Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері

  2. Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары

  3. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері

Негізгі ұғымдар: Кәсіпкерлік құқық, кәсіпкерлік құқықтың қағидала,заңдылық, еркіндік, қайнар көзі.

1. Кәсіпкерлік құқық дегеніміз нені білдіреді деген мәселеге қатысты ғалымдар бірнеше жылдар аясында үш түрлі көзқарас қалыптастырады:

  1. Кәсіпкерлік құқық – жеке құқық саласы болып табылады. Бұл

көзқарастың жақтаушылары «шаруашылық құқығы тұжырымдамасының» ізбасарлары болып табылады, ол Ресей мен Украина академиктері И.И. Лаптаев және В.К. Мамутов және И.В. Ершова, И.В. Дойников. Бұл көзқарасты жақтаушылардың айтуынша, кәсіпкерлік құқық шаруашылық қатынастарын реттеуші заңдық нормалардың жиынтығы деп есептейді.

  1. Кәсіпкерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады.

Бұл тұжырымдама шаруашылық құқық жеке құқық саласы деген тұжырымдамаға тура қарама-қарсы тұжырымдама Оның жақтаушылары С.Э. Жилинский, Б.И. Пучинский.

  1. Кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласы болып табылады. Бұл

көзқарасты жақтаушылар Е.П. Губин, П.Г. Лахно, Н.Ю. Круглова.

Қазақстандық ғалымдардың пайымдауынша кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласы болып табылады. Академик М.К. Сулейменов кәсіпкерлік құқықты екі тұрғыда түсіндірді. Тар мағынада кәсіпкерлік құқық сөзсіз азаматтық құқықтың бір бөлігі. Кең мағынада кәсіпкерлік құқық әртүрлі құқық салаларының (азаматтық, әкімшілік, қаржылық, кедендік және т.б.) нормаларын біріктіруші кешендік құрылым.

Басқа құқық салалары сияқты кәсіпкерлік құқықта өзінің реттеу пәніне ие. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәні ең жалпылама түрде кәсіпкерлік әрекеті жүзеге асыру барысында орын алатын қоғамдық қатынастар ретінде анықтауға болатын кәсіпкерлік қатынастар. Кәсіпкерлік қатынастардың ерекшелігі – бір мезгілде олардың азаматтық-құқықтық, қаржылық және өзге де құқықтық қатынастар бола алатындағы.

Кәсіпкерлік құқық оқу пәні ретінде кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарды және оларды реттейтін нормативтік актілерді ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан зерттеп, олардың негізгі заңдылықтарын анықтауды мақсат етеді.

Құқықтық реттеу әдісі – бұл құқықтық қатынастар қатысушыларына құқықтық ықпал ететін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.

Кәсіпкерлік құқық қатынастарды тең дәрежеде реттеудің: құқықтық реттеудің диспозитивтік әдісі және құқықтық реттеудің өктем әдісі деп аталатын екі әдісін қолданумен сипатталады.

2. Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары – бұл құқықтық нормалардың барлық көлемін толығымен қамтитын негізін қалаушы бастаулар болып табылады.

Кәсіпкерлік құқытың қағидалары:

1.Заңдылық қағидасы – жалпы салалық болып табылады. Кәсіпкерлік

қызметтің қай түрі болмасын заң талаптарына сай жүзеге асырылып, заңдағы міндеттер мен тыйымдар орындалуы тиіс.

2.Кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы – ҚР Конституциясының 26-

бабында бекітілген, яғни оған сәйкес «Әркімнің еркін кәсіпкерлік қызметке құқығы бар, кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүлкін еркін пайдалана алады».

3. Меншік түрлерінің көп түрлілігін тану, меншік нысандарының заңды теңдігі және теңдей қорғалу қағидасы – бұл қағида ҚР Конституциясының 6-бабында бекітілген, яғни «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады және теңдей қорғалады».

4. Бәсекелестік еркіндігі және монополияны шектеу қағидасы – бұл қағида нарықтық экономика дамуының басты және бөлінбес шарты болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шынайы бәсекелестікке негізделгенде ғана тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы жоғарылап, тұтынушыларға қызмет көрсету жақсарады. Осы мақсатта монополияға тыйым салынады, табиғи монополиялардың қызметі мемлекеттік бақылауда болады.

5. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік ретеу қағидасы – бұл қағида мемлекеттің кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлықтарына экономикалық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануынан көрініс табады.

3. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері дегеніміз, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, оны бақылау саласын реттеуде негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілер. Оларға ҚР заңдары, ҚР Парламентінің қаулылары, ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволар, жергілікті мәслихаттар мен атқарушы органдар қабылдайтын нормативтік күші бар актілер жатады. Жоғарғы мемлекеттік органдар қабылдаған актілер Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Басқа актілердің күші шектеулі. Олардың әрқайсысы қабылдайтын органның өкілеттік шеңберіне, мақсатына сәйкес, белгілі бір салада, немесе белгілі бір аумақта ғана қолданылады.

Кәсіпкерлік құқық саласын реттейтін құқық нормаларының біртұтас жүйесі жоқ. Көптеген құқық салаларында (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, экологиялық, салық құқығы т.б.) кәсіпкерлік қызметті реттеуге байланысты нормалар кездеседі. Олар тек теориялық тұрғыдан ғана біртұтас жүйе құрайды.

2 Дәріс. Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.

Жоспар: