- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қоғамдық денсаулық сақтау-2 кафедрасы
- •Тақырыбы: Денсаулық сақтау саласындағы халықтың денсаулығын нығайту туралы мемлекеттік саясат.
- •Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
- •«Денсаулықты нығайту жолдары»
- •Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi
- •2015 Жылға дейін денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық медицинаның профилактикалық және әлеуметтік бағдарды күшейту болады.
- •Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қоғамдық денсаулық сақтау-2 кафедрасы
Реферат
Кредит № I
Тақырыбы: Денсаулық сақтау саласындағы халықтың денсаулығын нығайту туралы мемлекеттік саясат.
Орындаған: Жүнісбай А. Тобы: 201 «Б» ҚДС
Қабылдаған: Азимбаева С.Н.
2016 жыл
Денсаулық сақтау жүйесінде шешілмеген проблемалар жоқ деп айтсақ дұрыс болмас еді. Проблемалар жеткілікті, оның үстіне біз Қазақстан сияқты серпінді дамып отырған мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Бүгінде ел алдына үлкен міндет - бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне қол жеткізу міндеті қойылып отыр.
Мемлекеттің әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері үлкен. Сондықтан да ол көрсетілетін барлық қызметтердің, соның ішінде медицина қызметінің де барлық жағынан талапқа сай болуын қажет етеді.
Айталық, Бүкіләлемдік форумның рейтингілік бағалау нәтижелеріне қарағанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі индикаторлар бойынша Қазақстан 2008 жылы балалар өлімі жөнінен - 87-ші орынға, туберкулездің таралуы бойынша - 94-іншы орында, АҚТҚ таралуы көрсеткішінен - 23-інші және адам өмірінің күтіліп отырған ұзақтығы мәселесінде - 101-інші орында болды. Бұл саланы одан әрі реформалау жөнінде қосымша шаралар алу қажеттігін көрсетеді. Бүгінде Қазақстан денсаулық сақтау қызметінің алдына халыққа медициналық қызмет көрсетуде ең озат әлемдік стандарттарға сай келетін, денсаулық сақтау ісіне азаматтардың да ынтымақтаса қатысуын қамтамасыз ете отырып, сапалы жаңа деңгейге тезірек шығу міндеті қойылып отыр.
Бүгінгі қоғамның барлық талап-тілектеріне жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қазақстандықтардың жеке және қоғам денсаулығы көрсеткіштерінде нақты оңды ілгерілеуге қол жеткізуге бағытталған бір-бірімен өзара байланысты стратегиялық міндеттердің тұтас кешенін шешуді көздейді. Мұның арасында алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жұмысы, ана мен бала денсаулығын қорғауды тиімді ұйымдастыру да бар. Біз халықтың әлеуметтік-маңызды сырқаттарға ұшырау деңгейін төмендетуге, халықты жаппай иммундау шараларына тартуға барынша күш жұмсауға тиіспіз. Бұдан басқа, медициналық көмек көрсетуде халықаралық стандарттарды енгізу, біртұтас денсаулық сақтау ақпараттық жүйесін құра отырып, саланы ақпараттандыру қажет. Бұл қайта құрулар, сонымен қатар, медициналық білім берудің құрылымын өзертпей және сапасын артттырмай мүмкін емес. Олар жүйелі сипатта бір-бірімен өзара байланысты және Қазақстанда бәсекеге қабілетті, жоғары тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды қамтамасыз ететін біртұтас идеологияға біріккен.
Бүгінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметі түпкілікті нәтижеге, яғни қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталуымен сипатталатын жаңа деңгейге шықты.
Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.
Соңғы жылдары елдің денсаулық сақтау саясаты қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп, көп шығын әкелмейтін, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіз көптеген себептерге байланысты өзекті мәселе болып табылады. Медициналық көмек көрсетудегі заманауи технологиялар, өз кезегінде адамзаттың кең қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін шектеп, тез арада оның құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкелуде. Стационарларда көмек көрсету көптеген дамыған елдерге ұқсас халық денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге үміттендірер нәтиже бермейді. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін реформалау дүние жүзіндегі бұл саланың дамуына негізгі бағыт алды.
Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен халық денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Бұл қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады.
Денсаулық — мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласына мемлекеттің араласуы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибелік жұмыстардың сапалы жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.
Мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуін іске асыру да бұл жұмыста өз нәтижесін береді. Дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстары мен менеджментте, сонымен қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орын алуына жеткілікті болуы тиіс. Қоғамдық денсаулықты денсаулықты нығайу мақсатында, аурушаңдықтың алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану мақсатын нығайту басты бағыттардың бірі болып есептеледі.
Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «XXI ғасырда - денсаулық бәріне» саясаты бойынша ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде материалдық-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, бірінші реттегі медициналық-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу келісілген. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.
