- •Тәжирібелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Буындық синдром. Подагра. Реактивті артрит.
- •3. Оқу мақсаттары. Студент жасай білуі тиіс:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқу және сабақ беру әдістері
- •6. Әдебиеттер
- •7. Бақылау (сұрақтар, тестер, есептер).
- •Есептер Есеп №1
- •Ақпараттық- дидикатикалық блок
- •1. Шағымдары
- •2. Аурудың анамнезі
- •5. Подаграның лабораторлы белгілері
- •4. Санаторлы-курортті ем
4. Санаторлы-курортті ем
Созылмалы подагралық артропатия және висцеральді зақымдалуы бар науқастарға, ремиссия фазасында.
Нефропатия бүйрек жеткіліксіздігімен болса курортты ем қарсы көрсеткіш.
Подаграсы бар науқастар ас сілтілі минерал сулары бар курорттарға жіберіледі /Джермук, Боржоми, Ессентуки, Железноводск т.б./.
Бальнеологиялық курорттар – Пятигорск, Белокуриха және т.б.
Радонді және сероводородті ванналар.
Реактивті артрит (РеА) – буындардың іріңсіз аурулары (әдетте 1 айдан кейін дамиды) жедел ішектік немесе урогенитальді инфекциялардан кейін. Көптеген жағдайларда РеА жедел ішек инфекциясымен жүреді, олар энтеробактериялармен (жиі сальмонеллалармен, шигелламен, кампилобактериялармен), және жедел урогенитальді инфекциялармен (хламидиялар, уреаплазмалар, микоплазмалармен) шақырылады. РеА HLA-B 27 генімен ассоциирленеді.
Рейтер синдромы (уретроокулосиновиальді синдром) реактивті артриттің варианты, ол уретрит, конъюктивит және басқа да симптомдармен жүретін ауру.
Клиникалық белгілері және симптомдары жиі уретриті болған жас ер адамдар аурады. Артриттің дамуы кезінде триггерлық белгілері (ішектік немесе урогенитальді) инфекциялар көптеген жағдайларда болмайды. Артрит жиі осы инфекциялардың ауыр емес формаларында дамиды, кейде жасырын және симптомсыз формалары болады.
Буындардың зақымдалуы:
- симметриялық емес артрит, көбінесе төменгі аяқ қолдары (табан балтыр, тізе және балтыр табан буындарының саусақтары, әсіресе үлкен саусақтары), әдетте 1 айдан кейін жедел ішектік немесе урогенитальді инфекциялардан кейін;
- басқа да буындар зақымдалуы мүмкін, бірақ симметриялық емес төменгі аяқ қолдарының артриті басым болады; жалпы қабынған буындар саны алты;
- сегіз көз кұймышақ буындарының зақымдалуы (бір жақты сакроилеит), кейде омыртқаның жоғары бөлімі (спондилит);
- энтезистердің зақымдалуы (байламдардың буынға бекіген жері):
- энтезистердің орналасу орны – табан аймағы;
- жеке балтыр табан саусақтарынығ тендовагиниті (сирек қолдар), ауру сезімі қатты болады, бүкіл саусақ ісінеді, қозғалысы бұзылады және терінің түсі қызыл қаңыр көкшіл түстес болады («сосиска тәрізді саусақ», дактилит).
Кілегейлі қабаттарының зақымдалуы (конъюктивит, уретрит, сақина тәрізді баланит, цервицит, ауыз қуысында ауру сезімсіз жаралар):
- коньюктивит жиі азсимптомсыз немесе симптомсыз, қысқа уақытты (бірнеше күн), бір жақты немесе екі жақты болады;
- жедел біржақты алдыңғы увеит.
Кератодермия – ауру сезімсіз ошақты (папула тәріздес) немесе біріккен гиперкератоз, жиі орналасатын жері – балтыр табанның және алақанның астында (кейбір ошақтары дененің кез келген жерінде орналасады).
Тырнақтардың зақымдалуы (жиі аяқта): сары тісті болады, онихолизис және ониходистрофия.
Жүйелі көріністер:
- әр түрлі дәрежеле көздің зақымдалуы: жеңіл коньюктивиттен бастап ауыр увеитке дейін, жиі кездеседі;
- бүйрек зақымдалуы протеинурия, микрогематурия және асептикалық пиуриия түрінде жарты науқастарда байқалады; сирек гломерулонефрит кездеседі;
- лимфоаденопатия, әсіресе шап аймағында;
- Жүректің қан тамыр жүйесі (ЖҚТЖ) сирек зақымдалады, жиі орташа түрде перикардит және миокардит болады, олар жүрек ырғағының және өткізгіштіктің бұзылыстарымен көрінеді. Ауыр рецидивті ағымында аортит және аортальді жетіспеушілік дамиды;
- нерв жүйесі жағынан радикулитпен, шеткі невритпен, энцефалопатиямен көрінеді.
Диагностикалық критерийлері РеА жалпы диагностикалық критерийлері жоқ. Ресей ревматологтарының жасаған жобасы бойынша:
- РеА серенегативті спондилоартропатия (ССА) тобына жатады;
- РеА диагностикасында маңыздысы жедел ішек немесе урогенитальді инфекциямен байланыс, егер белгілі бір микроорганизмдермен шақырылса
- РеА диагнозы лабораторлыі белгілермен дәлелдену керек «триггерлық» инфекциялармен.
«Үлкен» критерийлер
Артрит (3 сипаттамадан 2 болу керек):
- асимметриялық;
- шектелген буындар санының зақымдалуы (6 буыннан кем емес), көбінесе аяқ-қол буындары;
- аяқ-қол буындарының зақымдалуы.
Айқын инфекцияның болуы:
- уретрит/ цервицит, артриттің алдында 8 апта бұрын;
- энтерит, артриттің алдында 6 апта бұрын;
«Кіші» критерийлері
Триггерлық инфекцияны лабораторлы дәлелдеу, егер олар Chlamydia trachomatis немесе энтеробактериялармен (жиі Yersinia enterocolitica, Yersinia pseudotuberculosis, Salmonella enteritidis) шақырылса.
Егер дәлелденсе жаңағы айтылған инфекциялар нәжістін жағымдысында кездеседі. Егер нәтиже теріс болса триггерлы инфекцияларды басқада әр түрлі тікелей емес әдістермен (хламидиоз үшін – тікелей иммунофлюоресценция, полимеразді цепті реакция, қан сары суында антиденелердің болуы; энтеробактериялар үшін – сары суында антиденелердің болуы) табуға болады.
РеА диагнозын екі «үлкен» критерийлері және «кіші» критерий анықталса қояды. Күмәнді РеА диагнозын екі «үлкен» критерийлері немесе бірінші «үлкен» критерийлері және «кіші» критерийлері болса.
РеА емі жыныс зәр жолдарынан қоздырғыштың эрадикациясы болып табылады. Сондықтан да екінші жыныс қарым қатынасқа түскен партнерді емдеу керек. Ішке 10-30 тәулік бойы:
- азитромицин 1 гр 1-ші күні, кейін 0,5 г 1 рет тәулігіне;
- доксициклин гидрохлорид 100 мг 3 рет тәулігіне;
- ломефлоксацин 0,4 г 1-2 рет тәулігіне;
- офлоксацин 0,2 г 3 рет тәулігіне;
- ципрофлоксацин 0,5 г 2-3 рет тәулігіне.
Пенициллиндер және цефалоспориндер тиімсіз болады, өткені олар хламидиялардың тұраұты формаларын шақырады.
РеА кезінде болжам бірінші атакасы әдетте 2-3 ай аралығында аяқталынадыс, бірақ кейде бірнеше жылға созылады. Рецидивтер жиі қайталамалы іңдеттермен байланысты болады. Созылмалы артрит 20-50% науқастарда дамиды. Бірақ еңбекке жарамсыздығы 15% науқастарда дамиды. Қолайсыз болжамы амилоидоздың немесе ауыр жүрек зақымдалуыменен байланысты. Әсіресе ЖИТС фонындағы РеА ауыр түрде өтеді.
26
беттің
