Қазақ әдебиеті
1. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз. A) Доспамбет. B) Қазтуған. C) Шалкиіз. D) Ақтамберді. E) Бұқар. |
2. Абайдың поэмасын табыңыз. A) "Ләйлі-Мәжнүн". B) "Еңлік-Кебек". C) "Жүсіп-Зылиха". D) "Медғат-Қасым". E) "Масғұт". |
3. Ж.Жабаевтың поэмасын көрсетіңіз. A) «Көкшетау». B) «Сұраншы батыр». C) «Күй». D) «Күйші». E) «Дала». |
4. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Кебек кімге келіп болашағына бал аштырғанын анықтаңыз. A) Қорқыт ата. B) Бердібай ата. C) Жәміш әке. D) Нысан абыз. E) Асан қайғы. |
5. Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романындағы кейіпкерді анықтаңыз. A) Қайрош. B) Шәкен. C) Мейрам. D) Ботагөз. E) Асқар. |
6. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз. A) Тортай. B) Ораш. C) Дос бала. D) Көк өгіз. E) Ақ боз ат. |
7. Ж.Баласағұн кітабының атын табыңыз. A) «Оғыз-наме». B) «Диуани хикмат». C) «Хибатул-хақайық». D) «Құдатғу біліг». E) «Диуани лұғат ат-түрік». |
8. ’’Толағай’’ ертегісіндегі Толағайдың анасын белгілеңіз. A) Айсұлу. B) Қарагөз. C) Аналық. D) Қарашаш. E) Саржан. |
9. “Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды,” - деп, Ер Тарғынға тоқтау айтатын жырауды белгілеңіз. A) Сыпыра жырау. B) Майқы би. C) Бұқар жырау. D) Қазтуған жырау. E) Мұрын жырау. |
10. Ш.Уәлихановтың ²Манас² жырын зерттеуі жайлы не айтуға болатынын табыңыз. A) Манастың құнды мұра екенін түсінді. B) ²Манасты² бірінші боп баспаға ұсынып, орыс жұртшылығына таныстырды. C) ²Манасты² орыс тіліне аударды. D) ²Манасты² қазақ жырларымен салыстырды. E) ²Манасты² баспадан шығарып қырғыздарға ұсынды. |
11. Абайдың ²Ғылым таппай мақтанба² деген өлеңіндегі ²Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма² деген ойдың авторын көрсетіңіз. A) Абайдың өзі. B) Фирдоуси. C) Халық мақалы. D) Ғұламаһи Дауани. E) Махмұд Қашқари. |
12. Нысан абыз бейнесі Шәкәрімнің қай поэмасында кездесетіндігін анықтаңыз. A) “Ләйлі-Мәжнүн”. B) “Қалқаман-Мамыр”. C) “Нартайлақ-Айсұлу”. D) “Еңлік-Кебек”. E) “Медғат-Қасым”. |
13. 1922 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне кіріскен жазушыны белгілеңіз. A) С.Мұқанов. B) Ғ.Мүсірепов. C) Ғ.Мұстафин. D) Б.Майлин. E) І.Жансүгіров. |
14. «Дариға, сол қыз» өлеңінің авторын табыңыз. A) Мұқағали Мақатаев. B) Қасым Аманжолов. C) Сырбай Мәуленов. D) Тұманбай Молдағалиев. E) Төлеген Айбергенов. |
15. Ғ.Мүсіреповтің азаматтық тұлғасын танытқан батыл шығармасын табыңыз. A) «Шұғыла». B) «Талпақ танау». C) «Ақлима». D) «Кездеспей кеткен бір бейне». E) «Қос Шалқар». |
16. Метафораны табыңыз. A) Дәулет – қызық, бала – бал. B) Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл. C) Асау жүрек аяғын шалыс басқан. D) Жер күлімдер өзіне беріп шырай. E) Піскен алма секілді тәтті қызды. |
17. «Классикалық әдебиет» деген ұғымның анықтамасын көрсетіңіз. A) Үлгілі, кемелденген, жоғары сапалы деген ұғым. B) Әдебиеттану ғылымында орын алған салыстырмалы әдіс. C) Әдеби шығармалардың құрылысы деген сөз. D) Модаға айналған, бірақ көркемдігі төмен туынды. E) Халық жыршыларының шығармалары. |
18. «Жаманыңды көрмесем» өлеңінің авторын табыңыз. A) Ж.Нәжімеденов. B) С.Мәуленов. C) Ж.Молдағалиев. D) М.Мақатаев. E) Ф.Оңғарсынова. |
19. Төлеген Айбергеновтiң өлеңін анықтаңыз. A) «Арғымақ». B) «Бір тойым бар». C) «Таңдамалы». D) «Желтоқсан алауы». E) «Төрт ана». |
20. Ақан сері оқыған қаланы атаңыз. A) Көкшетау. B) Қарағанды. C) Ақмола. D) Жезқазған. E) Қызылжар. |
21. Әкесі он үш жасында ұсталып кетіп, ол туралы өлең жазған қаламгерді табыңыз. A) Т.Рысқұлов. B) М.Дулатов. C) С.Дөнентаев. D) А.Байтұрсынов. E) Б.Майлин. |
22. Ахметтану ғылымының негізін салушыны табыңыз. A) М. Әуезов. B) Ж. Аймауытов. C) М. Дулатов. D) Ә. Бөкейханов. E) М. Жұмабаев. |
23. І.Жансүгіров қай өлеңінде мадақ жыр үлгісін қолданғанын табыңыз. A) ²Некешілдер². B) ²Май тойы². C) ²Жастар². D) ²Шошқа². E) ²Белсенділер². |
24. «Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» қай қаламгердің туындысы екенін белгілеңіз. A) М.Әуезов. B) Қ.Аманжолов. C) Ғ.Мүсірепов. D) Ғ.Мұстафин. E) С.Мұқанов. |
25. С.Мұқановтың қаламына тән романды атаңыз. A) ’’Махаббат, қызық мол жылдар’’. B) ’’Теміртас’’. C) ’’Үркер’’. D) ’’Қарғын’’. E) ’’Қан мен тер’’.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
