Метеоризм
Метеоризм – ішекте жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.
Жедел көмек алгоритмі:
1. Баланы арқасына жатқызып, денесінің төменгі бөлігін киімінен босату.
2. Таза ауаның болуына қамтамасыз ету.
3. Сағат тілінің бағытымен баланың ішін жайлап сипалау.
4. Шара тиімсіз болған жағдайда – жел шығарып түтікше қою.
5. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу(әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі):
а) карболен рег os(белсендірілген көмір) немесе смекта – 1мк/кг(1мл=5мг)
б) бұлшық етке – церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.
6. Газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды алып тастау – сүт, қара нан, көкқністер, газдалған сусындар және т.б.
Мұрыннан қан кету
Мұрыннан қан кету – лейкозда, геморрагиялық диатездерде кездеседі.
Жедел көмек алгоритмі
1.Баланың басын төмен қарай түсіріп отырғызу.
2.Қысып тұрған тар киімін босату.
3.Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
4.Тыныштық жағдай жасау.
5.Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау.
6.Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.
7.Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою:3%су асқын тотығымен, немесе суық сумен; мұрын қабырғасына орамалға мұз кесектерін қою.
8.Бұлшық етке енгізу.
-витамин К- жасына сәйкес дозада:
-10%Са глюканат – 1мл/жасына
9.Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет.
10.Қан кетудің себебін анықтау жіне қою
Глоссарий:
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Педиатриядағы шұғыл жағдайлар туралы түсінік?
2. Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауы. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
3. Құрысу синдромы. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
4. Гипертермиялық синдром. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
5. Талып қалу. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
6. Коллапс. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
7. Анафилактикалық шок. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
8. Құсу. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
9. Іштің кебуі. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
10. Мұрыннан қан кету. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
Тарататын материал: тестер, ситуациялық есептер.
Манипуляция алгоритмдері:
Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.
ЧЕК-парағы:
Қолданылған әдебиет:
К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары»
Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, Шеховцева 2003г;
Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, 2002;
Тестер:
1. Мұрыннан қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын ерітінді:
10% спирт
2% ас содасына
3% асқын су тотығы
2% калий перманганаты
2% бриллиант жасылы
2. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілген көмек:
антибиотик ерітіндісімен алдыңғы тампонадасы
гипертониялық ерітіндісімен алдыңғы тампонадасы
хлорамин ерітіндісімен алдыңғы тампонада
хлоргексидин ерітіндісімен алдыңғы тампонада
новокайн ерітіндісімен дәруменді енгізу
3. Гипертермиядағы көмек:
димедрол беру
эуфиллин беру
декарис беру
мукалтин беру
парацетамол беру
4. Коллапс кезіндегі негізгі көмек:
бас жағын жоғарлатып жатқызу
басына мұзды мұйық қою
аяқ жағын жоғарлатып жатқызу
басын төмен қаратып отырғызу
басын артқа шалқайтып отырғызу
5. Естен тану кезіндегі негізгі көмек:
бас жағын жоғарлатып жатқызу
басына мұзды мұйық қою
аяқ жағын жоғарлатып жатқызу
басын төмен қаратып отырғызу
басын артқа шалқайтып отырғызу
Ситуациалық есептер:
1есеп. Артерия гипотензиясы бар екінші сынып оқушысы мектепте, үзіліс кезінде есінен танып құлады, терісі ылғал, бозғыл.
1. Сіздің диагнозыңыз?
2. Емі?
3. Алдын алу?
