- •Гүлхан нұрадин мәдениет философиясы Астана - 2010
- •Isbn 978-601-286-006-1
- •Мазмұны
- •А) Мәдениет философиясы теоретикалық пән ретінде
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Ә) Мәдениет ұғымы, генезисі
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Б) Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік теориясы
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •І тарау. Мәдениет және адам
- •А) Мәдени антропология
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Ә) Тұлға мәдениеті
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Б) Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың ара қатынасы
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Ііі тарау. Мәдениет және этнос
- •А) Этникалық және нәсілдік айырмашылық
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Ә) Мәдениет және құндылық
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Б) Бұқаралық мәдениет феномені
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •В) Мәдениет және құқық
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •IV тарау. Мәдениет және өркениет
- •А) Жаһандану жағдайындағы мәдениет
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Ә) Мәдениет және табиғат
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Б) Қазақстандағы мәдениет дамуының жай-күйі мен перспективалары
- •Өзін тексеру сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Тест сұрақтары
Гүлхан нұрадин мәдениет философиясы Астана - 2010
УДК 1/14 :008(075.8)
ББК 87.3 : 71.04я73
Н86
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары Секциясымен (№2 хаттама, 2010 жылдың 15 маусымы) басып шығаруға ұсынылды.
Атырау мұнай және газ институтының Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған.
Пікір бергендер:
Ғарифолла Есім. – филос.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі
Құрамысов Е.Қ. - филос.ғ.д., профессор, академик
Құсниденов С.Қ. - филос.ғ.д., профессор
Н86 Нұрадин Г.Б. Мәдениет философиясы : Оқу құралы. –Астана, 2010. –90 б.
Isbn 978-601-286-006-1
Мәдениет философиясы: Оқу құралы сан-салалы философияның бір бөлімі мәдениет философиясына арналған. Оқу құралында түрлі мәдени-философиялық аспектлер, мәдени-әлеуметтік феномендер және мәдениеттің негізгі салалары мәдениет философиясы контекстінде барынша жан-жақты сараланған.
Оқу құралы 5В020100 – философия мамандығының студенттеріне, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтардың оқытушылары мен студенттеріне және жалпы философиялық мәдениет салаларына қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған.
УДК 1/14 :008(075.8)
ББК 87.3 : 71.04я73
ISBN 978-601-286-006-1 © Нұрадин Г.Б., 2010
Мазмұны
Алғы сөз ...................................................................................................................... 3
І тарау. МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - КУЛЬТУРФИЛОСОФИЯ
А) Мәдениет философиясы теоретикалық пән ретінде ......................................... 5
Ә) Мәдениет ұғымы, генезисі .................................................................................. 9
Б) Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік теориясы .......................... 13
ІІ тарау. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АДАМ
А) Мәдени антропология ........................................................................................ 18
Ә) Тұлға мәдениеті .................................................................................................. 21
Б) Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың ара қатынасы ...................... 24
ІІІ тарау. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЭТНОС
А) Этникалық және нәсілдік айырмашылық ........................................................ 29
Ә) Мәдениет және құндылық ................................................................................. 34
Б) Бұқаралық мәдениет феномені.... .................................................................. 41 В) Мәдениет және құқық ........................................................................................ 46
ІV тарау. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
А) Жаһандану жағдайындағы мәдениет ................................................................ 54
Ә) Мәдениет және табиғат ...................................................................................... 59
Б) Қазақстандағы мәдениет дамуының жай-күйі мен перспективалары ........... 63
Бақылау сұрақтары .................................................................................................. 73
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................... 75
Тест тапсырмаларыры.............................................................................................. 78
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған оқу құралы философия мен оның маңызды бөлімдерінің бірі мәдениет философиясын және мәдениеттану пәндерін меңгеретін жоғары оқу орындарының студенттеріне типтік бағдарламаға сәйкес жасалған. Алғашқы ғылым ретінде танылатын философиядан бастау алған мәдениеттану тарихы көптеген мәселелер төңірегінде философия тарихымен тамырласа сабақтасып жатыр. Осы мақсатта пән бөлімдерінің жеке-жеке саралануымен өзара байланысын зерделейтін оқу құралы студенттердің стандартты материалдарды оңтайлы игеруіне өзінің зор ықпалын тигізеді.
Философия тарихы өте ертеден бастау алған мұралы ғылым, ал мәдениеттану ғылымы ХХ ғасырда ғана пайда болған жаңа пән. Дегенмен бұл ғылымдар өз алдына жеке ғылыми пән ретінде өзіндік теориялық базасын құрған, академиялық пәндер. Философия тарихындағы мәдениеттің алатын орны мен қызметінің философиялық тұстарын жете зерттеу үшін енген «мәдениет философиясын» оқу құралы ретінде көпшілік қауымға ұсыну философия тарихын жүйелеу ісіне өз пайдасын тигізе алатындығымен құнды.
Мәдениеттің қалыптасуы абсолюттік дамудағы ашық тұтастық. Мәдениет өркениеттің қуаттылығы негізінде жетіліп, дамып, жүзеге асуы қажет. Ал адамзаттық мәдениет заңдылығы мен тұтастық бірлігі айрықша. Мәдениет тұтас және әр алуан, айрықша мәдениеттердің көпжақтылығы адамзаттық мәдениеттердің болмыстық тәсілі болып табылады. Философиясыз мәдениетті немесе мәдениетсіз философияны елестету, ұғыну мүмкін емес, себебі олар бірін-бірі толықтырушы сыңаржақты ұғымдар. Философия – адамның дүниеге көзқарасын, дүниетанымын, салт-санасын, ойлау қабілетін дамыта отырып, бүтін бір халықтың мәдени-тарихи философиясын құрап, әлем халықтарының философиялық тарихын жинақтаса, мәдениет осы аталғандардың діңгегі, негізгі іргетасы болып есептеледі.
Студенттер философия тарихы мен оның негізгі мәселелерін «философия» пәні ретінде игере отырып, әлемдік деңгейдегі озық үлгілі халықтар философиясының тарихынан хабар алады. Біз бөгде халық философиясын олардың мәдениетінсіз еш анықтай алмаймыз. Бөгде мәдениет – тек өзге мәдениеттің алдында ғана өз мәніне тереңірек үңілуге тырысады. Яғни, бір мәдениеттің ерекшелігі екінші бір мәдениет арқылы танылады. Бір мән екінші бір өзге, бөгде мәдениетпен кездесіп, жанасу арқылы өз мәнін ашады. Нәтижесінде олардың арасында мәдениеттердің біржақтылығын, оқшаулығын, томаға тұйықтығын игеретін диалог, яғни сұхбаттастық пайда болады. Мәдени диалогтың немесе мәдениеттер арасындағы сұхбаттастықтың туындауы осыдан бастау алады. Біз бөтен мәдениетке жаңа сауалдар қоямыз, олар қалай қабылдасада, біз өзіміздің қойған сауалдарымызға өзімізше жауап іздейміз. Бөтен мәдениет біздің осы ырқымызға көніп, өз құшағын айқара ашып, жаңа мәндік тұрғысынан бізге жауап береді. Осындай диалогтық кездесуде екі мәдениет бір-бірімен өзара араласып, қабаттасып кетпей, әр қайсысы өз бірлігі мен ашық тұтастығын сақтай отырып, бір-бірін өзара байыта түседі. Осының негізінде ғана адамзаттық мәдениет, халықтық философия жетіліп, кемелдене береді.
«Мәдениет философиясы» атты оқу құралы оқырман студенттің аталмыш бөлімді меңгеру мақсатын тіл, этнос, табиғат, құндылық, өркениет, адам және тағыда басқа басты ұғымдармен мәдениетті байланыстыра отырып, тараулар мен тараушалар арқылы бөлімдерге бөліп, оны нақты ғылыми ақпараттар арқылы барынша жеңілдету. Аталған тараушалар ішінде сирек кездесетін мәдени антропология, инвектива, экологиялық мәдениет, тұлға мәдениеті, тұрмыстық мәдениет философиясы және т.б. сынды ұғымдарға түсінік беріліп, сараланған. Ой жүйріктігі мен талданған тақырыптарды пысықтау мақсатында 30 сұрақтан құралған 3 нұсқалық тест тапсырмалары жадыда қалған ақпараттарды бекітуде маңызға ие. Соңғы нұсқаны «қызық тест» деп атасада болады, онда студенттер қызығушылығын арттыру, ғылыми терминдер мен мағыналы сұрақтардан жалықтырып алмау мақсатында қарапайым өмірден алынған бірақ мәдени-философиялық бояуы бар сұрақтар қатары толықтырады.
Оқу құралы философия, мәдениеттану мамандығының студенттеріне, жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық мамандықтардың оқытушылары мен студенттеріне және мәдениет философиясына қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған.
Оқу құралының «мәдениет философиясы - культурфилософия» деп аталатын бірінші тарауында мәдениет философиясы мен мәдениет ұғымының пәндік аймақтары зерттеу нысанына алынса, «мәдениет және адам» атты екінші тарау аталмыш өте үлкен ұғымдар арасынан туындаған бірқатар келелі мәселелерге тоқталады, үшінші тарау «мәдениет және этнос» тақырыбына арналып ондағы құндылық, тіл, бұқаралық мәдениет сынды проблемалар аясы сараланады, соңғы «мәдениет және өркениет» атты төртінші тарау жаһандану, экология аумағын қамти келе отандық мәдениет дамуына тоқталады. Берілген тараулар мен тараушалар белгісімен жасақталған жаңаша, әрі тың ауқымды ғылыми материалдар студенттер назарына ұсынылады.
І тарау. МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - КУЛЬТУРФИЛОСОФИЯ
«Мәдениет» латын сөзі болғанымен бар әлемге адам қолынан шыққан барлық материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтитын жалпы философиялық көзқарас ретінде танымал. Өз бастауын сонау антикалық кезеңнен алатын мәдениеттанулық ойлар бертін келе зерттеу аймағы кеңейіп, өз бетінше жаңа «мәдениеттану» ғылымының пайда болуына алып келді. Қазіргі қоғамда өмір сүретін мәдени меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет нысандарын жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, мәдени факторлар мен механизмдерді сабақтастырушы «мәдениеттану» ғылымы ХХ ғасырдың ең озық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар қатарында. Осы аталған және дербес мәдениеттану ғылымының қызметтері мен процестеріне килікпей, түрлі мәдени іс-шараларға өзінше философиялық серпін, мән-мазмұн беретін мәдениет философиясы ғылымы болып табылады. Мәдениеттану ғылымымен қатарласа дамып келе жатқан мәдениет философиясы болмыс, сана, материя, қоғам, даму сынды таза философиялық проблемалармен мәдениеттің құндылықтық-танымдық жүйесі, синтетикалық нысанадары, мәдени бағалау, мәдениет қызметтері сынды өзіндік бағыттарын байланыстыра отырып көптеген өзіндік мәдени-философиялық проблемалардың тарқатылуына жол ашты. Адамның адам болуы үшін тек биологиялық эволюция жеткіліксіз, сондықтанда жаңа процесс болып есептелетін мәдени-философиялық эволюция қажеттің қажеті.
