Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_516.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763.9 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. ’’Ата жұрты бұқара,

Өз қолында болмаса

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп...’’ Асан қайғының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Көлде жүрген қоңыр қаз’’.

B) ’’Еділ бол да, Жайық бол’’.

C) ’’Қырында киік жайлаған’’.

D) ’’Бұл заманда не ғаріп’’.

E) ’’Айналасын жер тұтқан’’.

2. Абайдың Семей кітапханасында танысқан досының атын белгілеңіз.

A) Герцен.

B) Некрасов.

C) Байрон.

D) Гете.

E) Михаэлис.

3. Ақыл, қайрат, жүректің ғылымға келіп жүгінгенін сипаттайтын Абай қарасөзін табыңыз.

A) Оныншы.

B) Он төртінші.

C) Он жетінші.

D) Он сегізінші.

E) Он бесінші.

4. «Қартқожа» романындағы «Қысқасы, ол – тірі пендеге зәбірі жоқ, құдай деген қоңыр адам» деген мінездеменің кімге тән екендігін анықтаңыз.

A) Қаржасбайға.

B) Қартқожаға.

C) Шідербайға.

D) Жұманға.

E) Жұматқа.

5. Абайдың ең жақын досын табыңыз (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы)

A) Сүйіндік.

B) Құлыншақ.

C) Ербол.

D) Байдалы.

E) Жиренше.

6. Ә.Нұрпейісовтің ²Қан мен тер² романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз.

A) Арал балықшыларының өмірі.

B) Жайық өңірі балықшылары.

C) Каспий балықшыларының тұрмысы.

D) Алакөл балықшыларының тіршілігі.

E) Балқаш балықшыларының жағдайы.

7. "Құдатғу біліг" дастанының авторын табыңыз.

A) Махмұт Қашқари.

B) Жүсіп Баласағұн.

C) Сүлеймен Бақырғани.

D) Хорезми.

E) Ахмет Иүгінеки.

8. «Заманым өтті басымнан,

Дәуренім өтті басымнан.

Бұл не деген іс болды?

Көлінен кеткен құс болдым».

Қандай жырда айтылғанын белгілеңіз.

A) Жоқтау.

B) Қоштасу.

C) Сыңсу.

D) Тойбастар.

E) Беташар.

9. ’’Омарқұл мен Табия’’ айтысында сөз болатын мәселенің не екенін белгілеңіз.

A) Қыз бен жігіт арасындағы көңіл.

B) Туған жер мәселесі.

C) Ел бірлігі.

D) Адамгершілік.

E) Достық мәселесі.

10. "Таулардан өзен ағар сарқыраған" деп басталатын жаз көркін суреттеген өлең кімдікі екенін көрсетіңіз.

A) Абай Құнанбаев.

B) Ыбырай Алтынсарин.

C) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

D) Мағжан Жұмабаев.

E) Сәбит Дөнентаев.

11. Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі бас кейіпкер жігітті табыңыз.

A) Құрымбай.

B) Мейрам.

C) Еркебұлан.

D) Ахмет.

E) Әбдірахман.

12. Жамбыл Мәскеу қаласына қай жылы тұңғыш рет барғанын анықтаңыз.

A) 1931 ж.

B) 1940 ж.

C) 1934 ж.

D) 1936 ж.

E) 1937 ж.

13. «Сыпайы нәзік өскен жіңішке, сұңғақ бойлы, дөңгелек ақ сұр жүзді уыз қыз. Жалғыз-ақ жұмсақ қарайтын қара көзінде... қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу». М.Әуезовтің қай кейіпкері екенін табыңыз.

A) Қарагөз.

B) Қадиша.

C) Ғазиза.

D) Рәбиға.

E) Жәмила.

14. Ғ.Мүсіреповтің ’’Қазақ солдаты’’ романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көргенін белгілеңіз.

A) ’’Жұмбақ жалау’’.

B) ’’Өмір мен өлім’’.

C) ’’Қазақ айнасы’’.

D) ’’Қазақ батыры’’.

E) ’’Майдан’’.

15. Шәкен, Шолпан, Таймас, Күлпаш қай романның кейіпкерлері екенін атаңыз.

A) “Дауылдан кейін”.

B) “Миллионер”.

C) “Шығанақ”.

D) “Оянған өлке”.

E) “Қарағанды”.

16. Реализмге анықтама берген адамды табыңыз.

A) М.Горький.

B) А.Құнанбаев.

C) Ш.Құдайбердіұлы.

D) А.Пушкин.

E) А.Байтұрсынов.

17. Гималай – көктің кіндігі,

Гималай – жердің түндігі.

Күнін көміп батырған,

Өзенін тас лақтырған. Шумақтағы ұйқастың түрін табыңыз.

A) Ерікті.

B) Шалыс.

C) Қара өлең ұйқасы.

D) Егіз.

E) Шұбыртпалы.

18. ’’Дәуірлердің қателігін түзетіп,

Дана уақыт өтіп жатыр сырғанап...’’- деп кім айтқанын белгілеңіз.

A) Қ.Мырзалиев.

B) М.Мақатаев.

C) Ф.Оңғарсынова.

D) Т.Молдағалиев.

E) Ә.Тәжібаев.

19. 1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының «Қошалақ» аулында туған қаламгерді көрсетіңіз.

A) Ж.Молдағалиев.

B) С.Мәуленов.

C) Ф.Оңғарсынова.

D) М.Мақатаев.

E) Ж.Нәжімеденов.

20. Ақан серінің әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған өлеңін табыңыз.

A) “Құлагер”.

B) “Сырымбет”.

C) “Ақ көйлек”.

D) “Асыл мен жасық”.

E) “Жайықтың ақ түлкісі”.

21. Шәкәрім аудармасын анықтаңыз.

A) "Ревизор".

B) "Обломов".

C) "Евгений Онегин".

D) "Асауға тұсау".

E) "Дубровский".

22. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Жамалға құда түскен жігіттің атын табыңыз.

A) Сары Жұман.

B) Тапал Жұман.

C) Ұзын Жұман.

D) Таз Жұман.

E) Байжан.

23. І.Жансүгіровтің ²Құқ² жинағы қандай шығарма екенін белгілеңіз.

A) Өлеңдер жинағы.

B) Поэмалар жинағы.

C) Зерттеу еңбегі.

D) Мысал өлеңдер.

E) Сықақ әңгімелер мен фельетондар.

24. Көбіне публицистикалық стильде еңбектенген қаламгерді табыңыз.

A) Б.Бұлқышев.

B) И.Байзақов.

C) А.Байтұрсынов.

D) М.Әуезов.

E) С.Ерубаев.

25. С. Мұқановтың повесін табыңыз.

A) «Ботагөз».

B) «Сұлушаш».

C) «Теміртас».

D) «Балуан Шолақ».

E) «Сырдария».

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]