Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.61 Кб
Скачать

5 Тақырып. Әскери қызметшілердің психологиялық саулықтарын сақтау және оларға психологиялық көмек көрсету бойынша тәрбиеші-офицердің жұмысы.

1сабақ. Дәріс (4 сағат). Әскери қызметшілердің психикалық саулықтарының нормалары. Жүйке- психикалық тұрақсыздық. Жүйке-психикалық тұрақсыздықтың алдын алу (профилактикасы) бойынша жұмыстар. Есірткіге бейім жандарды анықтау. Бөлімшеде есірткі заттарының таралуына жол бермеу. (алдын алу)

Әскери қызметшілерді психологиялық сауықтыру және жауынгерлік қызметте төтенше жағдайлар әсерінен болатын кері психологиялық зардаптардың алдын алу. Психологиялық сауықтырудың негізгі принциптері.

6 Тақырып. Әскери ұжымның әлеуметтік- психологиялық құрылымы

1сабақ. Дәріс (2 сағат). Топтағы негізгі әлеуметтік - психологиялық түсініктер. Алғашқы әскери ұжымдардағы теріс көш басшы әрекеттер. Әскери ұжымды психологиялық зерттеудің негізгі бағытары. Топтардың негізгі белгілері мен түрлері. Әр түрлі деңгейдегі топтардың жеке тұлғаның дамуына әсері. Ұжым туралы түсінік. Әскери бөлімше- бұл ұжым. Әскери ұжымның ерекшеліктері.

7 Тақырып. Әскери мақсатта психологиялық әсер ету.

1сабақ. Дәріс (2 сағат). Психологиялық операция- психологиялық соғыстың мазұмынының басты элементі. Психологиялық әсер ету мазмұны.Қарулы күрес жағдайында келісілген, бағытталған, нысанаға байланысты бір-біріне байланысты, мақсаты, тапсырмасы, және уақыты, объектісі мен жүргізілетін шаралар формасы, әдісі мен қолдану тәсілдері бір психологиялық әдістер қолдану.

2сабақ. практикалық (2 сағат). Психологиялық соғыстың бір реттік шаралары. Қарсыластың әскеріне және халықына қарсы психологиялық операция, психологиялық соғыстың бір реттік шаралары.

8 Тақырып. Бөлімшедегі жеке құрамның моральдық - психологиялық дайындығы.

1сабақ. Дәріс (2 сағат). Психологиялық соғыс. Психологиялық әсердің түрлері. Әскерлерге психологиялық әсер ету. Жеке құрамның моральдық-психологиялық дайындығы. Бейбіт күндердегі және әскери уақыттардағы моральдық-психологиялық қамтамасыз етудің ерекшелігі. Жеке құрамның психологиялық дайындығы.

9 Тақырып. Бұхаралық ақпарат құралдарының әскери-саяси қақтығыстағы ролі.

1сабақ. Дәріс (2 сағат). Бұхаралық ақпарат құралдарының қоғамның саяси ауқымында. Саяси қақтығыс бұхаралық ақпарат құралдарының әсер ету объектісі. Бұхаралық ақпарат құралдарының саяси қақтығыстарға әсер етуін көтеру жолдары.

10 Тақырып. Әскери қызметшілерді психологиялық калпына келтіру.

1сабақ. Дәріс (2 сағат). Әскери қызметшілерді психологиялық калпына келтіру: болмысы, міндеті,құрылымы, ұйымдастырылуы. Әскери жағдайда психологиялық калпына келтірудің практикалық әдістері.

Ұрыс кезінде емдеу-тасымалдау жүйесіндегі психологиялық калпына келтіру.

Әскери қызметшілерді жүйке ауруынан қорғауды ұйымдастыру.

Бақылау сабағы. Бақылау жұмысы-2 сағ.

3 Бөлім. Ақпараттық-психологиялық күрес.

Оқытудың міндеттері:

Ақпараттық-психологиялық күрес курсын оқыту және зерттеу студентердің психологиялық соғыс теориясымен танысып, Қазақстан Республикасы Президентінің- Жоғарғы Бас қолбасшының, Қорғаныс министірінің шешіміне сай Қарулы Күштер жеке құрамын дайындау оларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған.

Бұл пәннің зерттеу объектісі әлемдік және отандық ақпараттық-психологиялық қарсы күрес ғылыми-теориялық зерттеулер мен ақпараттық-психологиялық соғыс проблемасы теориясы.

Пән мазымұны студентердің ғылыми-теориялық зерттеулер мен ақпараттық-психологиялық күрес негіздерімен таныстырып олардың теориялық және практикалық түрғыда ақпараттық-психологиялық проблемаларды танып білуіне көмектеседі.

Бөлімді оқу бағасын мұғалімдер семинар сабақтарында тексеріп бағалайды.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер:

ақпараттық-психологиялық күресті ұйымдастыру мен жүргізудің теориялық негіздерін;

бөлімшенің жеке құрамын дайындау, оны оқыту мен тәрбиелеу, әскери ұжымда жоғары деңгейде моральді-психологиялық деңгейді құрау, қарсыластың ақпаратық әсеріне қарсы тұруды ұйренуге тиіс.

Білуі керек:

Арнайы насихат формалары мен әдістерін іс жүзінде пайдалана білуге;

Жеке құрамда жоғары моральдік-психологиялық төзімділік пен ерлік және қайсарлықты шыңдай білуге;

Әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсете білуге.