Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_516.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763.9 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Савроматтар жөнінде дерек қалдырған тарихшы:

A) Цыма Сянь

B) Полиэн

C) Ктесий

D) Диодор

E) Л.Н.Гумилев

2. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы:

A) Әмір

B) Мырза

C) Бек

D) Ұлы хас - хажип

E) Ғалым

3. ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы:

A) «Егіншілер»

B) «Жауынгерлер»

C) «Көшпелілер»

D) «Бақташылар»

E) «Еркін адамдар»

4. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді:

A) Аға сұлтандар

B) Болыс сұлтандары

C) Уезд бастықтары

D) Ауыл старшындары

E) Билер

5. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл:

A) 1916 ж. 23 тамыз

B) 1917 ж. 26 шілде

C) 1917 ж. 20 наурыз

D) 1916 ж. 20 шілде

E) 1916 ж. 25 маусым

6. Ұлы Отан соғысында Еділ бойындағы шайқастарға қатысқан 17-гвардиялық танк полкінің командирі:

A) Т.Позолотин

B) М.Ғабдуллин

C) И.Панфилов

D) Ғ.Сафиуллин

E) Б.Момышұлы

7. Оғыз жабғуының Киев кінәзімен Хазарларға қарсы одақ құрған жылы:

A) 955 ж.

B) 995 ж.

C) 965 ж.

D) 985 ж.

E) 975 ж.

8. Моңғолдарға үш ай берілмеген қала:

A) Тараз

B) Йасы

C) Сығанақ

D) Сайрам

E) Отырар

9. 1598 жылы Қазақ хандығының билігін қолына алған Тәуекел ханның інісі:

A) Шығай хан

B) Тұрсын хан

C) Есім хан

D) Жәңгір хан

E) Жалым сұлтан

10. 1790 ж. жер аударылып, сонда қайтыс болған хан:

A) Әбілқайыр

B) Тәуке

C) Есім

D) Айшуақ

E) Нұралы

11. 1858 жылы Ресеймен келісімге келіп, патша билігін мойындаған көтеріліс басшысы:

A) Жанқожа

B) Есет

C) Исатай

D) Махамбет

E) Кенесары

12. Ресей әскері басып алған Бұхара әмірлігінің аумағы бағындырылған генерал-губернаторлық:

A) Түркістан

B) Орынбор

C) Дала

D) Жетісу

E) Батыс Сібір

13. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген:

A) Генерал-губернатор П.Капцевич

B) Көпес М.Рафаил

C) Тілмаш Н.Путимцев

D) Елші Ю.Головкин

E) Генерал-лейтенант Г.Глазенап

14. Бөкей Ордасының Жиделі жерінде дүниеге келген күйші:

A) Тәттімбет Қазанғапұлы

B) Құрманғазы Сағырбайұлы

C) Ықылас Дүкенұлы

D) Қазанғап Тілепбергенұлы

E) Дәулеткерей Шығайұлы

15. Қазақ АКСР-ның өмір сүрген жылдары:

A) 1920-1936 жж.

B) 1918-1923 жж.

C) 1925-1940 жж.

D) 1922-1938 жж.

E) 1917-1922 жж.

16. Қазақ АКСР-де жалпыға бірдей білім беру енгізілді:

A) 1936-1937 жж.

B) 1939-1940 жж.

C) 1935-1936 жж.

D) 1934-1935 жж.

E) 1930-1931 жж.

17. 1950-жылдардың басындағы саяси қудалауға ұшырап, Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болған ғалымдар:

A) М.Айтхожин, У.Ахмедсафин

B) Е.Букетов, Ж.Аймауытов

C) А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов

D) С.Асфендияров, А.Жұбанов

E) Қ.Сәтбаев, М.Әуезов

18. 1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны:

A) Қарашығанақ

B) Теңіз

C) Мұнайлы

D) Өзен

E) Ақтөбе-мұнай

19. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған автобус қатынасы:

A) Алматы-Пекин

B) Алматы-Инин

C) Астана-Шанхай

D) Жаркент-Үрімші

E) Жаркент-Инин

20. Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған дәуір:

A) Кейінгі тас ғасыры

B) Мезолит

C) Қола дәуірі

D) Энеолит

E) Темір дәуірі

21. XV ғасырдың ІІ жартысында Шайбани ханға қарсы соғыста Қазақ хандығымен одақ құрды:

A) Әмір Темір әулеті

B) Моғолстан ханы

C) Сібір ханы

D) Хорезм шах әулеті

E) Ойрат ханы

22. Масуд ибн Усман Кухистанидің шығармасының атауы:

A) «Түрікмен шежіресі»

B) «Шежірелер жинағы»

C) «Шыңғыснама»

D) «Тарих-и Абулхайр-хани»

E) «Түрік шежіресі»

23. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің Ресейдің қол астына өтіп ант берген уақыты:

A) 1726 ж.

B) 1727 ж.

C) 1730 ж.

D) 1740 ж.

E) 1732 ж.

24. ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы күресте қазақтардың саяси белсенділігінің күшеюіне әсер еткен оқиға:

A) Самодержавиенің құлатылуы

B) 1905-1907 жж. революция кезіндегі қозғалыстар

C) Қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думаға сайлануы

D) Саяси реформалардың жүргізілуі

E) Автономиялық мемлекеттің құрылуы

25. 1921 жылғы қуаңшылық кезінде республика халқының аштыққа ұшыраған бөлігі:

A) 1/3

B) 1/2

C) 1/5

D) 2/5

E) 1/4

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]