Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.61 Кб
Скачать

2 Қосымша Сабақ өткізу барысындағы қауіпсіздік шаралары Электрленген құрылғылары бар сыныптарда сабақ өткізу

Сынып құрылғыларымен, пульттармен жұмыс істеуге студенттерге рұқсат беріледі:

- сабақта оқытушының басшылығымен;

- өзіндік дайындықта оқытушының басшылығымен.

Тыйым салынады: (оқытушының рұқсатынсыз):

- стендтан макетті және бөлшектерін шешуге;

- электрлі аппартты қосуға және өшіруге;

- құрылғылардың орнын ауыстыруға;

- аппаратураны шығаруға;

- тумблерді ауыстыруға;

- кафедраның оқу-материалдық база элементтерін бөлшектеуге.

Құрылғылардың сақталуына және сабақ барысында белгіленген тәртіпті орындауға жауапты тұлғалар және командир жауапты.

Сап қимылы кезінде

Барлық студенттер орын ауыстырған кезде ҚР ҚК саптық жарғы талаптарын басшылыққа алулары керек.

Барлық студенттерге тыйым салынады:

- сап тәртібін бұзуға;

- өз еркімен тәртіпті бұзуға;

- командирдің бұйрықтарын өзгелерге кедергі жасай отырып баяу орындауға;

- рұқсатсыз саптан шығуға;

- кафедрадан тыс жерде, сапты қызыл жалаушасы бар белгішілердің рұқсатынсыз бұзуға.

Әсіресе көп құрылғылар бар кезде қозғалысқа абай болу керек.

Алдыда тұрған қатер туралы артта келе жатқандарға міндетті түрде ескерту керек.

Автокөліктегі қозғалыс кезінде (автотягач)

Барлық студенттерге тыйым салынады:

- автокөлікке отырғызу кезінде саптық жарғы талаптарын бұзуға;

- көлік тоқтағанша отырғызуды жүргізу;

- жеке құрамды тасымалдауға үшін жабдықталмаған, ЖЖМ және оқ-дәрілер бар автоклікте жүруге;

- көліктің бортында отыруға, тұруға, кузовта орын ауыстыруға;

- қозғалыс барысында – ұйықтауға, шылым шегуге, шұғыл бұрылыстар жасауға, қаруды “белдікте”, “кеудеде”, “арқада” ұстауға;

- жолдың сол жағына түсіруге;

- көлдіктің арасында жүруге және астында ұйықтауға;

- Жұмыс істеп тұрған машина кабинасында демалуға;

- машинаны басқаруға;

- бақылаушыларға алаңдауға;

-бақылаушылар орманды жерге келгенде жеке құраға алдағы кедергілер туралы ескерту жасаулары керек;

- өзге тұлғаларды кузовқа отырғызуға;

- бейтаныс адамдармен сөйлесуге.

Қаруды тазалау кезінде және сабақта

Студенттерге тыйым салынады:

  • қаруды адамдарға және техникаға кезеп жаттығуға;

  • оғы бар қаруды адамдарға бағыттауға;

Ату дайындығы юойынша сабақ және жаттығу алдында оқтың болмауын қадағалау.

Әскерлерде студенттермен оқу-жаттығу жүргізу барысында

ҚР ҚК ішкі қызмет жарғы баптарына сәйкес қауіпсіздік шаралары бойынша командирдің және оқытушының талаптарын орындау.

Тыйым салынады:

  • жарылғыш заттарды бөлшектеуге және көтеруге;

  • оқтарды сақтауға;

  • «Кіруге тыйым салынған аймақ» белгісі бар қоршауға кіруге;

  • сабақтан кейін ракеталарды, шашкаларды, жарылғыш заттары бар пакеттерді, оқ-дәрілерді сақтау және жасыру.

Тыйым салынады:

- өзге тұлғаларға пайдалану үшін құралдарды беруге тыйым салынады;

- құр оқ-дәрі пайдалануда атуға;

- адамдар және техника жаққа жарылғыш заттарды және ракеталарды лақтыру.

Найзағай кезінде

Тыйым салынады:

- радиобекеттер және телефон арқылы сөйлесуге;

- тоғайлардың астында, тоқ жүйелерінің астында тұруға;

- металл құралдардың мұнараның жанында болуға.