Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арнайы пед.жалпы сратар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.06 Кб
Скачать

7.5. Дамуында күрделі бұзылыстары бар тұлғаларға арналған ұйымдық арнайы оқытудың жолдары мен әдістері.

Қазірдің өзінде біздің елде көз көрмейтін, құлақ естімейтін, ақыл-есі төмен, қозғалу мүшелері істемейтін балаларға Минсоцқорғау мекемелері, орталықтары, мектептері бар. Бірақ өте қиын нашар балаларға көмек көрсете аламыз деп айту ертерек дер едік. Шындап келгенде көптеген ауруларға бізде көмек көрсету мүмкіндігі жоқ. Көптеген аурулардың өмірі мектепке дейінгі және мектептен кейінгі кездегі орнықпаған болып келеді. Кейбір категориялардағы ауруларға арнайы көмекті орталығы тек Р.Ф. Минсоцқорғау ғана бар. Керең және соқырларға арналған балалар үйінде мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы аралас бұзылыстары, яғни соқыр, керең балалар тәрбиеленіп, оқытылып жатыр. Мұнда бала - бақшаға және мектепке бара алмайтын көздері нашар көретін, құлақтары нашар еститін 3 - жастан 18 жасқа дейінгі сенсоры күрделі бұзылған балалар қабылданады. Мекеме 100 балаға есептелінген. Онда толық соқырлар, өте нашар көретіндер және жарықты 0,04 ке дейін сезетіндер тұрады. Нашар көретіндер жарық өткірлігін 0,05 - тен 0,2 - ге дейін сезетіндер жатады. Естімейтіндер және нашар еститіндер немесе есту аппараты арқылы өте нашар еститіндер сөз байланысын түсінбейтіндер жатады. Соңғы кездері бұларға қоса қимыл қозғалысынан ажырағандарды да ақыл - есі кемдерді де балалар үйіне қабылдайтын болды. Естімейтін – көрмейтіндерді мектеп басшысы балалар үйінің медико – педагогтардың шешімімен баланы комплекстік клинико – психолого – педагогикалық тексеруден кейін РАО педагогикалық түзету институтына қабылдайды. Баланың барлық оқуы, тәрбиесі жөніндегі шығынды өкімет төлейді. Бұл балалар үйінде барлық Ресей аумағынан келген балалар оқиды. Арнайы біліммен қоса жалпы мақсат қойылады. Ол жалпы білім беру және балалардың еңбекке деген дайындығы, ақыл – естің дамуы, тәрбие ұнамдылығы және физиологиялық дамуы. Тәрбие мен оқу коррекциялық педагогика институтында және балалар үйінде қаралған бағдарлама мен жоспар бойында сыныпта және сыныптан тыс жүргізіледі (аптасына 30 сағаттан жоғары). Балалар үйінде мектепке дейінгі және мектеп жастағы бөлімдер, еңбек – тәрбие топтары, көптеген қиын балалардың топтары бар. Мектеп бітірген соң түлектер кешкі мектептерде немесе көрмейтін естімейтін арнайы сыныптарда өз білімдерін жалғастыра алады. Маңызды мәселелердің бірі бұл көздері көрмейтін және естімейтін жандарды жаңа социальды – экономикалық тұрғыда жұмыспен қамтамасыз ете алмау қиындығы. Балалар үйінде жұмысқа тұруға ізденіс жасауды үйретеді (жұмсақ ойыншық жасау керамикасы, декоративті мата өңдеу т.с.с.).

Р.Ф. Минздравасындағы балалар үйінде балалардың көпшілігі орталық нерв жүйесі бұзылған балалар және ауыр түрдегі кемтар балалар түседі. Қазіргі кезде Москвада соқырлар мен нашар көретіндер және ақыл – есі нашар балаларды топ қылып оқытуға тырысып көріп жүр.

Р.Ф. Министерствасының арнайы білім беру мекемесінде көп жылдан бері көмекші сыныптар жұмыс істеп жатыр. Оларға естімейтін, нашар еститін соқыр, нашар көретін, қимыл – қозғалысынан айырылғандар жатады. Бұл сыныптарға ақыл – есі төмен балаларды алады. Мұндай балаларға 1 – 8 сыныптардың материалы бойынша программалар дайындалған. Мұндай мектепке түскен балалар тапсырманы үйге алады (уақыттары өте тығыз) немесе кәдімгі сыныптарда болады, бұлар арнайы жағдайды керек етеді. Қазіргі жаңа мектептерде (инновациялы) әр түрлі топтағы балалар бірігіп білім алады. Кейбір көмекті мемлекеттік емес жеке мекемелер көрсете алады. Мысалы жергілікті қоғамдық, жеке психоло – педагогикалық, медико – социальды және басқа орталықтарда әр түрлі топтағы ауруларға, мүгедек балаларға педагогикалық демеушілік көрсете алады. Әлі де болса ауыр науқасты мектеп жасына дейінгі балалардың ата –аналарына ақыл кеңес педагогикалық көмек беретін орталықтар жоқ. Ауыр науқастыларға ерте кезден диагноз қоятын орталықтар жоқ. Мұндай отбасылық орталықтар тек шетелдерде ғана бар (Ұлыбритания, Дания, Швеция және басқа елдерде). Одан басқа арнайы бала – бақшаларда әр түрлі төменгі сатыдағы науқас балаларға арнайы топтар ұйымдастырылса.