Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
интегр.диф.СПЕЦ.ПЕД..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.94 Кб
Скачать

2.3. Ресей интеграция жолында.

Интеграционды процестер Ресейде XX ғасырдың 90 жылдарында олардың әлемдік ақпараттық және білім беру кеңестігіне кіруінің арқасында ғана басталды.

Қазіргі таңда біздің еліміздегі арнайы білім беру, денсаулығында және тіршілік әрекетінде мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға білім беру жүйесінде жалпы қабылданған халықаралық нормаларға қазірше сәйкес келмейді. Интеграционды процесті жүзеге асыру мүмкіндігі айтылған, бірақ білім беру жүйесіне экономикалық қолдау және олардың жүзеге асуына жалпы білім берудің қажетті дайындығы жоқ.

Ресейде қазіргі таңда жаппай жалпы білі беру мекемелерінде дамуында ауытқушылықтары бар көптеген балалар оқытылады. Бұл шарасыз интеграция оның себептеріне мыналар жатады:

1. Арнайы (түзету) білім беру мекемесінің жоқтығы.

2. Олардың бала және жанұясынан тұратын жерінен жойылуы.

3. Ата-аналардың балаларын арнайы мекемелерде оқытулары келмейтіндігі.

4. Білім берудегі басқару органдарының жалпы білім беру мекемелерінің инфрақұрылымына сәйкессіз білім беру жөнінде еркін шешім жасау.

Интеграцияның жақсы және жаман жақтары болғандықтан, интеграционды білім беру проблемасы қазіріг уақытта талқылану үстінде болып отыр. Ерекше білімді қажет ететін балалардың ортадан шектетілмейтіні жақсы. Ал жалпы білім беру мекемелерінде арнайы интеграционды білім беру мүмкіндігінің шектеулісі жаман. Жалпы білім беру мектеп дамуында кемшілігі бар. Кемістігі бар баланы қабылдауға дайын ба?, арнайы психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге мұғалімдер дайын ба? Бұған мамандар бар ма? Балаларды әр түрлі топқа психологиялық түрде қалай орналастыру қажет, қалай жалпы білім беру мектеп өмірі шарттарына мүмкіншілігі шектеулі балаларды дайындау шарттарын ұйымдастыру керек – осы және де басқа мәселелерді толығымен зерттеу керек және өлшенген шешім шығару қажет. Сонымен қатар интеграцияға әр түрлі көзқараста болатын ата-аналар ойларында ескеру қажет.

Соңғы жылдары Москвада Санк-Петербургте және басқа да Ресейдің үлкен қалаларында, жалпы білім беру мекемелерінде сенсорлық және қимыл-қозғалыстық бұзылыстары бар балаларды психолого-педагогикалық тәжірибелікпен қатар жүретін зерттеу жұмыстары басталды. Интеграциондық оқытудың бірнеше сұрағын бөліп көрсетуге болады. Кім оқиды? , жалпы білім беру мекемелеріндегі интеграционды оқытуға мүмкіншілігі шектеулі балалардың қай тобы қолайлы және кіруге рұқсат етілген?

Қайда; Жалпы білім беру мектебінде мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды оқытудың мүмкіндігін ұйымдастырған формасы қандай (жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында, қалыпты жай сыныпта, реабилитационды орталықта, және т.б.).

Неге; Интеграция шартындағы арнайы білім берудің мәні қандай , бір нұсқадан екінші нұсқаға оңай ауысу мүмкіндігі бар оқытудың нұсқалары қандай?

Қашан; интеграционды оқытудың басталуының уақыты қандай? (мектепке дейінгі, төменгі және орта немесе жоғары мектеп жасында?).

Кім оқытады, дамуында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беру мектептегіндегі мұғалімдердің дайындығы қандай болуы керек. Жалпы білім беру мектептебіндегі арнайы психолог және арнайы педагогтың қызметі қандай. Қазіргі таңда Ресейде интеграцияның екі формасы даму үстінде. Олар: интернальды және экстренальды. Интернальды интеграция бұл арнайы білім берудің ішкі жүйесінің интеграциясы. Мысалы: нашар еститін балалар мен сөйлеуінде күрделі бұзылысы бар балаларға тәжірибелік жүзінде бір құрамдағы мамандардың көмегі көрсетілуі мүмкін.

Экстернальды интеграция арнайы және жалпы білім берудің қарым-қатынасын айтады.