсынылған ассортимент, тауар сапасы, бағасы бойынша) және ұйым тәуекелді бұрыс есептеуі, салмақты қателерді жасауы, көп міндеттемелерді өзіне алуы нәтижесінде ұйымның қанағатсыз басқарылуы.
Қанағатсыз қаржылық жағдай қаржыларды тиімсіз орныластырумен, жағымсыз төлем дайындығымен, бюджет пен жабдықтаушылар алдындағы мерзімі өткен берешекпен, өндірістегі жағымсыз тенденциялармен шарттастырылған нақты және әлуетті қаржылық базаның тұрақсыздығымен сипатталады. Фирманың қаржылық жағдайы қаржылардың қанағаттанарлық көрсеткіштерімен қатар өндірістік және шаруашылық қызметке жағымсыз әсер ететін белгілері орын алғанда қауыртты болады.
Ұйымның төлем қабілеттілігі оның несиеге қабілеттілігімен тығыз байланысты болады. Ұйымның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттілік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) ұйымның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.
Талдаудың келесі кезеңі несиеге қабілеттілігін айқындау болып табылады.
Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен ұйымға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несиелік-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.
Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірісітің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әртүрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.
Несиелік шартта мыналар міндетті түрде қарастырыларды:
- несиенің объектілері;
- қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты;
- қарызды беру шарттары және өтеу мерзімдері, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына әсері;
- қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;
- қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);
- материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының нормативі;
- несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;
- құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.
Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді – бір жылдан асатын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол ұйымның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа ұйым күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісіті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы енгізуге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған ұйымның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы ұйымға және ұйымдарға меншікті айналым қаражаттарын толтыруға бөлінетін несиелерді беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы №19 қаулысына сәйкес, ұзақ мерзімді несиелердің бөлігін ағымдағы активтерді сатып алуға бағыттау қарастырылған.
Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасы 1994 жылы 11 ақпанда бекіткен №1 Қазақстан Республикасының экономикасының қысқа мерзімді несиелеу ережелерін сақтау негізінде несиелеудің іріленген объектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі.
Несиелеудің объектілері:
тауарларды экспорттық және импорттық жеткізушілер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;
жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;
ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;
театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.
Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу объектісі болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді емес себептерге байланысты кешіктірілген дайын өнімдер бола алады:
өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;
оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді тиеп жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытында бермеуі;
келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтату.
Тауарлы-материалдық құндалақтар мен шығындар несиелеуге қалдық баланстық, бірақ жоспарланғаннан жоғары емес құнымен қабылданады.
Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттіліг мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және бан пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).
