Есептер Есеп №1
Науқас 64 жастат, 12 жыл бұрын екі қолдың дистальді фаланга аралық буындарындағы қозғалыстың шектелуіне және ақырындап үдеуіне шағымданады. Қарап тексергенде екі қолдың дистальді фаланга аралық буындарында түйіндер бар, саусақтары деформацияланған, оларда қозғалыс шектелген. Ішкі органдар жағынан патология жоқ. Қан және зәр анализдері қалыпты. Диагноз қойыныз:
а) ревматоидті полиартрит
б) остеоартроз
в) ревматикалық полиартрит
г) реактивті артрит
д) туберкулезді артрит
Есеп №2
Науқас 48 жаста, суықтан кейін қол саусақ буындарында ауру сезімі және ісік пайда болды. Жедел ауру сезімі басылғаннан кейін таңертенгі қырысу пайда болды, зақымдалған буындар саны көбейді. РА диагнозі қойылып диклофенак натрии тағайындалды. 8 айдан кейін процестің активтілігі азғана төмендеді, жаңа буындар зақымдала бастады, рентгенологиялық зерттеп қарағанда қол саусақ буындарында сүйек-шеміршек деструкциясы пайда болды. Емдеу тәсілін таңданыз:
а) диклофенакпен емдеуді жалғастыру
б) диклофенакты басқа СЕҚҚП ауыстыру
в) ГКС тағайындау
г) базисті препараттарды тағайындау
д) қосымша физиоеді тағайындау
Есеп №3
Әйел 60 жаста анамнезінде ұзақ жылдар бойы ревматоидті артритпен аурады, соңғы 2 күн бойы оң жақ тізе буынында ауру сезімі және ісіктің пайда болуына шағымданып ауруханаға тексерілу үшін келді. Артрит метотрексатпен, преднизолонмен және напроксенмен жақсы бақыланып отырылды. Қарап тексергенде дене температурасы - 38,5С, қол саусақ және табан буындарының деформациясы. Оң жақ тізе буыны ұстап тексергенде ыстық, қызыл түстес, ісінген. Қозғалған кезде айқын ауру сезімі бар. Сіздің тактиканыз қандай:
а) қабынуға қарсы терапияны күшейту
б) оң жақ тізе буының рентгенологиялық зерттеу
в) тізе буынына диагностикалық пункция жасау
г) алдын ала диагностикалық пункция жасамай антибактериальді терапияны тағайындау
д) терапияны өзгеріссіз қалдырып, бақылау
Есеп №4
Жүргізуші болып жұмыс істейтін 47 жасар ер адамда, оң жақ тізе буынындағы кешке қарай күшейетін ауру сезімі және ісінуі пайда болды; таңертең, ұзақ демалғаннан кейін қимылдап бастағанда науқас ауру сезімді сезеді, кейін ауру сезімі басылады және қайтадан кешке қарай пайда болады. Осы аталған буындағы ауру сезімі баспалдақпен түскенде де пайда болады. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынның ісінуі, пассивті және белсенді қимылдар ауру сезімді, қимылдағанда қытыр және крепитация. Буындардың рентгенографиясында буын саңылауының тарылуы және остеофиттер.
ЕҢ ықтимал диагноз?
A. подагра
B.остеоартроз
C. ревматоидты артрит
D. ревматикалық артрит
E. анкилоздаушы спондилоартрит
Ақпараттық- дидикатикалық блок
Тақырыбы: Буынды синдром. Ревматоидті артрит. Остеоартроз. Остеопороз
Ревматоидті артрит - этиологиясы белгісіз аутоиммунды ревматикалық ауру, созылмалы эрозивті артритпен (синовитпен) және ішкі органдардың жүйелі зақымдалуыменен сипатталынады.
Жіктелуі. клинико-анатомиялық формасы: ревматоидті моно, олиго - және полиартрит, РА жүйелі көріністерімен, бөлек синдромдар;
РФ бойынша аурудың варианттары серопозитивті және серонегативті;
Активтілік дәрежесі (0 ден 3ке дейін);
Рентгенологиялық сатысы (I-IV);
Науқастың функциональді жағдайы (I – IV).
Варианттардың басталуы
Симметриялық полиартрит ақырындап (бірнеше ай ішінде) көбінесе қолдардың ұсақ буындарында ауру сезімнің және қырусыдың болуы
Жедел полиартрит, көбінесе аяқ-қолдардың зақымдалуы, айқын таңертенгілі қырысу (әдетте қанда ерте РФ пайда болуыменен ипатталынады)
Тізе немесе иық буындарының моно-олиго артриті кейін қол-аяқтың ұсақ буындары процеске шалдығады
Ірі буындардың жедел моноартриті, септикалық немесе микрокристалды артритті еске түсіреді.
Жедел олиго - немесе полиартрит айқын жүйелі көріністермен (фебрильді қызба, лимфаденопатия, гепатоспленомегалия), жиі жас науқастарда көрінеді (үлкен науқастарда Стилл ауруын еске түсіреді)
«Палиндромді ревматизм»: қол-саусақ буындарының жедел симметриялық полиартриті көптеген рецидивті атакалар, сирек – тізе және шынтақ буындары зақымдалынады, бірнеше сағат немесе күнге созылып, толық сауғымен аяқталады.
Рецидивді бурсит және теносиновит, көбінесе жиі кәріжілік буындарында
Жедел полиартрит егде жастағы науқастарда көптеген ұсақ және ірі буындардың зақымдалуы, айқын ауру сезіммен, диффузды ісінумен және қозғалыстың шектелуіменен. Алған атауы «RSPE синдромы» (Remitting Seronegative symmetric synovitis with Pitting Edema - ремитирленген серонегативті симметриялық синовит «жастық тәрізді» ісінуімен.
Генерализденген миальгия, қырысу, депрессия, екі жақты білезік каналының синдромы, дене салмағының азаюы (көбінесе егде жастағы адамдарда дамиды және ревматикалық полимиалгияны еске түсіреді); РА тән белгілер кеш дамиды.
Ағым варианттары
Ұзақ спонтанді клиникалық ремиссия (<10%)
Интермиттерлеуші ағым (15-30%): периодты түрде пайда болатын толық немесе жартылай ремиссия (спонтанді немесе еммен индуцирленген), өршумен алмасып отырады, процеске ертеде зақымдалмаған буындар кіреді
Үдемелі ағым (60-75%): буындардың деструкциясы ұлғаяды, жаңа буындар зақымдалынады, буыннан тыс көріністер (жүйелі)
Тез үдемелі ағым: әр дайы аурудың активтілігі жоғары, ауыр буыннан тыс (жүйелі) көріністер (10-20%).
Клиникалық көрінісі буындардың зақымдалуы
Ауру сезімі (пальпациялаған кезде және қозғалыста) және зақымдалған буындардың ісінуі
Қолды қысқан кезде күштің әлсіреуі
Буындарда тәңнертенгі қырысу (ұзақтығы синовиттің зақымдалуына байланысты)
Ревматоидті түйіндер (сирек)
Аурудың ашылған және соңғы сатысына тән кқріністер:
Қол саусақтары: қол-аяқ буындарының ульнарлы девиациясы, әдетте ауру басталғаннан кейін 1-5 жылдан кейін дамиды; «бутоньерка» тәрізді қол саусақтарының зақымдалуы (проксимальді фаланга аралық буындардың бүгілуі) немесе «аққу мойыны» (проксимальді фаланга аралық буындарының жазылу); «лорнетка» тәрізді қол саусақтарының деформациясы.
Тізе буындары: бүгілуі және вальгусті деформация, Бейкер кистасы
Табан: башпай фаланга буындарының шығып кетуі, латеральді девиация, үлкен саусағының деформациясы
Омыртқаның мойын бөлімі: атлантаксиальді буындар аймағындағы шығып кетулер, сирек жағдайларда жұлын миының компрессиясымен немесе омыртқа артериясымен асқынады
Ожау тәрізді буын: дауыстың қатаюы, ентігу, дисфагия, рецидивті бронхит
Байлам аппараты және синовиальді қапшықтар: кәріжілік және саускақтар аймағындағы теносиновит; жиі шынтақ буын аймағындағы бурситтер; тізе буынының артқы жағында синовиальді киста (Бейкера кистасы).
