Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
интегр.диф.СПЕЦ.ПЕД..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.94 Кб
Скачать

Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация.

2.1. Интеграцияның жаңашыл түсінігі.

Мүмкіншілігі шектеулі адамның қоғамдағы өмір іс-әрекеті қоғамдық санадағы моделдер. Ерекше білімді қажет ететін және еңбекке қабілеті шектелген тұлғаларды қоғамға интеграциялау бұл қазіргі кезде олардың дамуындағы ауытқушылықтары мен шектелген мүмкіншіліктерін компенсациялау шартында ортаның басқа да мүшелерімен біріге және солармен тең дәрәжеде әлеуметтік ортаның барлық түрлерімен және өзіндік құқық берудің нәтижесімен пороцесін білдіреді.

Интеграция ерекше білімді қажет ететін тұлғалардағы төменгі шектелген альтернативтің мүмкіндігін көрсетеді. Олар білімді арнайы білім беру мекемелерінен алу немесе жалпыға бірдей білім беру мекемелерінде тең дәрежеде білім алу (мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мектеп және т.б.).

Интеграция «нормализация» концепциясына негізделеді (Ivirse, 1976). Оның негізінде мынадай идея жатыр, ол мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар және оның әсірі, олардың өмір сүріп жатқан қоршаған орта өмірінің стилі мен шартына жақын түрде өтуі керек.

Балаларға сәйкес бұны мыналар білдіреді:

  1. Ерекше білім қажет ететін бала жалпыға бірдей қажеттілікті, оның ішіндегі негізгісі - махаббатқа қажеттілігі бар болып келеді.

  2. Бала қалыпты өмірге жағдай деңгейлерде жақын болып келетін өмірде өмір сүруі қажет.

  3. Балаға ең жақсы орын, оның өз үйі болып табылады.

  4. Барлық балаларда оқи алады, олай болса, дамуларында қандай күрделі бұзылыс болса да олардың білім алуларына мүмкіндігін туғызуы қажет.

Қазіргі кезде «нормализация» принципі халықаралық құқықтық актілермен бекітілген. Олар: бала құқығы деклорациясы, интелектуалды дамуында ауытқушылығы бар тұлғалар құқығы туралы деклорация, инвалидтер құқығы туралы деклорация. Адамдардың цивилизация даму тарихында мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға ортаның қатынасы, ел оларға әлеуметтік «полон» немесе «неше» қуыс сипатында қарады.

Кейде мұндай ұсынуларын, жаңа заман адамдырының әр түрлі көз қарастарының түрінде бөлуге болады.

Осындай «полон» немесе моделдердің (Wolfensburger, 1969) қысқаша сипаттамасына тоқталамыз.

«Ауру адам». Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың осы моделіне сәйкес - ауру адамдар. Бұл адамдардың емдеу обьектісі ретінде қарасытырылуын білдіреді.

Мұндай ададамдардағы медициналық көмектің мағынасын жоққа шығармай, олардың шектелген мүмкіндіктерінің табиғаты әлеумет пен оқудағы қиыншылықтармен байланыстырылатын да атап өту керек.

Сондықтан мұндай тұлғаларға білім беру проблемасы күтім мен емдеуге емес, оқыту мен дамытуға байланысты қарастырылуы керек.

Мүмкіншілігі шектеулі адамды – ауру деп санайтын орта, оларды білім беру процесінен шеттетіп, тек медициналық диагностика, және күтімді ұсынылады.

Анықталған кезеңде орта дамуының прогрессивтілігі бола отырып бұл модел нәтижесі тұлғаның мүмкіндігінің шектеулісіне соған түрлі даму бұзылыстарының себептері мен салдарын , әр түрлі аурулардың зардаптарын, мүмкін болатын профилактикалық түрлерін зерттейтін ғылыми зерттеулерге демеу көрсетіп отыралды.

«Недочеловек» моделі. Бұл моделдегі дамуында ауытқушылығы бар адам өзінің деңгейі бойынша жануарларға жақынырақ толық дамымаған тірі ағза ретінде қарастырылады. Осының салдарынан мүмкіншілігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынаста оларға гумансыз қаррау, олардың өмірінде гумансыз шарттардың құрылуы пайда болады. Бұл, қоршаған ортамен қарым-қатынаста кедергі келтіретін, шығармашылық шектеуліліктің құрылуымен байланысты болып келеді.

«Қоғамға қауіптілер» моделі. Дамуында ауытқушылық бар тұлғалар категориясының кейбіреулері қоғамға қауіп тудырады деген болжамдар болып отырған. (ақыл-есі кем, кереңдер, психикалық ауытқулары бар тұлғалар). Білімсіздікпен мынандай түсініктер туындағын. Олар мұндай адамдарды ауру тудыру көзі, «дуа жасаушы», «бақытсыздық әкелуші», заттық және моральдық зардап келтіруші деп есептелген. Осының салдарынан қоғам өздерін потенциалды «қауіптен» қорғау үшін түрлі шаралар қолданды. Олар түрлі интернаттар қамқорлық жасайтын жабық мекемелер құрды. Олар көбінесе қоғамнан алыстатылған, қатаң тәртіп сақталатын жерде орналасқан.

Бұл жағдайда олар не оқытылмаған, я болмаса білімі жеткіліксіз болған.

«Аяушылық обьектісі» моделі. Бұл модель адамның тұлғасының дамуынан, оның өзіндік іс істеуіне талпынуына бұзушы әсер етеді. Бұл модель шеңберінде мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға өмір бойы балалық жаста қалатын, өспейтін кішкентай бала ретінде қарайды. (бұл көбінесе интелектісі бұзылған балаларға кеңінен қолданылады).

«Қиындық туғызу қайырымдылық жасау» обьектісі. Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға қатысты қайырымды экономикалық саясаттың өзгерусіз тұруына дүние жүзінің елдердегі күрделі экономикалық шарттары мүмкіндік бермейді.

«Даму» моделі. Бұл модель мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардағы дамуға және оқуға деген икемділігінің деңгейін қарастырады. Бұл моделге сәйкес мүмкіншілігі тұлғаның толықтай дамуына қоғам жауапты. Осындай балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету олардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын шараларды ұйымдастыру қоғам міндетіне енгізіледі. Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың екі моделге сәйкес басқа да қоғам мүшелері сияқты құқығы бар. Олар : өмір сүру, оқу, өз ортасында жұмыс істеу, өз үйінде тұру, достар таңдау әне солармен дос болу, қоғамның аңсаған мүшесі болу, барлығы сияқты болу құқығы бар.

Мұндай модельдің жүзеге асуы «нормализация» принципіне байланысты болып келеді.