Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУРУ ТАРИХЫ ЖИА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
480.77 Кб
Скачать

Ішкі секреция бездері жүйесі

  1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.

  2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.

  3. Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.

  4. Семірулер жоқ.

  5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.

  6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, ауырсынбайды.

Қан түзу жүйесі

Қарау: тері, кілегей жамылғыларының түсі бозғылт, денесінде, бетінде геморрагиялық бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы, немесе ассиметриялық өзгеруі жоқ.

Сипау: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды.

III – БӨЛІМ

Алғашқы (болжамды) диагноз

1. Түскен кездегі шағымдарының негізінде: Ауыр физикалық күш түскен кезде, 100 метр шамасымен жүргенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы, ентігу, қан қысымы жоғарылаған кезде пайда болатын, 1-1,5 сағатқа созылатын, гипотензивті (каптоприл 25мг) бір таблеткасын ішкен соң басылатын, бастың төбе-шүйде бөлімдерінің ауырсынуы, құлақтың шулауы, артық қозғалыс жасағанда күшейетін, 30 минут – 1сағатқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, оң қолға таралатын оң иық белдеуі аймағының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы, жалпы әлсіздік, күнделікті үйреншікті дене қызметінен шаршағыштық.

2. Қазіргі аурудың даму тарихы негізінде: Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 2 жыл болған. Аурудың алғашқы белгілері ауыр физикалық күш түскен кезде төс артының ашып 1-2 минутқа созылатын, өздігінен басылатын ауырсынуы. Сол шағымдар қайталанып отыруына байланысты, аймақтық поликлиника дәрігеріне қаралған. 2010 жылдың ақпан айында Түркістан орталық ауруханада, наурыз, тамыз айларында, 2011 жылдың ақпан айында ХҚТУ клиникасында осы ауруы бойынша ем қабылдаған, емі нәтижелі. Нитраттардың ішінен тек нитроглицеринді ұстама кезінде қабылдаған. Тексерілген лабораториялық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері: ФЛГ – 17.02.11 № 1302. микрореакция – 21.02.11 теріс нәтижелі. ҚЖА: гемоглобин – 124 г/л, эритроцит – 3,8 * 10¹²/л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоцит – 6,5 * 10^9/л, ЭТЖ – 5 мм/сағ. НЖА: мөлшері – 60мл, мөлдірлігі – мөлдір, түсі - сабан сары, тығыздығы – 1020, реакциясы – 5,0, белок – 0,033%, Лейкоцит -3-4к/а, шырыш + +, урат +. Қанның биохимиялық анализі: мочевина 5,5 ммоль/л, глюкоза 5,0ммоль/л, жалпы билирубин – 13,6 мкмоль/л, холестерин – 6,1 ммоль/л. Нәжісті гельминт жұмыртқасына тексеру – 19.02.11. – теріс нәтижелі. ЭКГ (19.02.11) – ритм синусты, ритм ырғақты, вольтажы сақталған, ЖСС – 60 рет/минутына, ЖЭО солға ығысқан. УДЗ (21.02.11) – қорытындысы эхо патологиясыз. Соңғы кезде жоғарыдағы шағымдар мазалаған соң жолдамамен ХҚТУ клиникасының терапия бөлімшесіне жатқызылды.

3. Өмір тарихының негізінде: 2006 жылдан бастап артериялық гипертониямен ауырады, ең жоғары қан қысымы 200/110 мм.с.б.б. 2006 жылы артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қан қысымы көтерілгенде капотен бір таблеткасын қабылдап жүрген. Оң иық белдеуі аймағының ауырсынуы 6 ай бұрын біртіндеп басталған, 15-20 минутқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, уақыт өте келе аздап артық қозғалыс жасағанда күшейетін болған, дәрігерге қаралмаған.

4. Объективті мәліметтер негізінде: Жүрек тұсын қарау: Жүрек ұшы түрткісі жайылмалы, күшті, серпімді, солға ығысқан. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісі күшейген, ауданы үлкен, солға ығысқан, бұғана орта сызығынан 0,5см ішке орналасқан (қ.ж. V қаб.арал бұғ орта сызығынан 1-1,5 см ішке). Жүректің перкуссиясында сол жақ шала тұйықталған шегі солға ығысқан.

Жүректің шала, нағыз тұйықтығының шектері

Шектер

Шала

Нағыз

Оң жақ

Сол жақ

Жоғарғы

IV Қаб аралығы оң жағында

1см сыртқа

V Қаб аралық бұғана орта

сызығынан 0,5см сыртқа (1-1,5см ішке қалыптыда)

Сол жақ төс маңы сызығы ІІІ қаб аралық

Жоғарғы сол жақ төс жиегі ІV қаб V қаб аралық

Сол жақ шегінен

0,5см ішке

Сол жақ төс маңы сызығы ІV қабырға аралық.

Жүрек аускультациясы: жүрек тондары басыңқы, ырғақты, аорта үстінде ІІ тон акценті. Жүректің соғу саны – 92 рет/минутына.

Артериялық қан қысымы: сол қолда 170/100мм с.б.б., оң қолда 178/110мм с.б.б., пульс жиілігі – 84 рет/минутына, оң және сол қолда бірдей (синхронды), ырғақтылығы ырғақты, толымдылығы толымды, кернеулігі күшті, жоғары.

Омыртқаның мойын бөлігіндегі С4-С5-С6 деңгейіндегі паравертебралдық нүктелерде перкуторлы ауырсыну анықталады.

Алғашқы болжамды диагноз қойылды:

Негізгі ауруы: ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ

Конкурентті ауруы: Артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ.

Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA)

Қосымша (ілеспелі) ауру: Оң иық буыны плексопатиясы, нейробұлшықеттік синдром?

IV – БӨЛІМ