- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қоғамдық денсаулық сақтау-2 кафедрасы
- •Тақырыбы: Денсаулық сақтау саласындағы халықтың денсаулығын нығайту туралы мемлекеттік саясат.
- •Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
- •«Денсаулықты нығайту жолдары»
- •Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi
- •2015 Жылға дейін денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық медицинаның профилактикалық және әлеуметтік бағдарды күшейту болады.
- •Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы
«Денсаулықты нығайту жолдары»
Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты. Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын өалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi
Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi. Сонымен бiрге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулi өзгерiстерге бағытталмады, өзiнің қисынды ақырына жеткiзiлген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлi өзгерте алмады.
Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігiн қалпына келтiрудi, Фармация комитетiн, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп пен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдар қызметiне бөле отырып, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құруды атап өту керек. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне: азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқару органдары жатады.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi және мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң басқару органдарына бағынышты амбулаториялық-емхана, аурухана ұйымдары, медициналық-санитариялық бөлiмдер, ана мен баланы қорғау, медициналық жедел жәрдем, сот-медициналық сараптама ұйымдары, диспансерлер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, санаторий-курорттық, фармацевтикалық ұйымдар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерi және өзге де ұйымдар жатады.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi.
Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады және өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
Жеке денсаулық сақтау практикасымен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға жеке меншiктегi емдеу-профилактикалық, санаторий-курорт, дәрiхана ұйымдары және медициналық техника ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын жеке адамдар жатады.
Жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық практикамен және халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысатын жеке ұйымдар мен жеке адамдар өздерiнiң қызметiн таңдаған қызмет түрiне лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырады. Лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Халықтың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы мен радиациялық қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк уәкiлдi органдардың және жұмыс берушiлердiң кешендi шаралар жүргiзуi арқылы қамтамасыз етiледi.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) құрылды, денсаулық сақтау жүйесінде түпкілікті нәтижеге бағытталған қаржыландыру және медициналық қызметке ақы төлеу жүйесі енгізілуде.Бұл үлгіні енгізу:*пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау қағидатын енгізу арқылы медициналық ұйымдардың арасында бәсекелестік ортаны құруға;*медициналық ұйымдардың (медици-налық қызметтерді жеткізушілер ретінде) сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетудегі уәждемесін арттыруға;*пациенттердің сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтерге құқықтарын қамтамасыз етуге;*медициналық қызметтердің сапасын басқарудың тиімді халықаралық стандарттарын енгізуге (шығыстарды өтеудің бірыңғай тәсілдерімен диагностика мен емдеудің және науқастарды клиникалық тексеріп-қараудың хаттамаларын енгізу, медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу);
*медицина қызметкерлеріне түпкілікті нәтижеге бағдарланған сараланған еңбек-ақы төлеуді енгізуге;
*медициналық қызметтер көрсету үдеріс-терінің ашықтығын арттыруға;
*мемлекеттің ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастар медициналық ұйымдардың бәсекелестіктерін дамыту үшін перспективаларға жол ашады. Бірақ бір мезгілде бәсекелес емес ұйымдар қайта ұйымдастырылатын, қайта құрылатын болады.
Соған байланысты белгілі бір дайындық жұмысы жүргізілді. 2010 жылғы қаңтардан бастап медициналық ұйымдар мен дәрі-герлердің арасында бәсекелестікті дамыту азаматтардың медициналық ұйым мен емдеуші дәрігерді таңдау құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасалды. БҰДСЖ нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – МҚАК АД) атынан психиатриялық, инфекциялық және туберкулездік ауруларды қоспағанда, ауруларды емдеу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) бірыңғай төлеуші құрылды. Бұл ретте ТМККК қызмет үшін тікелей төлеу түпкілікті нәтижелерге байланысты медициналық қызметтердің сапасына тұтас бақылау жүргізіле отырып, МҚАК АД-ның және аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымның арасында жасалатын ТМККК қызметін ұсынуға мемлекеттік тапсырыс шартының негізінде жүзеге асырылады. БҰДСЖ одан әрі іске асыру үшін мынадай шаралар жүзеге асырылады:
- бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- барынша қажетті төсек бейіндері бойынша ұтымды қайта бейіндеу мақсатында стационарлар деңгейдегі тиімді менеджмент;
- өңірлерде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту;
- қажет қымбат тұратын медициналық жабдықтарды сатып алудың және пайда-ланудың лизингтік жүйесі енгізілді;
- ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап тоқырап қалған және шалғайдағы ауыл-дық аудандарда орналасқан медициналық ұйымдарды кепілдендірілген қаржыланды-румен қамтамасыз етілетін болады;
- социологиялық сауалдың нәтижесі бойынша медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау енгізілді;
- ауылшаруашылық жұмыстары ке-зеңінде учаскелік ауруханалардың, ауыл-дық амбулаториялардың, фельдшерлік-акушериялық пункттердің базасында күндізгі стационарлар ұйымдастырылды;
- БҰДСЖ-ны сәтті іске асыру, медициналық көмектің сапасын жақсарту, қымбат тұратын стационарлық көмекті пайдалануды төмендету және стационарды алмастыратын технологияларды дамыту бойынша нақты шаралар қабылданды.
БҰДСЖ шеңберінде пациенттерді диагностикалау, емдеу мен оңалтудың халықаралық хаттамаларын енгізе отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, азаматтардың өз денсаулығына ынтымақтасқан жауапкершілігін енгізу Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының басым ба-ғыттарының бірі ретінде көрсетілген.
Медициналық көмек көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру мақсатында Бағдарламада мыналарға бағытталған іс-шаралар кешені белгіленген:
1. медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) басымдықты дамытуға бағытталған тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру;
2. денсаулық сақтау саласындағы басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру;
3. денсаулық сақтауды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
4. медициналық көмектің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
МСАК-ты басымдықты дамыту мыналарды: амбулаториялық-емханалық көмекті, жедел медициналық көмекті, стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін, кезең-кезеңмен қалпына келтіру емін, медициналық оңалту және паллиативтік көмек жүйесін, сот-медициналық сараптамасын, қан қызметі мен зертханалық қызметті жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйесі мен менеджментті жетілдіру мақсатында стратегиялық жоспарлаудың, басқару мен бюджеттеудің халықаралық стандарттары мен қағидаттары енгізілетін, басқарудың ресурсты сақтау технологиялары әзірленіп, енгізілетін болады.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру денсаулық сақтау ұйымдарының автономдығы мен дербестігін арттыруды және жеке секторды дамытуды ынталандыруды көздейді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік бағдарламада БҰДСЖ шеңберінде қаржыландыру тетіктерін, тарифтік саясатты, денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру, сондай-ақ, азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігі мен медициналық сақтандыруды одан әрі дамыту арқылы денсаулықты қаржыландыруды жетілдіру көзделген.
Медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін басқару, пациенттердің құ-қықтарын қорғау, медициналық этика мен дeонтология институтын дамыту тетіктерін жетілдіру жүзеге асырылатын, сондай-ақ, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері енгізілетін болады.
Қазіргі таңда өңірлер бөлігіндегі жан басына шаққандағы нақты норматив 458 теңгеден (Қызылорда облысы) 195 теңгеге дейін (Атырау және Павлодар облыстарында) ауытқиды. 2011-2013 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдердің шеңберінде жан басына шаққандағы нормативті теңестіруге арналған шығыстарға өтініш берілді.
Денсаулық сақтау министрлігі МСАК-ты қаржыландыратын ынталандырушы әдісті (яғни екі компонентті жан басына шаққандағы нормативті қамти отырып, тарифті қалыптастыруды) әзірлеуде. Қазіргі уақыттың өзінде медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа ережесі бекітілді.
Ынталандыру компонентін төлеу кезінде сапа индикаторлары ретінде мыналар белгіленді:
1. бекітілген халық, оның саны, жыныс-жас коэффициенті, қызмет көрсетілетін учаскенің күрделілігі;
2. медициналық көмек сапасының көр-сеткіштері;
3. жүйелік социологиялық сауалдардың негізінде халықтың қанағаттанушылық деңгейі.
Осылайша, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде БҰДСЖ одан әрі дамыту ТМККК-не бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен МСАК–қа арналған шығыстардың деңгейін 2008 жылғы 25%-дан 2015 жылы 45%-ға дейін, жалпы практика дәрігерінің үлесін 2008 жылғы 15%-дан 2015 жылы 25%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, 10 мың адамға шаққанда төсек-орындармен қамтамасыз ету 60-ты, аккредиттелген медициналық ұйымдардың үлес салмағы 100% құрайтын болады.
2015 жылға қарай денсаулық сақтауды қаржыландырудың және медициналық қызметтерге ақы төлеудің қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті жүйесі, сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін денсаулық сақтауды басқарудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесі құрылатын болады.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады.
2010 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының денсалық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
Осы Мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады және:
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық іс қимылдың тиімділігін арттыруға;
Профилактикалық іс-шараларды, мақсатты зерттеп қарауды күшейтуге, диагностиканы жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға;
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді жетілдіруге;
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге;
Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіруге; инновациялық технологияларды дамытуға және медицинаға енгізуге;
Халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсартуға бағытталған.
