Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКТехнологиялық машиналар жетегі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

§ 3. Пневможетектерді энергиямен қамтамасыз ету

Пневможетектердің энергия тасмалдаушылары қысылған ауа легі болып табылады. Ол 0,7 – 0,8 МПа қысымымен сығылған, оны жүрмелі немесе стационар басқыштар көмегімен алады. Қысылған ауамен бірге компрессор ауаны береді, қалыпты жағдайда өлшенетін, яғни атмосфералық қысымда және қоршаған орта температурасында.

Компрессор берілісін тау өндірісінің барлық салаларының қысылған ауамен қолдануының қосындысын және нормативті есептер бойынша алады:

(20.16)

Мұнда n- бір типті өндірістердің тұтынушыларының топ саны; mi- і – ші топ тұтынушы саны; qi – і – ші топтың бір тұтынушысының куәлікті шығыны; ζі- тұтынушыларды қоса бірқалыптылық коэффициенті (228 сурет).

Сандық коэффициент 20% желідегі номативті ысыраптар және 10 - 15% қысылған ауаны қолдану жетектердің тозу нәтижесінде жүзеге асады.

Қысылған ауа шығыны түрлі пневмоқозғалтқыштарды 0,8–1,4 м3/(мин*кВт), поршенді – 1,1 – 1,35 м3/(мин*кВт), соққы пневмоқозғалтқыштар – 1,2 – 1,4 м3/(мин*кВт). Соған байланысты қысылған ауаны біртипті тұтынушылар тобы келесі өрнектен аламыз

(20.17)

Мұнда N - тұтынушылар тобының қуаты; Q´ – қысылған ауаның меншікті шығыны, Q´ = 0,8 – 1,4 м3/(мин*кВт).

Компрессорларды ауаөткізгіш желісіне ауажинақтағыштар қосады. Ауа жинақтағыштар компрессордің, желілердің, пневмоқозғалтқыштардың жұмысын реттейді. Ауа жинақтағыштың қолайлы көлемі

(20.18)

Мұнда Q – компрессор берілісі, м3/мин.

Шахталық ауаөткізгіш тау жұмыстарының жоспарымен жобалайды. Шахталық пневмлжелі сұлбасында (229 сурет) компрессорлардың, ауа жинақтағыштардың, ығыстырмалардың, пневмоқозғалтқыштардың, ауа өткізгіштердің аймақ ұзындықтарының орналасуын береді.

Ауаөткізгіш тармақ – буындарымен жеке бөліктерге бөлінген. Есеп мақсаты ауаөткізгіштің берілген өлшемінде мүмкін болатын қысымдарында желіде пневмоқозғалтқыштардың жеке топтарына арналған.

Иілгіш шлангтарды ауаның өту жылдамдығы 30 м/с, қысым жоғалту 0,5 МПа 70 м ұзындыққа дейін.

Мүмкін болатын қысымдар 0,25 МПа – дан аспайды. Берілетін ауа жылдамдығы 10 – 20м/с. Мүмкін болатын жылдамдық және қысылған ауамен құбырөткізгіштің қимасын анықтауға болады

229 Сурет. Шахтаның пневможелісінің сұлбасы.

(20.19)

Мұнда f- құбырдың қима ауданы, Q- қысылғын ауаның қажетті шығыны, рк, ра – құбыр соңындағы және атмосферадағы ауа қысымы, υ – құбырда мүмкін болатын жылдамдық.

Құбырөткізгіш аймағындағы қысым жоғалтуды (20.13) өрнегімен есептеуге болады немесе белгілі массалық шығынмен

(20.20)

Мұнда Qм – ауа шығыны кг/с.

Ауаөткізу есебі ең шеткі топтардан басталады. Буынға дейін құбырөткізгіш аймағының қысым жоғалтуларын анықтайды. Қалған тармақтарда есеп жүргізу қажет етілмейді. Содан кейін тармақталудың қосынды шығынын анықтайды және келесі буынға дейінгі аумақ буынның қосынды шығынына есептейді. Қысымның қосынды жоғалтулары ең шеткі тұтынушы үшін 0,25 – 0,3 МПа жоғары болмау керек. Егер қосынды жоғалтулар бұл көрсеткіштен көп болса, құбыр диаметін үлкейту қажет.

Ауаөткізгіштер 1МПа қысым төмен жағдайда және 0,1 м аз диаметрде болатты пісірілген құбырлардан жасалады, 10 МПа қысымды және 0,1 м диаметрден үлкен жағдайда тігіссіз болат құбырлар қолданылады. Желілі құбырөткізгіш 0,02 иілуге дейін орнатады және төменгі нүктелерінде сужинағыштар орнатады.

Негізі әдебиеттер 7 [4-20]

Қосымша әдебиеттер 6 [280-281]

Бақылау сұрақтары:

  1. Пневможетектер не үшін қызмет етеді.

  2. Пневможетектегі ауаның меншікті энергиясы.

  3. Пневмоқозғалтқышты реттеу.

  4. Бағыттаушы және реттеуші аппараттар.

  5. Гидропневмоқозғалтқыштарды қолданудағы қауіпсіздік шаралары.

15-дәріс. Пневматикалық қозғалтқыштар. Қауіпсіздік шаралары.

Пневматикалық қозғалтқыштар гидроқозғалтқышқа ұқсас топтастыруға ие және құрылымдық қондырғы жағынан пневматмкалық бәсеңдеткіштер мен пневмоцилиндрлерге бөлінеді. Сонымен қатар, соққылы пневматикалық қозғалтқыштар және пневмобөлмешіктер қолданылады.

Тістегерішті пневмобәсеңдеткіш гидраликалық секілді құралған (230сурет). Іліністегі екі тістегеріш кішкене саңылаумен тұрқыға енгізілген. Тістердің шығыс аумағында іліністен қысылған ауа беріледі, шектен тыс қысым ∆р ол bh тістердің бүйір жақтарына әсер етеді. Басқа тіс бетіне шығу моментінде реактивті күш әсер етеді Fр=∆(рυQ). Бұл күштердің бірдей әсері қозғалтқыштың айналу моментін береді

(20.21)

Мұнда η- қозғалтқыштың механикалық жоғалтуларын ескереді; К1 – іліністегі тістердің толықсыздығын береді, К2 – реактивті күш бөлігі, ол тістің бүйір бетіне әсер етеді.