Пәнің аталуы «Педиатриядағы мейірбике ісі» |
Алматы медицина колледжі |
Кредитер- 2 |
ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі» |
Дәрістің тақырыбы: Педиатриядағы шұғыл жағдайлар. Емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамыту |
Курс-3,семестр-6 |
Оқытушы – Омашбекова Г.А. |
|
Дәрістің кысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
1. Педиатриядағы шұғыл жағдайлар туралы түсінік
2. Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауы. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері.
3. Құрысу синдромы. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері
4. Гипертермиялық синдром. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері
5. Талып қалу. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері
6. Коллапс. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері
7. Анафилактикалық шок. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері
8. Құсу. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері
9. Іштің кебуі. Шұғыл көмек көрсету принциптері
10. Мұрыннан қан кету.Шұғыл көмек көрсету принциптері
Дәрістің мәтіні:
Тыныс алу және жүрек соғуы тоқталғандағы көмек
Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен тұрады.
Бұл схема «Элементарлы ренаимация негіздері» деп аталады.
«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.
«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексеру(өткізгіштігі сақталған ба?)
«С» - тыныс алуын тексеру (бала тыныс алып жатыр ма?)
- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз
- тыныс алу дыбысын тыңдаңыз
- баланың тынысын өз бетінде тексеріңіз
«Д» - пиркуляцияны тексеріңіз – жүрегі соғама
-пульсін іздеңіз (иық артериясы, ұйқы артериясы)
Егер тыныс алуын анықтай алмасаңыз – «жасанды дем беру» өткізу;
Егер пульсін анықтай алмасаңыз – «жүрекке тікелей емес массаж»
Гипертермия
Гипертермия – бұл компенсаторлық қорғаныш реакциясы, екінші белгісі соған байланысты ағзаның иммундық жауабы ауруға қарсы күшейеді, өйткені:
қанда бактериоциттер өседі;
лейкоциттердің белсенділігі көтеріледі;
эндогенді интерферонның белсенділігі көтеріледі;
метобализмнің қарқындылығы күшейеді;
ұлпаларға қоректі заттардың жылдам келуін қамтамасыз етеді.
Прогрессиялық дене қызуының көтерілуінде тыныс алуға және қан айналымға күш түседі (37° с дене қызуы әрбір градусқа көтерілгенде тыныс алу жиілігі 4 тынысқа көбейеді 1 минутта, пульс минуттына 10 рет соғуына күшейеді ал ол қанда оттегінің келуін күшейтеді. Бірақ бұл жағдай ұлпаларда оттегімен қамтамасыз етпейді. Одан соң ұлпалардың гипокциясы дамиды, одан ең бірінші ОНЖ зақымданады, фебрейлді тырысу дамиды. Бұл әсіресе температура 39-40° с болған кезде).
Гипертермияның дәрежесі нәресте ағзасының жеке ерекшелігіне байланысты болады.
Гипертермияның жіктелуі
Гипертермияның түрлері:
Суборебрильді – 37-38° С;
Қалыпты – 38-39° С;
Жоғары – 39-41° С;
Гиперпиретикалық – 41° С жоғары.
Гипертермияның түрлері
Қызғылт гипертермия:
Механизмі – жылу өнімі жылу берілуге тең.
Клиникасы:
Тері шырышты қабаттары қызарған;
Жалпы жағдайы шамалы нашарлаған.
Ақ гипертермия:
Механизмі – шеткері қан тамырлары тартылады, өйткені жылу өнімі жылу берілуін көп бөледі.
Клиникасы:
Қалтырауы, салқын сезімі;
Тері шырышты қабаттарының бозаруы;
Тырнақтары, еріндері көгерген;
Аяқ-қолдары саусақтарының салқындауы.
Гипертермия кезіндегі жедел көмек
Нәрестені төсекке жатқызу;
Қысып тұрған киімінен босату;
Таза ауамен қамтамасыз ету;
Гипертермияның түрін анықтау (ақ немесе қызғылт). Егер ақ болса қызылға ауыстыру (нәрестені жылыту, но-шпа енгізу немесе никотин қышқылы немесе папаверин, спазмолитин ретінде);
Көрсеткіш бойынша шараларды өткізу.
37,0-37,5° С көбірек сұйықтық ішкізу;
37,5-38,0° С физикалық салқындатуды жүргізу;
38,0-38,5° С энтеральды жолмен дене қызуын түсіретін препараттар (панадол, парацетамол, асперин, дене қысымын түсіретін балауыздар).
38,5° С және одан жоғары бұлшық етке көктамырға литикалық қоспа енгізу;
Анальгин
Димедрол
Папаверин
Ескерту: асперин цефеконды балауыздарды дене қызуын түсіру үшін ерте жастағы нәрестеге беруге болмайды.
Оттегі терапиясын жүргізу;
20-30 минут ішінде өткізуден бастап зәр шығару шараларын өткізу;
20-30 минуттан соң термометрияны қайталау;
Термометрияның қайталану көрсеткіші болса, түзету шаралар өткізу.
Құрысып тырысу синдромы
Құрысулар – дене және аяқ-қолдарының түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырлуы;
Фебрильді құрысулар – жоғары температура кезінде;
Афебрильді – тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануына болады;
Ырғақты құрысулар – көбіне Эпилепсия кезінде.
Тырысу синдромы жас нәрестелерде көптеген ауруларда жиі байқалады. Мұның өзі олардың нерв жүйесінің жетілмеуіне байланысты болады. Ол нейротоксикозбен гипертермия, қабаттасатын вирусты жедел инфекцияларында, менингитте, энцефалитте, эпилепсияда, спазмафилияда, туылған кезінде бас сүйек ішінде жарақат алғанда, жаңа туған нәресте миының қан айналысы бұзылғанда, коматоздық жағдайда нерв жүйесінің вакциналаудың әсеріне дағдылы реакция ретінде дамуы мүмкін.
Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.
Құрысу синдромының кезеңдері:
