Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.61 Кб
Скачать

1 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат*). Жалпы жағдайы. Сапты басқару үшін берілетін пәрмендер мен бұйрықтар. Командирлер мен әскери қызметшілердің сапқа түрардағы және саптағы міндеттері. Саптық тұрыс. «Тік тұр», «түзел», «еркін тұр»,т.б. пәрмендерді орындау. Өз орнында тұрып бұрылу.

2сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат*). Қозғалыс. Саптық және жорықты адыммен қозғалыс жасау, өз орнында тұрып бұрылу.

3сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат*). Саптан тыс баскиімсіз (бас киіммен)өз орнында тұрып әскери сәлемдесуді орындау. Саптан шығу және сапқа оралу. Бастыққа келу және одан кету.

2 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс

1сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат*). Қарумен саптық қалып. Орынында қарумен әдістерді орындау. Өз орнында тұрып және қозғалыста әдістерді қарумен орындау.

2сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат*). Саптан тыс және өз орнында тұрып қарумен әскери сәлемдесуді орындау.Сапқа кіру және саптан шығу, қарумен бастыққа келу және одан кету.

Бақылау сабағы1,2 тақырып бойынша (2 сағат*)

15 Бөлім. Әскери-медициналық дайындық

Оқытудың міндеттері:

Әскери-медициналық дайындықтың негізгі міндеті-запастағы офицерлерді әскери дайындық барысында, жөндеу-құрылыс және шаруашылық жұмыстарында өз-өзіне және өзгелерге жараланған сәттерде, травма алғанда және ұрыста жарақаттанғанда, зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау болып табылады.

Пәнді оқып-үйрену барысында студенттер

әскери қызметшілердің жеке және жалпы гигиенасы талаптарын;

жарақаттанғанда, сүйек сынғанда және қан кету жағдайында алғашқы көмек көрсетуді;

радиоактивтік, улағыш және әсері қатты улы заттармен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін;

іздеу тәртібін, техникадан жаралыны алаңға алып шығу тәртібін білуі тиіс.

Сонымен бірге

жеке және қоғамдық гигиена ережелерінің сақталуын;

жаралыларды іздестіріп, оларды ұрыс даласынан алып шығу жұмыстарын;

стационарлық және даладағы жағдайларда бөлімшеде қарапайым санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу жұмыстарын білуі қажет.

әр түрлі қарулардан травма, күйік сияқты зақым алған кезде және кейбір сырқат түрлерінде алғашқы медициналық көмек беруге;

ұрыста, жауынгерлік дайындық барысында және шаруашылық жұмыстар кезінде, сондай-ақ кейбір сырқат түрлерінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге дағдылануы керек.

Әдістемелік нұсқаулар:

Әрбір сабақтың басында оқытушы табельдік және қолда бар заттарды пайдалана отырып алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын түсіндіріп, көрсетеді.

Тәсілдерді орындау үшін студенттер екі топқа бөлінеді, олардың әр біреуі шартты түрде жаралыларға кезекпен көмек көрсетеді. Бұл тәсілдерді орындағаннан кейін оны нормативте көрсетілген уақыт бойынша орындауға жаттықтырылады.

Өзіндік дайындық сағатында жараланғанда және бақытсыз жағдайлар орын алған кезде алғашқы көмек көрсету бойынша студенттердің білімдері тереңдетіледі.

Студенттердің әсери–медициналық дайындық бойынша дағдылары тактикалық-арнайы сабақтарда жетілдіріледі. Осы мақсатта қажетті дайындықтың (ату дайындығы т.б.)басқа да түрлерін кең пайдалану керек.

Бағдарлама бөлімдері

Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны

Сағат саны

БАРЛЫҒЫ

ЖОО

Оқу жаттығу кезінде

Барлығы ЖОО

Дәрістер

Семинар

Топтық

Практикалық

Оқу жаттығу кезінде барлығы

Дәрістер

Практикалық

15.

15 Бөлім. Әскери-медициналық дайындық

6

4

4

2

2

№ 1. Жараланғанда, сүйек сынғанда және күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Сыртынан қан кетуді уақытша тоқтату әдістері

2

2

2

№ 2. Радиоактивтік, улағыш және әсері қатты улы заттармен уланған кезде көрсетілетін алғышқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу

2

2

2

№ 3. Жараланған науқастарды тасымалдаудағы негізгі құралдар және әдістері. Тасымалдау ережесі, жаралыларды тиеу және транспорттық құралдардан түсіріп алу

2

2

2

*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады