Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУРУ ТАРИХЫ ЖИА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
480.77 Кб
Скачать

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік

Университеті

Медицина факультеті

Терапия кафедрасы

Науқас: Нарегеева Салтанат

Клиникалық диагноз:

Негізгі ауруы: ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ

Конкурентті ауруы: Артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ.

Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA)

Қосымша (ілеспелі) ауру: Оң иық буыны плексопатиясы, нейробұлшықеттік синдром?

Курация уақыты: 14.03.11 – 28.03.11

Студент: Алмуханбетова М.С.

Тобы: ЕІ – 601

Қабылдаған: м.ғ.к., доцент Рахымбердиев Д.С.

Түркістан 2011

Ресми мәлімет (пасторттық бөлім)

1.Фамилиясы, аты, тегі: Нарегеева Салтанат Габбасовна

2.Жасы: 71жаста. 10.01.1940ж

3.Жынысы: әйел

4.Білімі: жоғары

5.Жұмыс орны: зейнеткер

6.Аурудың мекен - жайы: ОҚО, Түркістан қаласы, Сырым Батыр №21

7.Ауруханаға түскен күні, сағаты: 14.03.2011ж сағ: 10:15

8.Ауруханадан шыққан күні:

9.Клиникалық диагноз:

Негізгі ауруы: ЖИА, Күштемелі тұрақты стенокардия ФК ІІІ

Конкурентті ауруы: Артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ.

Асқынуы: Жүрек шамасыздығы функцияналдық класы ІІ (NYHA)

Қосымша (ілеспелі) ауру: Оң иық буыны плексопатиясы, нейробұлшықеттік синдром?

I – БӨЛІМ

Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары

Ауыр физикалық күш түскен кезде, 100 метр шамасымен жүргенде пайда болатын 10-15 минутқа созылатын, нитроглицериннің бір таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол иыққа, сол жауырынға таралатын төс артының ашып ауырсынуы, ентігу, қан қысымы жоғарылаған кезде пайда болатын, 1-1,5 сағатқа созылатын, гипотензивті (каптоприл 25мг) бір таблеткасын ішкен соң басылатын, бастың төбе-шүйде бөлімдерінің ауырсынуы, құлақтың шулауы, артық қозғалыс жасағанда күшейетін, 30 минут – 1сағатқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, оң қолға таралатын оң иық белдеуі аймағының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы, жалпы әлсіздік, күнделікті үйреншікті дене қызметінен шаршағыштық.

Аурудың даму тарихы

Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 2 жыл болған. Аурудың алғашқы белгілері ауыр физикалық күш түскен кезде төс артының ашып 1-2 минутқа созылатын, өздігінен басылатын ауырсынуы. Сол шағымдар қайталанып отыруына байланысты, аймақтық поликлиника дәрігеріне қаралған. 2010 жылдың ақпан айында Түркістан орталық ауруханада, наурыз, тамыз айларында, 2011 жылдың ақпан айында ХҚТУ клиникасында осы ауруы бойынша ем қабылдаған, емі нәтижелі. Нитраттардың ішінен тек нитроглицеринді ұстама кезінде қабылдаған. Тексерілген лабораториялық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері: ФЛГ – 17.02.11 № 1302. микрореакция – 21.02.11 теріс нәтижелі. ҚЖА: гемоглобин – 124 г/л, эритроцит – 3,8 * 10¹²/л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоцит – 6,5 * 10^9/л, ЭТЖ – 5 мм/сағ. НЖА: мөлшері – 60мл, мөлдірлігі – мөлдір, түсі - сабан сары, тығыздығы – 1020, реакциясы – 5,0, белок – 0,033%, Лейкоцит -3-4к/а, шырыш + +, урат +. Қанның биохимиялық анализі: мочевина 5,5 ммоль/л, глюкоза 5,0ммоль/л, жалпы билирубин – 13,6 мкмоль/л, холестерин – 6,1 ммоль/л. Нәжісті гельминт жұмыртқасына тексеру – 19.02.11. – теріс нәтижелі. ЭКГ (19.02.11) – ритм синусты, ритм ырғақты, вольтажы сақталған, ЖСС – 60 рет/минутына, ЖЭО солға ығысқан. УДЗ (21.02.11) – қорытындысы эхо патологиясыз. Соңғы кезде жоғарыдағы шағымдар мазалаған соң жолдамамен ХҚТУ клиникасының терапия бөлімшесіне жатқызылды.

Аурудың өмір тарихы

Нарегеева Салтанат, 1940 жылы БҚО, Ақтөбе қаласында оныншы қаңтарда дүниеге келген.

Әлеуметтік анамнезі - туған жанұясының жағдайы жақсы, отбасында 7 бала үшінші бала болып туылды, тұрмысы, тамақтану жағдайы жақсы

Балалық шағы - балалық шағындағы өсіп-жетілуі жасына сай, жұқпалы аурулармен қызылша,гепатит т.б аурулармен ауырмаған. Мектептегі оқу кезеңі: 7 жаста мектепке барды, сабаққа үлгерімі жақсы, 10 жыл оқыды Мектепте дене шынықтыру сабағына қатысуы белсенді Менструальді циклі 15 жасында 5 күн ұзақтықта келген.. Арнайы жоғары білімі – Алматы өнер институын бітірген. 24 жасында тұрмыс құрған, 2 қыз 2 ұлы бар, аборт жасатпаған, түсік болмаған.

Кәсіптік анамнезі – 24 жастан бастап Қарағанды театрында әртіс болып 45 жыл жұмыс істеген. Осы кездегі жұмыс уақытының ұзақтығы 6 сағат, дене жаттығуларымен, суда жүзумен айналысқан.

Зиянды әдеттері – жоқ, жас кезінде той-жиындарда арақ-шарап қолданған.

Ауырған аурулары - 2006 жылдан бастап артериялық гипертониямен ауырады, ең жоғары қан қысымы 200/110 мм.с.б.б. 2006 жылы артериялық гипертония ІІІ дәрежелі, жоғары қауіп тобы ІІІ диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қан қысымы көтерілгенде капотен бір таблеткасын қабылдап жүрген. Оң иық белдеуі аймағының ауырсынуы 6 ай бұрын біртіндеп басталған, 15-20 минутқа созылатын, апифлора кремін (шөптерден жасалған экстракт) жергілікті жағып массаж жасағанда басылатын, уақыт өте келе аздап артық қозғалыс жасағанда күшейетін болған, дәрігерге қаралмаған. Операциялар, зақымдар, басқа аурулар болмаған.

Аллергиялық анамнез - дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттерінің, тағамдарға, тұрмыстық заттарға сезімталдығы жоқ.

Тұқым қуалаушылық - туысқандарыньң денсаулығы жақсы. Анасы АГ-мен ауырған, бауырлары ауырмаған.

Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған.

II – БӨЛІМ