Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.61 Кб
Скачать

19 Тақырып. Роталық тактикалық жаттығу

Күшейтілген мотоатқыштар ротасының қарапайым талқандау құралы көмегімен қорғаныстағы қарсыласқа шабуылы, шабуылдың дамуы.

Қорғанысқа көшу. Қорғанысты ұрысты жүргізу.

7 Бөлім. Әскери топография

Оқытудың міндеттері:

Топографиялық карталардың мақсаты мен міндеттерін білетін, жергілікті жердегі жауынгерлік міндеттерін тактикалық қасиеті бойынша оперативтік зерттеп, дұрыс бағалай алатын, нысандардың координаттарын анықтау барысында топографиялық карталарды тиімді пайдалана алатын, бөлімшенің ұрыстық графикалық құжаттарын дұрыс жасай алатын студенттер даярлау.

Пәнді оқу барысы нәтижесінде студенттер:

жергілікті жердің әр түрлілігі мен тактикалық қасиетін, оның ұрыстағы сарбаз әрекетіне әсерін;

жергілікті жерде картасыз қашықтықты өлшеп, бағдарлау әдістерін;

негізгі графикалық құжаттардың түрлері мен мақсатын, оны жасау тәртібі мен взводта жүргізу әдісін;

топографиялық және арнаулы карталардың мақсаты мен мазмұнын, олардың масштабын, оларды сызу және номенклатурасын;

топографиялық карталардың негізгі белгілері мен оларды оқу ережелерін;

карталардың масштабын, олардың номенклатуралары бойынша анықтау тәртібін және координаталық сеткаларды реттеуді;

карта бойынша жергілікт жердің элементтерін бағалау әдістерін, оларды сандық және сапалық қасиеттері бойынша анықтауды;

карта бойынша абсолюттік биіктікті анықтауды, көтерілу биіктігін, көріну ара қатынасын, құламалардың формаларын анықтау тәртібін;

карта бойынша тікбұрышты координат нысандарын анықтау тәртібін;

азимуттар бойынша қозғалу үшін мәліметтерді дайындау тәртібін;

бөлімшелерді түнгі ұрыс қимылдарына дайындау барысында карта бойынша жергілікті жердің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Сонымен бірге:

картасыз жергілікті жерді бағдарлауды, күндіз және түнгі мезгілдерде азимут бойынша қозғалысты іске асыруды;

бөлімдегі (взводтың) ұрыстық графикалық құжаттарды жасауды;

картаны оқи білуді, оны жергілікті жермен салыстыруды, оның элементтерін бағалауды, олардың ерекшеліктерін карта бойынша анықтауды;

азимут бойынша қозғалыс мәліметтерін дайындауды;

карта бойынша координаттар нысандарын анықтаудың шамасын;

карта бойынша бөлімшенің қозғалыс ауданындағы жергілікті жерді зерттеп, бағалауды;

карта бойынша жергілікті жерді бағалауды білуі қажет.

картаның келесі бетіндегі номенклатураларды анықтауға және берілген аудандағы карталарды таңдауға;

бөлімше-взвод звеносында топографиялық карталар және графикалық құжаттармен жұмыс істеуге;

жергілікті жерді картамен және картасыз бағдарлауға;

күндіз және түнде жергілікті жерде маршрутпен азимут бойынша қозғалыс әрекетін білуге дағдылануы тиіс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл пән тактикалық дайындық пәнімен тығыз байланыста оқытылады. Сонымен бірге ұрыстағы мотоатқыштар взводы командирі міндетін орындау бойынша практикалық жұмыстарға қажетті болып табылатын студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алып, дағдыларын меңгеруін қамтамасыз етуі тиіс.

Пәнді оқытудағы негізгі оқу сабақтарының түрлері: студенттердің дәріс сабақтары, топтық және практикалық сабақтар, сондай-ақ өздік жұмыстары.

Дәрістер пәнді жүргізу алдында оқылып, студенттерді «Әскери топография» пәніне енгізу, оның әдістемесін үйрету мақсатын көздейді; сондай-ақ ұрыс жағдайының элементі ретінде жергілікті жер бойынша жүйеленген білім беріп, оның тактикалық қасиетін үйретеді.

Практикалық сабақтар студенттердің теориялық білімдерін толықтырып, бекіту, әскери топография бойынша тапсырмаларды орындау барысында алған білімдерін практикада пайдалану мақсатын көздейді. Сабақ айту, көрсету және жаттығу әдістерімен жүргізіледі.

Студенттердің білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру, әскери топография бойынша нормативтерді орындау тактикалық дайындық бойынша барлық практикалық сабақтарда жүргізілуі тиіс. Онда студенттер жергілікті жерді бағдарлау дағдыларын жетілдіріп, ұрыстық графикалық құжаттарды жасап, жүргізу барысында оның тактикалық қасиетін үйреніп, бағалау жұмыстарын жетілдірулері қажет.

Студенттерге әдістемелік дағдылар сабақтарда барлық пәндерді үйрену үшін қажет.

Бағдарлама бөлімдері

Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны

Сағат саны

БАРЛЫҒЫ

ЖОО

Оқу жаттығу кезінде

Барлығы ЖОО

Дәрістер

Семинар

Топтық

Практикалық

Оқу жаттығу кезінде барлығы

Дәрістер

Практикалық

7.

7 Бөлім. Әскери топография

12

12

2

10

№ 1. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау және азимут бойынша қозғалыс *

4

4

2

2

№ 2. Жұмыс картасын жүргізудің және оқудың негізгі ережелері. Карта бойынша өлшеу, координаттарды анықтау және нысананы дәлдеп көрсете білу. Арнайы насихат объектілерінің топографиялық белгісі

4

4

4

№ 3. Жұмыс картасын жүргізудің негізгі тәртібі

4

4

4

*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады