- •Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)
- •Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •Аурудың өмір тарихы
- •Объективті мәліметтер Жалпы қарау
- •Жүрек тамыр жүйесін тексеру
- •Тыныс жүйесін тексеру
- •Ас қорыту жүйесін тексеру
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру
- •Нерв жүйесін тексеру
- •Ішкі секреция бездері жүйесі
- •Алғашқы (болжамды) диагноз
- •Зерттеу жоспары
- •Параклиникалық зерттеу нәтижелерін сараптау
- •Невропатологтың кеңесі
- •Клиникалық синдром және симптомдарын айыру
- •Дифференциалды диагностика
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •5. Лабораториялық-аспаптық зерттеу нәтижелері негізінде:
- •Невропатологтың кеңесі
- •6. Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесіне сүйене отырып келесі клиникалық диагноз қойылды:
- •Ем жоспарын тағайындау (препараттың әсер ету механизмі, қолдану көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсері) Режим 2, Диета № 10
- •Болжамы
Объективті мәліметтер Жалпы қарау
Санасы: айқын
Қалпы: активті
Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта
Дене бітімі: нормостениялық
Бойы: 161см, дене массасы: 58 кг
Тері жамылғысы: көзге көрінетін кілегей қабаттары, тері бозғылт, ылғалдылығы орташа, тургоры сақталған, патологиялық пигментациялар, бөртпелер жоқ, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжем, жара, ұшық жоқ. Қанталау, қасынған іздер, «тыртықтар, жұлдызшалары» жоқ.
Тері өсінділерінің даму барысы: шашы ақшыл, жылтыр, тегіс, тырнақтарының пішіні қалыпты, беті тегіс жылтыр.
Тері асты шел қабаты: орташа, ісінулер жоқ.
Көздері: склерасы қалыпты, жарыққа реакциясы бар.
Дене қызуы: 36,7 С
Жүрек тамыр жүйесін тексеру
Жүрек тұсын қарау: Жүрек тұсында томпаюлар,пульсациялар жоқ, Жүрек ұшы түрткісі жайылмалы, күшті, серпімді, солға ығысқан. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісі күшейген, ауданы үлкен, солға ығысқан, бұғана орта сызығынан 0,5см ішке орналасқан (қ.ж. V қаб.арал бұғ орта сызығынан 1-1,5 см ішке).Систолалық немесе диастолалық дірілдің, «мысық пырылы» белгісі жоқ. Мойын артериялары ісінбеген, коротид биі жоқ.
Перкуссия: Жүректің шала, нағыз тұйықтығының шектері
Шектер |
Шала |
Нағыз |
Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы |
IV Қаб аралығы оң жағында 1см сыртқа V Қаб аралық бұғана орта сызығынан 0,5см сыртқа (1-1,5см ішке қалыптыда) Сол жақ төс маңы сызығы ІІІ қаб аралық |
Жоғарғы сол жақ төс жиегі ІV қаб V қаб аралық Сол жақ шегінен 0,5см ішке
Сол жақ төс маңы сызығы ІV қабырға аралық. |
Жүректің перкуссиясында сол жақ шала тұйықталған шегі солға ығысқан.
Жүрек аускультациясы: жүрек тондары басыңқы, ырғақты, аорта үстінде ІІ тон акценті. Жүректің соғу саны – 92 рет/минутына.
Артериялық қан қысымы: сол қолда 170/100мм с.б.б., оң қолда 178/110мм с.б.б., пульс жиілігі – 84 рет/минутына, оң және сол қолда бірдей (синхронды), ырғақтылығы ырғақты, толымдылығы толымды, кернеулігі күшті, жоғары.
Тыныс жүйесін тексеру
Мұрын: Мұрынмен тыныс алуы еркін.
Дауысы: қалыпты
Кеуде сарайын қарау. сыртқы пішіні қалыпты, конус тәрізді.. Екі өкпесі де симметриялы тыныс алу актісіне қатысады. ТАЖ минутына 18 рет
Перкуссия: Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігін алдыңғы 3см және артқы беті VІІ омыртқада, Кренинг кеңістігінің ені 6см.
Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: қолтық алдыңғы сызықта 5 см, жауырын асты сызығы бойынша дем алғанда 3 см, дем шығарғанда 3см жалпы 6. Перкуссияда: Анық өкпе дыбысы
Тексеру қорытындыларын кесте ретінде келтіру
Танымал сызықтар |
Оң жақ өкпе |
Сол жақ өкпе |
1.Төс қасы сызығы 2.Бұғана ортасы сызығы 3.Алдыңғы қолтық асты сызығы 4.Ортаңғы қолтық асты сызығы 5.Артқы қолтық асты сызығы 6.Жауырын сызығы 7.Омыртқа асты сызығы |
V VІ VІІ VІІІ ІX X XІ кеуде омыртқа тұсы |
- - VІІ VІІІ ІX X XІ кеуде омыртқа тұсы |
Өкпенің салыстырмалы аускультациясы: Өкпесінде везикулалық тыныс. Крепитация, сырылдар жоқ.
