Қазақстан тарихы
1. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: A) Сібір хандығы B) Алтын Орда C) Көшпелі өзбек мемлекеті D) Моғолстан E) Ноғай Ордасы |
2. Орта жүз рулары XVIII ғасырдың бірінші жартысында Самарқан төңірегіне ойысуының себебі: A) Жоңғар шапқыншылығы B) Монғол шапқыншылығы C) Қытай шапқыншылығы D) Ұйғыр шапқыншылығы E) Темір шапқыншылығы |
3. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: A) М.Сперанский B) П.Эссен C) И.Бутков D) А.Безак E) Ф.Гирс |
4. Қазақ жерін жаулап алуды Ресей үкіметі аяқтаған мерзім: A) XIX ғасырдың басы B) XIX ғасырдың 50 жылдары C) XIX ғасырдың 80 жылдары D) XIX ғасырды 60 жылдары E) XIX ғасырдың 70 жылдары |
5. Кадеттер ұйымының «Свободная речь» газеті шығарылды: A) Сергиопольде B) Верныйда C) Ақмолада D) Петропавлда E) Семейде |
6. Екінші дүние жүзілік соғыстың шешуші шайқасы Берлин операциясының басталған уақыты: A) 1945 ж. мамыр B) 1945 ж. сәуір C) 1945 ж. ақпан D) 1945 ж. қаңтар E) 1945 ж. наурыз |
7. Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері: A) Сақтар мен ғұндар B) Ғұндар мен үйсіндер C) Сарматтар мен аландар D) Аландар мен үйсіндер E) Ғұндар мен сарматтар |
8. Құтлық негізін қалаған Шығыс Түрік қағанатының аумағына енген жер: A) Қырғыз жері B) Орал жері C) Қызылқұм маңы D) Иран жері E) Шығыс Түркістан |
9. 92 ру-тайпадан құралған хандық: A) Ақ Орда B) Моғолстан C) Әбілқайыр хандығы D) Ноғай Ордасы E) Батыс Сібір хандығы |
10. XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының саяси, экономикалық жағдайын нығайтып, бүкіл Дешті-Қыпшақтың ханына айналды: A) Есім B) Тоғым C) Қасым D) Мамаш E) Шығай |
11. Аңырақай шайқасынан кейінгі жеңісте қазақ жасақтары қолайлы жағдайларды пайдалана алмауының негізгі себептері: A) Қысқы суықтың түсуі B) Тақ үшін Шыңғыс ұрпақтарының таласуы C) Жолбарыс ханның кенеттен өлуі D) Жоңғарлардың келісім жасай бастауы E) Сарбаздарға азық-түліктің жетіспеуі |
12. Бөкей Ордасында хандық билік сақталған мерзім: A) 1822 жылға дейін B) 1824 жылға дейін C) 1840 жылға дейін D) 1815 жылға дейін E) 1845 жылға дейін |
13. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: A) Петропавл, Семей B) Орал, Әулиеата C) Омбы, Аягөз D) Орынбор, Қызылорда E) Шымкент, Түркістан |
14. Өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған ыза-кекке толы Біржанның өлеңі: A) «Айтбай» B) «Шорманұлына» C) «Смағұлға» D) «Тартыс» E) «Айтбай» |
15. XX ғасырдың басында Успен кенішінде құрылған ұйым: A) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» B) «Қара жұмысшылар одағы» C) «Жас арбакеш» D) «Жұмысшылар одағы» E) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» |
16. Империалистік соғыс пен азамат соғысы кезінде Қарағанды көмірін өндіру қысқарды: A) 5 есе B) 7 есе C) 3 есе D) 6 есе E) 4 есе |
17. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: A) Атбасар, Теміртау, Семей B) Екібастұз, Рудный, Риддер C) Петропавл, Арқалық, Орал D) Өскемен, Қарағанды, Шымкент E) Аягөз, Талдықорған, Шымкент |
18. 1971 жылы жастарды қой шаруашылығына көмекке шақырған аудан: A) Қатонқарағай B) Абыралы C) Зайсан D) Аягөз E) Шұбартау |
19. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үдерісіне қадам жасалды: A) 1983 жылы B) 1984 жылы C) 1989 жылы D) 1988 жылы E) 1987 жылы |
20. «Саналы адам» алғаш меңгерді: A) Анық сөйлеуді B) Қыш ыдыс жасауды C) Көшпелі мал шаруашылығымен айналысуды D) Металл өңдеуді E) Егін егуді |
21. X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қалалардың шоғырланған жері: A) Қуаңдария мен Жаңадария аралығы B) Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсы C) Іле бойында D) Арал маңында E) Талас пен Ертіс бойы |
22. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: A) Боран мұнарасы B) Қарахан кесенесі C) Айша бибі кесенесі D) Бабаджа-Қатын кесенесі E) Дәуітбек кесенесі |
23. «Жеті жарғы» бойынша хан: A) Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы B) Сот міндетін атқарушы, салық жинаушы C) Ру арасындағы тартысты шешуші D) Аймақтың басшысы E) Ру бірлестігін басқарушы |
24. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Қарқара ошағының басшысы: A) А.Иманов B) Ә.Жанбосынов C) Ұ.Саурықов D) К.Көкімбайұлы E) С.Ужгин |
25. 1991 ж. желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер: A) Ресей, Қазақстан, Украина, Эстония B) Молдова, Өзбекстан, Қазақстан C) Грузия, Қазақстан, Армения, Ресей D) Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь E) Әзірбайжан, Украина, Беларусь
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
