- •Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)
- •Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •Аурудың өмір тарихы
- •Объективті мәліметтер Жалпы қарау
- •Жүрек тамыр жүйесін тексеру
- •Тыныс жүйесін тексеру
- •Ас қорыту жүйесін тексеру
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру
- •Нерв жүйесін тексеру
- •Ішкі секреция бездері жүйесі
- •Алғашқы (болжамды) диагноз
- •Зерттеу жоспары
- •Параклиникалық зерттеу нәтижелерін сараптау
- •Невропатологтың кеңесі
- •Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
- •Дифференциалды диагностика
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •5. Лабораториялық-аспаптық зерттеу нәтижелері негізінде:
- •Невропатологтың кеңесі
- •6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:
- •Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10
- •Болжамы
5. Лабораториялық-аспаптық зерттеу нәтижелері негізінде:
Қанның жалпы анализі: 15.03.2011ж
Лейкоциттер 8.9 х 10^9/л – лейкоцитоз
ЭТЖ 18 мм/сағ- жоғарылауы
Электрокардиография: 14.03.2011ж 15:55
ЭКГ нәтижесі –ЖЭО солға ығысқан (R тісшесі биік І стандартты тіркемеде), Сол қарыншаның гипертрофия белгілері (сол жақ тіркемелерде – І, аvL, V5-V6 - R тісшесі биік, оң жақ тіркемелерде – ІІІ, аvF, V1-V2 – S тісшесі терең) анықталады.
Көз дәрігерінің кеңесі
Көз дәрігері: Хабибуллаев Баходир
Status localis: терең қабаттарының мөлдірлігі төмендеген, сарғыш көріністер бар, көз түбі – артериялары біркелкі емес калибрлі, бірнеше веналары кеңейген.
D/s: Гипертоникалық ретинопатия
Невропатологтың кеңесі
Дәрігер невропатолог: Зиябаева Лаззат
Шағымдары: артық қозғалыс жасағанда күшейетін, 30 минут – 1 сағатқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, оң қолға таралатын оң иық белдеуі аймағының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы, оң қолының әлсіздігі.
Status localis: омыртқаның мойын бөлігіндегі С4-С5-С6 деңгейіндегі паравертебралдық нүктелерде перкуторлы ауырсыну анықталады.
D/s: Оң иық буыны плексопатиясы, нейробұлшықеттік синдром?
6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:
Негізгі ауруы: ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ
Конкурентті ауруы: Артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ.
Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA)
Қосымша (ілеспелі) ауру: Оң иық буыны плексопатиясы, нейробұлшықеттік синдром?
IX – БӨЛІМ
Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10
Кардикет 20 мг 1 таблеткадан ішке 2 рет / тәулігіне , сағат 9:30 – 21:30
Тобы: Антиангинальді зат, перифериялық вазодилятатор, органикалық нитраттар, нитроглицериннің әсері ұзартылған дәрмегі.
Әсер ету механизмі: 1. Тамырдың тегіс салалы бұлшықет жасушасында нитраттар SН-топтармен әрекеттесіп, физиологиялық эндотелийлік босаңсу факторымен тектес азоь оксидін (NO) түзеді. NO гуанилатциклаза белсенділігін арттырып, тегіс салалы бұлшықет жасушасында цГМФ көбейтеді және иондалған кальцийді азайтады. Осыдан бұлшықет жасушасы босаңсып, тамырды (тәж артериясын) кеңітеді.
2. Венадилятациялық және шамалы болса да артериядилятациялық әсерінен жүрекалды және жүрекарты күштемені азайтып, жүректің қызметін жеңілдетеді.
3. Коллатеральдік тамырларды кеңіту арқылы ишемияға ұшыраған ошаққа қан келуін арттырады.
4. Тромбоциттердің агрегациясын төмендетіп, микроциркуляцияны жақсартады.
Қолданылуы: - стенокардия ұстамасын басу және алдын-алу;
- миокард инфарктінің қалпына келтіру емінде.
Жағымсыз әсері: ЖҚТЖ: бас айналу, бас ауруы, тахикардия, теріде гиперемия, қызба, артериялық гипотензия; АҚЖ: жүрек айну, құсу; ОНЖ: психотикалық реакциялар, мазасыздық; Аллергиялық реакциялар; метгемоглобинемия.
Қарсы көрсетпелері: Шок, коллапс, артериялық гипотензия АҚ< 100/60 мм с.б.б., артериялық гипотензиямен байланысты жедел миокард инфаркті, гипертрофикалық обструктивті кардиомиопатия, констриктивті перикардит, жүрек тампонадасы, өкпенің токсикалық ісінуі, жабық бұрышты глаукома көз ішілік қысымның жоғарылауы, нитраттарға жоғары сезімталдық.
Лизиноприл 5 мг 1 таблеткадан 2 рет / тәулігіне ішуге, сағат 9:00 -21:00
Тобы: Антигипертензивті дәрілер, ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы.
Әсер ету механизмі: Ангиотензин І-ді ангиотензин ІІ-ге айналдыратын фермент – дипептил-карбоксипептидазаны тежейді, сол арқылы брадикинин бейттараптануы азаяды, альдостеронның синтезі мен шығарылуы төмендейді. Ангиотензин ІІ-нің түзілуін азайтып, антигипертензиялық әсерімен қатар тамыр қабырғасындағы тегіс салалы бұлшықеттің және миокардтың гипертрофиясын кері қайтарады.
Қолданылуы: - артериялық гипертензия (моно- және комбинирленген терапия);
- науқастың клиникалық жағдайы тұрақты жедел миокард инфаркті;
- инфаркттан кейінгі период;
- созылмалы жүрек жетіспеушілігі
Жанама әсерлері: - брадикининнің жиналуынан болатын құрғақ жөтел 13%;
- церебральдік – бас ауру (13%), бас айналу (5%), ұйқысыздық;
- ас қорыту ағзаларынан – жүрек айну, іштің өтуі немесе қатуы, ауыздың құрғауы, дәмдә сезбеу, бауыр ферменттерінің жоғарылауы;
- бүйректік – гиперкалиемия, сиректеу гипернатриемия; протеинурия (1%), полиурия, бүйректің шамасыздығы (0,1%);
- терілік – қышынатын бөртпе, есекжем, сиректеу –ангионевротикалық ісіну;
- гематологиялық – нейтропения, анемия, тромбоцитопения;
Қарсы көрсетпелері: аллергиялық реакциялар, лейкопения, тромбоцитопения, жүктілік, лактация уақытында, реноваскулярлық процестер, бүйрек шамасыздығы.
Индап 2,5 мг 1 таблеткадан 1 рет / тәулігіне таңертең ашқарынға ішуге, сағат 7:00
Тобы: Гипотензивті әсерлі диуретик, екінші текті тиазидтік диуретик, сульфонамид туындысы.
Әсер ету механизмі: Қан тамыр қабырғасына норадреналин мен ангиотензин ІІ-нің реактивтілігін төмендетеді, простогландин синтезін жоғарылатады, қантамыр кеңеюін қамтамасыз етеді.
Қолданылуы: артериялық гипертензия
Жанама әсерлері: ЖҚТЖ: ортостатикалық гипотензия. АҚЖ: жүрек айну, эпигастрий аймағында жағымсыз сезім. ОНЖ: әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, невроздық. С.қ: гипокалиемия, гиперуремия, гипергликемия, гипонатриемия, гипохлоремия.
Қарсы көрсетпелері: бауыр мен бүйректің ауыр бұзылыстары, гипокалиемия, аллергиялық реакциялар, жүктілік, лактация уақыты.
Аспирин 500 мг ¼ таблеткадан 1 рет / тәулігіне сағат 20:00-де тамақтан соң ішуге.
Тобы: антиагрегант, ацетилсалицил қышқылы.
Әсер ету механизмі: Циклоксигеназаны тежеу арқылы арахидон қышқылынан тромбоксанның (қуатты антиагрегант болып табылатын) түзілуіне алып келеді.
Қолданылуы: ревматизм, ревматоидты артрит, инфекциялық-аллергиялық миокардит,
Жанама әсерлері:
Кетонал (1мл-50мг, 1амп-100мг) 2,0мл бұлшықет ішілік инъекция тәулігіне 1 рет
Тобы: Ауырсынуды басушы заттар, наркотикалық емес ауырсынуды басушы стероидты емес қабынуға қарсы препарат, пропион қышқылы туындысы.
Әсер етуші зат: кетопрофен
Әсер ету механизмі: Простагландиндердің түзілуін тежейді, циклооксигеназа деңгейінде, сонымен қатар липооксигеназаны тежейді, антибрадикининдік активтілік көрсетеді, лизосомальді мембрананы тұрақтандырады. Әсері: ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, температураны түсіруші.
Қолданылуы: Жүйелік қолданылуы: - әртүрлі генезді ауырсыну синдромын басу (операциядан кейінгі ауырсыну, сүйек метастазы кезіндегі ауырсыну, жарақаттан кейінгі ауырсыну);
- қабыну, қабыну-дегенеративті және буынның метаболикалық ауруларының симптоматикалық емінде (ревматоидты артрит, анкилоздаушы спондилит, псориатикалық артрит, остеоартроз, подагралық артрит);
- буыннан тыс ревматизм (тендинит, бурсит, капсулит).
Жергілікті қолданылуы: тірек-қимыл аппаратының қабыну, қабыну-дегенеративті ауруларының симптоматикалық емінде (артрит, периартрит, синовит, тендинит, бурсит);
- асқынбаған жарақаттар (соғып алу, қысылу, шығулар, жарақаттан кейінгі ауырсыну және ісіну).
Жағымсыз әсері: АҚЖ: 3-9% құсу, метеоризм, іштің ауырсынуы, диарея. 1-3% анорексия, құсу, стоматит. ОНЖ: бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, көңіл күйдің төмендеуі. Аллергиялық реакциялар: қышу, эритема, ісіну.
Қарсы көрсеткіштері: - асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы, өршу сатысы;
- бауыр функциясының ауыр бұзылысы;
- бүйрек функциясының ауыр бұзылысы;
- жүктілік;
- лактация кезеңі;
- 14 жасқа дейінгі балалар;
- проктит;
- препаратқа жоғары сезімталдық.
Диклофенак ерітіндісі 2,0 мл (1амп-75мг) тәулігіне 1 рет бұлшықет ішілік инъекция.
Тобы: Стероидты емес қабынуға қарсы препарат, фенилсірке қышқылы туындысы
Әсер етуші зат: диклофенак натрий
Әсер ету механизмі: циклооксигеназа активтілігін тежейді, ол арқылы простагландиндер синтезі тежеледі. Шеміршектегі протеогликан синтезін тежейді. Әсері: ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, температураны түсіруші.
Қолданылуы: - қабыну, қабыну-дегенеративті және буынның метаболикалық ауруларының симптоматикалық емінде буындық синдром (ревматоидты артрит, анкилоздаушы спондилит, псориатикалық артрит, остеоартроз, подагралық артрит);
- буыннан тыс ревматизм (тендинит, бурсит, капсулит).
- тірек-қимыл аппаратының созылмалы қабыну, қабыну-дегенеративті ауруларында (артрит, периартрит, синовит, тендинит, бурсит);
- асқынбаған жарақаттар (соғып алу, қысылу, шығулар, жарақаттан кейінгі ауырсыну және ісіну).- омыртқаның ауырсынуы, невралгияда, миалгия, арталгия.
- әртүрлі генезді ауырсыну синдромын басу (операциядан кейінгі ауырсыну, сүйек метастазы кезіндегі ауырсыну, жарақаттан кейінгі ауырсыну, подагра, аднексит, колика);
Жағымсыз әсері: АҚЖ: 3-9% құсу, метеоризм, іштің ауырсынуы, диарея. Эрозивті-жаралық зақымданулар, қан кеті, АҚЖ перфорациясы. 1-3% анорексия, құсу, стоматит. ОНЖ: бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, көңіл күйдің төмендеуі. ҚЖ: анемия, лейкопения, тромбоцитопения. Аллергиялық реакциялар: қышу, эритема, ісіну.
Қарсы көрсеткіштері: - асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы, өршу сатысы;
- себебі белгісіз қан түзілудің бұзылысы;
- жүктілік; лактация кезеңі;
- препаратқа жоғары сезімталдық
X – БӨЛІМ
