- •Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация.
- •2.1. Интеграцияның жаңашыл түсінігі.
- •2.2. Интеграция тарихына шолу.
- •2.3. Ресей интеграция жолында.
- •2.4. Интеграциялап оқытудың модельдері,
- •2.4.1. Жалпы білім беретін мектептегі
- •2.4.2. Көпшілікке арналған білім беру мекемелеріндегі арнайы сыныптар.
2.2. Интеграция тарихына шолу.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды дамуы қалыпты балалардан бөлмей солармен бірге оқытудың, білім беру жүйесінің қосып құрудың қажет екендігін Выготский атап өткен. Ол біздің қазіргі арнайы мектептің негізгі кемшілігі мен ерекшеленетінін көрсеткен. Біздің арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін - соқыр, керең және ақыл-есі кем баларды – мектеп ұжымының өте кішкентай тобына біріктіреді. Ол жерде балалар өздерінің кемістіктерін көріп, назарын сол кемістіктеріне аударып кәдімгі өмірге қалыптаса алмайды, сол жерге тұйықталған өмір құрады.
Арнайы мектеп балаларды олардың жекеленген әлемінен алып шығудың орнына, олардың одан да бетер оқшауланунына әкелетін дағдыларды қалыптастырады. Сондықтан Л.С. Выготский дамуында бұзылысы бар балаларды тәрбиелеудің мәселесі оларды өмірге интеграциялау және олардың кемшіліктерін компенсациялауды жүзеге асыру деген. Тәрбиешінің дамуында кемістігі бар балармен жұмысында қаншалықты биологиялық мәселемен жұмыс жасау керек болса олардың соншалықты зардаптарын бар екендігін ескере отырып, ол компенсацияны биологиялық емес, әлеуметтік аспект ретінде түсінген. Ол қалыпты балалардан кеңінен хабардар болу, арнайы білім берудің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Ешкім соңғысының қежеттігін жоққа шығармайды, бірақ арнайы білім мен оқытуды, жалқылық тәрбиемен жалқылық оқытуға түзету керек.
Сонымен, интеграциялап оқытуды ұсынған біріншілердің бірі Выготский болды. Нәтижесінде оның идеясы Батыс Европа, АҚШ елдерінің мектептерінде тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылды, тек соңғы жылдарда ғана Россияда кең тарала бастады. Интеграция әлеуметтік – педагогикалық феномен сияқты бірнеше жүзжылдықты қамтиды. Арнайы білім беру тарихына үңілгенде, дамуында ауытқышылығы бар балаларды қалыпты балалармен қосып оқыту, оларға білім беру құқығы қабылданғаннан бастап бар екендігін көрсетеді.
Арнайы педагогиканың тарихы ерекше білімді қажет ететін балалармен қалыпты балаларды қосып оқытуды ұйымдастырудың көптеген әдістерін біледі. Жалпы мектеп мұғалімдерінің, оқытудың арнайы әдіс-тәсілдерін игермегендігінің себебінен көптеген жағдайда мұндай тәжірибелер нәтижесіз болып шығады. Бұл кезең псевдоинтеграция кезеңі болып саналады және ол әлемнің көптеген мемлекеттерімен аймақтарынының тарихында қарастырылады.
Қазіргі таңда псевдоинтеграция дамушы Азия, Африка, Латын Америкасы елдер қатарында қарастырылуда.
Псевдоинтеграция процесімен қатар ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беретін интеграциялық процесс пайда болады және ол кеңінен таралады.
XX ғасыр интеграциялап білім беру мекемелерінің құрылуы жүзеге асты. 80 жылдардың орта жылдарында СССР-да дамуында ауытқушылықтары бар балаларға 8 типтік мектеп қарастырылды, әлемдік тәжірибе арнайы келісм берудің 12-13 типке дейін қарастырылған дифференциацияланған жүйесін толық әрі нақты біледі.
XX 60 жылдардың басында әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастары біршама сәтке мемлекеттер интеграция жолына енеді. Бұған оларды, мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар құқығына әсер ететін халықаралық акттардың өмірде өткізілуіне қажеттігі итермелейді.
Осы елдердің әрқайсысы интеграцияға өздерінің ерекше жолдарына келген. Мысалы. 1975 жылы АҚШ аномальдылардың «барлығына білім беру» заңы мен «интеграция туралы заңын» қабылдауы бұл елдегі әлеуметтік соққының он жылдағы жалғасуына сеграциялауға, расизмге ортаның қоғамның демократиялық қатарының қарсы ұзақ күресінің заңды нәтижесі болып табылады.
Президент Кеннедидің әпкесінің интелектісінің бұзылуынан жапа шегуі аса қажетті субьективтік фактор болып табылады. Осыдан барып президентке мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың мәселелерін тек жалпы халықаралық мәселе ғана емес өзінің жанұялық мәселесі ретінде де қарастырды.
Интеграцияның бесігі деп атауға болатын, скандинавиялық елдерде интеграцияға өз жолдарымен жетті. Данияда және басқа да скандинавиялық елдерде 1961 жылы-1983 жылы педагогтармен, ата-аналармен және барлық тұрғындармен интеграцияны түсіну мен игеруді меңгерту мақсаттары, әлеуметтік педагогикалық жұмыстар аса қарқынмен жүргізілді. Бұл билік органдарына бағынбайтын, көптеген жеке ынталы қозғалыс болған. Мұнда интеграция АҚШ-тағы сияқты төменнен жоғары қарай дамыды.
Интеграция феноменді бүкіл мемелекет тәжірибе жүзінде іске асырған жағдайда ғана (бұл үшін 20 жылдай уақыт қажет болды) ол шындықпен ұштастырылады. 1980 жылдың қаңтарында мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар мен қарым-қатынас жөнінде тұрақты міндеттер кіріспесін қарастыратын білім реформасы жөнінідегі заң қабылданды.
Италияның интеграцияға келуінің өз тарихы бар. Ол жақта бұл прогресс 60-70 жылдарда ғана басталды. Көпшілік қозғалыс қойнауында шіркеу қызметтері Базаглия басқарған «Демократиялық психатрия» аймағында. Бұл қозғалыстардың мақсаттары психиатриялық емдеу мекемелеріндегі прогрессивті өзгерулеріндегі жетістігі, әлеуметтік зиянсыз, психикалық бұзылысы бар тұлғаларды изоляциялау болып табылады.
Бұл қозғалыстың көшбасшылары психикалық ауытқулар мен жан ауруларының пайда болуына біріншіден орта және мектеп кінәлі деп санаған, сондықтан да адамға осындай кері әсерлерін тигізбеулері үшін олардың өзгерулері қажет деген («Демократиялық психиатрия» мектептік білім беру жүйесі, «демократиялық психология» қозғалысы). 1962 жылы басталған италиядағы мектептік білім беру жүйесі, «демократиялық психиатрия» қозғалысы әсерінен және басқа да көпшілік ынтасымен, мектептің білім беру жүйесін тұтастай интеграциялау реформасы процесіне енгізілді. №118 заң 1971 жылы XX ғасырдың аяқ жағында әлемнің көптеген елдерінде (АҚШ,Ұлы Британмя, Швеция, Германия,Италия) арнайы білім беру мекемелеріне балалар, барлық басқа мүмкіндіктер қолданып, бірақ қажетті нәтижелер берілмеген жағдайында ғана бағытталуы керек. Бұл елдердің білім беру тәжірибесінде, дамуында проблемасы бар балаларға жалпы мектепте қалыпты балалармен бірге оқу мүмкіндігі ұсынылатын интеграциялық әсер ету принципі жүзеге асрылады. Осымен бірге олардың оқуын жеңілдететін, қосымша шарт арнайы көмекпен қолдау құрылады.
Даму тарихының анамнезі, шетелдік 30 жылдық нәтижелер, интеграцияның сәтті болуына қажетті келесі шарттарды қарастырады:
Тұлғаның кепілдендіріп сақталған демократиялық көпшілік құқық құрылымы.
Қаржылық қамтамасыздандыру, жалпы білім беру мектеп құрылымындағы ерекше білімді қажет ететін балалар тіршілік әрекетіне ерекше шарттар және арнайы білім беру қызметін көрсететін адекватты ассортимент құру.
Интеграционды процестің күштеусіз өтуі таңдауға мүмкіндік, білім беру түзете көмек көрсетудегі кепілдендірілген перечняның көп жағдайындағы альтернативтер. Жалпы белгілеудегі білім беру жүйесінде және арнайы білім беруді ұсынылған.
Қоғамның, оны құрайтын қабаттары және әлеуметтік топтар, жеке адамдарының интеграционды процеске, (толығымен дайындығы) тіршілік әрекеттегі мүмкіншілігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынасқа түсуінің жүзеге ауысуына толығымен дайындығы.
Интеграцияны тұрғындармен, әрбір адаммен қабылдау – бұл барлық қоғамды тәрбиелеудегі ұзақ процесс. Бұл ерте жастық шақтан, жаңа ұрпақты өсіру болып табылады.
Тіршілік әрекетінде және еңбекті игеруде мүмкіншілігі шектеулі адамдар ортаның ережесі мен шарттарын игере алмайды, тек олардың өміріне, орта түсінетін және ескеретін, өз өмірлік шарттарымен қосылатындығы осы көзқарастың кілттік кезеңі болатындығында.
Соңғы жылдары шетелде АҚШ,Канада, Ұлыбритания интеграция түсінігінің орнына кірістіру түсінігі келеді. Бұған «кірістірме білім беруге» әсер ететін юнесконың әлеуметтік политикадағы өлшемі кеңінен таралған деклорациясы әсер етті(Испания, Соломанка қаласы, 1994).
Жаңа түсінікті және сәйкес келуші қозғалыс жүйесін енгізушілердің жорамалдауы бойынша. Мысалы: жұмыс ұжымына теріс түсімен адамның физикалық қатысуы ақ адамнан өзгеше, бұл оның жасанды қабылдануы және тең құрылыс екендігін көрсетпейді, сол сияқты бір сыныпта қалыпты балалармен дамуы ерекше балалардың механикалық қосылуы бұл соңғылардың сынып өміріне толығымен қатысатындығын көрсетпейді. Ағылшындық етістік include бұл қосу, бағып-қағу, игеру құрамына алу, қамту. Сондықтан inclusion тек қана білімдегі емес, сонымен қатар қоғамдағы адамның орнындағы жаңа көзқарасты көрсететін үлкен деңгейдегі термин болып табылады.
Кірістіру қозғалыс сияқты шығаруға және әлеуметтік аурулар рассизм сияқты, екінші бір жыныстағының кереметтігін екіншісіне сендіру сияқтыларға қарсы күресін білдіреді. Кірістіру қозғалыс секілді қолдау кепілдемесі кімге қажет болса, соған қамтамасыздандыруды білдіреді. Қолдау жүйесінің жұмыстарын құру мен қамтамасыздандыру – бұл ортаның жақтан уақытша жұмысы емес, ол оның міндеті. Кірістірудің кірістір мағынасы «біз дос бола аламыз ба?» сұрағында емес ал «біз бір-бірімізбен тату – тәтті тұруға үйрене аламыз ба?» деген сұрақта «біз бір-бірімізбен тату-тәтті тұра алмаймыз, егерде бізден өзгешеленетіндерден қашатын болсақ және тек өзімізді олармен жақсы сезінетін және бізге ұқсастарды қосатын болсақ».
Сонымен – кірістірме білім беру түсінігі, ерекше қажеттілік бар қатысушыларға оқытудың мынандай оқытудың формасын ұсынады. Олардың ерекше қажеттіліктері:
а) өздерінің бауырлары, әпкелері және көршілері;
б) сыныпта өздерімен жасты балалармен бірге болады;
с) олар қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес жеке оқу мақсаттарына ие.
д) керекті қолдаумен қамтамасыздандыру.
Сәтті кірістірме бұл мекеме секілді сәйкес фундаментте құрылуы қажет. Оның мықты болуы ойлары бір жерден шығатын педагогикалық ұжымға білім беру процесі туралы ақпаратқа, дайындыққа үнемі қолдауға байланысты.
