- •Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)
- •Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •Аурудың өмір тарихы
- •Объективті мәліметтер Жалпы қарау
- •Жүрек тамыр жүйесін тексеру
- •Тыныс жүйесін тексеру
- •Ас қорыту жүйесін тексеру
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру
- •Нерв жүйесін тексеру
- •Ішкі секреция бездері жүйесі
- •Алғашқы (болжамды) диагноз
- •Зерттеу жоспары
- •Параклиникалық зерттеу нәтижелерін сараптау
- •Невропатологтың кеңесі
- •Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
- •Дифференциалды диагностика
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •5. Лабораториялық-аспаптық зерттеу нәтижелері негізінде:
- •Невропатологтың кеңесі
- •6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:
- •Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10
- •Болжамы
Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
Жүректік синдром - ауыр физикалық күш түскен кезде, 100 метр шамасымен жүргенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы ұстамасы, ЭКГ-лық: ЖЭО солға ығысқан (R тісшесі биік І стандартты тіркемеде), Сол қарыншаның гипертрофия белгілері (сол жақ тіркемелерде – І, аvL, V5-V6 - R тісшесі биік, оң жақ тіркемелерде – ІІІ, аvF, V1-V2 – S тісшесі терең), күнделікті үйреншікті дене қызметінен шаршағыштық, ентігу (жүрек шамасыздығының белгісі).
Артериялық гипертония синдромы - артериялық қан қысымының сол қолда 170/100мм с.б.б., оң қолда 178/110мм с.б.б. жоғарылауы.
Цереброваскулярлы синдром – қан қысымы жоғарылаған кезде пайда болатын, 1-1,5 сағатқа созылатын, гипотензивті (каптоприл 25мг) бір таблеткасын ішкен соң басылатын, бастың төбе-шүйде бөлімдерінің ауырсынуы; құлақтың шуылдауы.
Гипертониялық ангиоретинопатия синдромы - көз түбі – артериялары біркелкі емес калибрлі, бірнеше веналары кеңейген.
Нейробұлшықеттік синдром - артық қозғалыс жасағанда күшейетін, 30 минут – 1сағатқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, оң қолға таралатын оң иық белдеуі аймағының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы.
Жалпы қабынулық синдромы – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
Астено-вегетативтік синдромы – жалпы әлсіздік.
VII – БӨЛІМ
Дифференциалды диагностика
VIII – БӨЛІМ
Клиникалық диагнозды негіздеу
1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде: Ауыр физикалық күш түскен кезде, 100 метр шамасымен жүргенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы, ентігу, қан қысымы жоғарылаған кезде пайда болатын, 1-1,5 сағатқа созылатын, гипотензивті (каптоприл 25мг) бір таблеткасын ішкен соң басылатын, бастың төбе-шүйде бөлімдерінің ауырсынуы, құлақтың шулауы, артық қозғалыс жасағанда күшейетін, 30 минут – 1сағатқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, оң қолға таралатын оң иық белдеуі аймағының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы, жалпы әлсіздік, күнделікті үйреншікті дене қызметінен шаршағыштық.
2. Қазіргі аурудың даму тарихы негізінде: Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 2 жыл болған. Аурудың алғашқы белгілері ауыр физикалық күш түскен кезде төс артының ашып 1-2 минутқа созылатын, өздігінен басылатын ауырсынуы. Сол шағымдар қайталанып отыруына байланысты, аймақтық поликлиника дәрігеріне қаралған. 2010 жылдың ақпан айында Түркістан орталық ауруханада, наурыз, тамыз айларында, 2011 жылдың ақпан айында ХҚТУ клиникасында осы ауруы бойынша ем қабылдаған, емі нәтижелі. Нитраттардың ішінен тек нитроглицеринді ұстама кезінде қабылдаған. Тексерілген лабораториялық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері: ФЛГ – 17.02.11 № 1302. микрореакция – 21.02.11 теріс нәтижелі. ҚЖА: гемоглобин – 124 г/л, эритроцит – 3,8 * 10¹²/л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоцит – 6,5 * 10^9/л, ЭТЖ – 5 мм/сағ. НЖА: мөлшері – 60мл, мөлдірлігі – мөлдір, түсі - сабан сары, тығыздығы – 1020, реакциясы – 5,0, белок – 0,033%, Лейкоцит -3-4к/а, шырыш + +, урат +. Қанның биохимиялық анализі: мочевина 5,5 ммоль/л, глюкоза 5,0ммоль/л, жалпы билирубин – 13,6 мкмоль/л, холестерин – 6,1 ммоль/л. Нәжісті гельминт жұмыртқасына тексеру – 19.02.11. – теріс нәтижелі. ЭКГ (19.02.11) – ритм синусты, ритм ырғақты, вольтажы сақталған, ЖСС – 60 рет/минутына, ЖЭО солға ығысқан. УДЗ (21.02.11) – қорытындысы эхо патологиясыз. Соңғы кезде жоғарыдағы шағымдар мазалаған соң жолдамамен ХҚТУ клиникасының терапия бөлімшесіне жатқызылды.
3. Өмір тарихының негізінде: 2006 жылдан бастап артериялық гипертониямен ауырады, ең жоғары қан қысымы 200/110 мм.с.б.б. 2006 жылы артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қан қысымы көтерілгенде капотен бір таблеткасын қабылдап жүрген. Оң иық белдеуі аймағының ауырсынуы 6 ай бұрын біртіндеп басталған, 15-20 минутқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, уақыт өте келе аздап артық қозғалыс жасағанда күшейетін болған, дәрігерге қаралмаған.
4. Объективті мәліметтер негізінде: Жүрек тұсын қарау: Жүрек ұшы түрткісі жайылмалы, күшті, серпімді, солға ығысқан. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісі күшейген, ауданы үлкен, солға ығысқан, бұғана орта сызығынан 0,5см ішке орналасқан (қ.ж. V қаб.арал бұғ орта сызығынан 1-1,5 см ішке). Жүректің перкуссиясында сол жақ шала тұйықталған шегі солға ығысқан.
Жүректің шала, нағыз тұйықтығының шектері
Шектер |
Шала |
Нағыз |
Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы |
IV Қаб аралығы оң жағында 1см сыртқа V Қаб аралық бұғана орта сызығынан 0,5см сыртқа (1-1,5см ішке қалыптыда) Сол жақ төс маңы сызығы ІІІ қаб аралық |
Жоғарғы сол жақ төс жиегі ІV қаб V қаб аралық Сол жақ шегінен 0,5см ішке
Сол жақ төс маңы сызығы ІV қабырға аралық. |
Жүрек аускультациясы: жүрек тондары басыңқы, ырғақты, аорта үстінде ІІ тон акценті. Жүректің соғу саны – 92 рет/минутына.
Артериялық қан қысымы: сол қолда 170/100мм с.б.б., оң қолда 178/110мм с.б.б., пульс жиілігі – 84 рет/минутына, оң және сол қолда бірдей (синхронды), ырғақтылығы ырғақты, толымдылығы толымды, кернеулігі күшті, жоғары.
Омыртқаның мойын бөлігіндегі С4-С5-С6 деңгейіндегі паравертебралдық нүктелерде перкуторлы ауырсыну анықталады.
