- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
- •Жеке кәсіпкер
- •Құқықтары Міндеттері
- •3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
- •«Жеке кәсіпкерлік туралы» қр Заңы қай жылы қабылданды:
- •Жеке кәсіп керлік субъектілері
- •3. Кәсіпкерлік құпия дегеніміз
- •19. Сенім серіктестігі салымшыларының жарғылық капиталындағы үлестің жиынтық мөлшері неше проценттен аспау керек
- •20. «Өндірістік кооперативтік туралы» қр-ң заңы қай жылы қабылданды
- •21. Шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары
- •35. Кәсіпкерлік құқықтың әдісі
- •36. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылады
- •37. Тауар дегеніміз –
- •39. Тауардың түрі нешеге бөлінеді
- •40. Жарнама дегеніміз –
- •Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері
- •Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
- •Кәсіпкелік ұғымы, белгілері
- •Кәсіпкерліктің түрлері
- •2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:
- •Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.
- •Кәсіпкер ұғымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
- •Мүлік түсінігі және құрылымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.
- •Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.
- •Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.
- •Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.
- •Инвестиция түсінігі, белгілері.
- •Инвестицияның түрлері.
- •Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
- •Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
- •Еркін экономикалық аумақ.
- •Жарнама түсінігі, түрлері.
- •Тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Биржа түсінігі және оның пайда болуы, түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік ұғымы.
- •Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.
- •Монополияға қарсы орган.
- •Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
- •Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
- •Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
№ 2.2 Кәсіпкер мен саудагер ұғымдарын салыстырыңыз.
Кәсіпкер |
|
|
|
№ 2.3 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін көрсетіңіз.
№ 2.4. Жеке кәсіпкердің құқықтары мен міндеттерін көрсетіңіз.
Жеке кәсіпкер
Құқықтары Міндеттері
№3 КЕСТЕ.
3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
Мүліктің түрлері
|
Сипаттама |
Заттар
|
|
Ақша
|
|
Бағалы қағаз
|
|
3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
Заттардың түрлері
СӨЖ мақсаты:
Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістін алатын орны зор
Студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу
Оқу материалдарын игеруде студенттердің ізденіс пен шығармашылық белсенділігін дамыту
СӨЖ – ге әдістемелік нұсқаулар
Тақырып студенттің өз қалауымен таңдалады.
СӨЖ жазбаша түрде орындалады
Жазбаша түрлері: реферат, эссе, бақылау жұмысы.
Ауызша: баяндама, презентация, демонстрация.
СӨЖ талаптары:
1.Тақырыпты таңдау.
Бақылау жұмысының тақырыптары зачетканың соңғы нөміріне сәйкес алуға болады. Мысалы: 5 цифрына 5,15,25 тақырыптар.
2. Әдебиет таңдау:
а) кітап пен тақырыптың ұқсастығына қарай;
б) Авторына қарай, егер де ол осы тақырыптармен шұғылданып жүрген адам болса.
Жазба жұмыстарында кем дегенде 5 түпнұсқа қолданылуы қажет.
3. Жазба жұмыстарының талаптары:
Қағаздың форматы А4, компьютерге басылған не анық қолмен жазылған.
Жазба жұмыстарында орындалуы шарт:
1. 15-20 бетте –
а) сыртқы беті және тақырыбы.
б) кіріспесі: сіздің мақсатыңыз бен міндеттеріңіз.
в) алынған мәселеге деген басқа авторлардың көзқарасы.
г) 2-3 бетте өз пікіріңіз
д) қорытынды: жұмыстың қысқаша мазмұнын қайталау және тұжырымдау.
е) әдебиеттердің тізімі - 5
4. Эссенің талаптары:
мәселені дұрыс қоя білу.
әдебиеттердің жарамдылығы.
материалды баяндаудағы өзіндігі
ерекше көзқарасы
мәселені кең ауқымда талдай алуы
мақсатына жетуі
айқын да түсінікті қорытынды жасай алуы
Әр тақырып, оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда жоғары бағаланады.
Мынадай жұмыстарға жоғары бағалар қойылады:
- терең дәлелді ашылған тақырыпқа;
- құжатты өте жақсы меңгергендігіне, оны жан-жақты талқылап игергеніне, қорытындылар жасауына куәландырушы;
- айтылуы бірізді, қисынды және жүйелі мазмұндауға;
- дұрыс әдебиеттік тілмен жазылуына;
-пунктуациялық, грамматикалық және орфографиялық қателердің жоқтығының мазмұнға стилистикалық сәйкестігіне;
Студенттерге реферат тақырыптары курс басында беріледі және тапсыру мерзімі анықталады. Реферат құрылысы кіріспе, тараулар бойынша мазмұн, қорытынды қарастырылатын сұрақтар бойынша мазмұны пайдаланылған әдебиеттердің және құқықтық актілердің тізімі.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тапсырмалардың мазмұны |
Сағат саны |
Тапсыру мезгілі |
Бақылау түрі |
1 |
1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы. |
5 |
4-апта |
1) Баяндама 2) кесте құру, толтыру 3) конспект 4) слайд
|
2.Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі. |
3 |
|||
3. ҚР-ның заңдары бойынша кәсіпкерліктің дамуының негізгі кепілдіктері |
2 |
|||
4. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және жалпы сипаттамасы. |
5 |
|||
2 |
1.Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтық мәртебесі |
7 |
7-апта |
1) Презентация 2) Баяндама 3) Конспект 4) кесте құру, толтыру
|
2. Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы |
5 |
|||
3. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы |
3 |
|||
4. Шаруашылық серіктестік түсінігі және оның түрлері. |
5 |
|||
3 |
1.Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі. |
5 |
11-апта |
1) Баяндама 2) конспект 3) конспект 4) Эссе жазу, глоссарий
|
2.Банк қызметін құқықтық реттеу. |
3 |
|||
3.Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу |
3 |
|||
4.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен принциптері. |
9 |
|||
4 |
1. Тауар биржалары. |
3 |
14-апта |
1) Конспект 2)Конспект, кесте құру 3) Баяндама 4) Презентация
|
2. Биржалық мәмілелер. |
5 |
|||
3.Инвестициялық қызметтің құқықтық нысандары. |
5 |
|||
4.Жарнама – кәсіпкер стратегиясының бөлігі. |
7 |
|||
|
Барлығы |
75 |
|
|
Аралық бақылаудың тапсырмалары
І - аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
1 Кәсіпкерлік құқық құқық саласы ретінде.
2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы.
3 Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
4 Кәсіпкерлік қызметтің ұғымы және жалпы сипаттамасы.
5 Кәсіпкер ұғымы, кәсіпкердің құқықтық мәртебесі.
6 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.
7 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.
8 Жеке кәсіпкерлік ұғымы және жалпы сипаттамасы.
9 Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі.
10 Шаруашылық серіктестіктерінің түсінігі және түрлері.
11 Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің құқықтық жағдайы.
12 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің құқықтық жағдайы.
13 Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы.
14 Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы.
15 Лизингтің құқықтық негіздері.
16 Франчайзингтің мәні мен маңызы.
17Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің үғымы, тәсілдері.
18 Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың нысандары мен тәртібі.
19 Кәсіпкердің банкроттығы.
20Инвестициялық қызметтің құқықтық нысандары.
ІІ-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
1. Сыртқы экономикалық қызмет ұғымына анықтама беріңіз.
2. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінатаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
3. Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу ұғымын мәнін ашып көрсетіңіз.
4. Сыртқы сауда түсінігінің мәнін ашыңыз.
5. Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз.
6. Сыртқы экономикалық мәмілелер мәнін ашыңыз.
7. Сыртқы экономикалық мәміленің белгілерін атаңыз.
8. «Жарнма» терминініңтүсінігін ашыңыз?
9. Жарнама қалай жұмыс жасайды?
10.Жарнаманың түрлеріне сипаттама беріңіз.
11. Жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
12. Таур дегеніміз не?
13. Тауар түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
14. Қызмет ұғымының мәнін ашыңыз.
15. Биржаның құқықтық жағдайы.
16. Биржаның түрлік сипаттамасы.
17.Тауарлық биржа.
18. Биржалық мәмілелер және олардың жіктелуі.
19. ҚР-ның заңдары бойынша кәсіпкерліктің дамуының негізгі кепілдіктері.
20. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі мен әдістері.
21. Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
22. «Бәсеке» терминінің мәнін ашыңыз.
23. Монополиялық әрекет дегеніміз не?
24. Жосықсыз бәсекеге қандай әрекеттер жатады?
25. Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы.
26. Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
27. Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері
28. Коммерциялық дау дегеніміз не?
29. Тұтынушы ұғымының мәнін ашыңыз.
30. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәсілдері.
Глоссарий
Акцепт – ұсыныста (офертада) көзделген ережелерде, шарт жасасуға келісім, яғни офертаға келісім.
Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.
Бәсеке – (лат. Concurred-қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Биржа – бұл биржа сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға.
Биржалық мәміле – биржа сауда-саттығы барысында биржа тауарына қатысты биржа сауда-саттығына қатысушылар жасаған, биржа тіркеген шарт болып табылады.
Валюта биржасы – шетелдік валютамен және басқадай валюталық құндылықтармен жария және көпшілікке арналған сауда – саттық түрінде алдын ала анықталған орында, белгіленген мерзімде және күні бұрын қарастырылған ережелер бойынша жүзеге асырылатын биржалық сауда – саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға.
Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
Динамикалық тәуекел - рыноктық, саяси және т.б. жағдайлардың күтілмеген жерден өзгеруі немесе басқарушының шешім қабылдау нәтижесіндегі негізгі капитал құнының белгісіз жерден өзгеру тәуекелі.
Еркін экономикалық аймақ – бұл елдің еркін кәсіпкерлікке ерекше қолайлы шарттар жасалған шектеулі ауданы.
Жарнама – (француз тілінде «reclame», латынша «reclame» - айқайлап айту) адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.
Жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлi бір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтайқұжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік.ЖШС-ға қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінңің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді
Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;
Жосықсыз бәсекелестiк – құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткiзуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестiктегi кез келген iс-әрекеттер.
Жұмыс – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нәтижелері мақсаттардың көріністегі қызметі.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқыру құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін өз атынан мүліктік және мүліктік емес жек құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заттық құқық – өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе тиесілі әр түрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік құқығы болып табылады.
Кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың, меншік нысанына тәуелді емес, тауарларға (жұмыстарға, қызметкерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза пайда табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорының шаруашылық іс жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген бастамашыл қызметі.
Кәсіпкерлік құқық – кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін және де коммерциялық емес құқытарды, мемлекет пен қоғамның мүддесін қамтамасыз ету мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу қатынастарының жиынтығы.
Кәсіпкерлік қызмет – заңда белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғалардың тәуекел етуі арқылы мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден пайда табуға бағытталған жеке қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субьектісі болып табылатын келісім.
Коммерциялық ақпарат - бұл әр түрлі тауарлар мен қызметтер рыногында болған жағдайлар туралы мәлімет.
Коммерциялық кәсіпкерлік – («Коммерция» латын сөзінен аударғанда «сауда» мағынасын береді) пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы.
Коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат.
Коммерциялық тәуекел - кәсіпорын өндірген немесе сатып алған тауарлар немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру процесінде пайда болатын тәуекел.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі. Коммерциялық кәсіпкерліктің объектісі капитал болғанда қаржылық кәсіпкерлік қызмет туындайды.
Қаржылық тәуекел - кәсіпкерлікті немесе қаржылық мәмілелерді жүргізуден туындайтын тәуекел.
Қор биржасы – бұл сауда-саттықтардың ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету қызметін оларды тікелей сауда-саттықтың дәл осы ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып өткізу жолымен жүзеге асыратын, АҚ-тың ұйымдық-құқықтық түрінде құрылған заңды тұлға.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары серіктестік міндеттемесі бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен , ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.
Қызмет – кәсіпорындардың және жекелеген тұлғалардың халық пен қоғамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған пайдалы қызметінің нәтижесі.
Лизинг – дегеніміз бүкіл сомасын бірден төлеуді талап етпейтін құрал-жабдықты, техниканы және басқа активтерді сатып алудың инновациялық тәсілі
Лицензия – құзіретті мемлекеттік орган тарапынан азаматқа немесе заңды тұлғаға берілетін, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға деген рұқсат.
Меншік – материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас.
Меншік құқығы – субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы боынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы.
Монополистiк қызмет – жағдайы тиiстi тауар нарығын бақылауға, оның iшiнде тиiстi тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы шарттарына елеулi ықпал етуге мүмкiндiк беретiн нарық субъектiлерiнiңқызметi.
Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда. Монополия жағдайында нарықта бір ғана сатушы және көптеген сатып алушылар болады.
Монополияға қарсы орган – бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Мүлік – заңды немесе жеке тұлғаның меншігіндегі, иелігіндегі немесе басқаруындағы заттардың, материалдық құндылықтардың жиынтығы; азаматтық құқықтардың (ең алдымен меншік құқығының) материалдық нысаны
Орташа кәсіпкерлік субъектілері- заңды құрмастан, жұмыскерлердің орташа жылдық саны елу адамнан асатын жеке кәсіпкерлер де, жұмыскерлердің орташа жыдық саны елу адамнан асатын, бірақ екі жүз адамнан артық емес және активтерінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар да саналады
Оферта – ереже бойынша азаматтық – құқықтық шарт жасасу туралы жасалған ұсыныс.
Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде , олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын негізделген ерікті бірлестігі.
Өндірістік тәуекел - тауар, қызмет кәрсету, капитал ондірумен, сонымен қатар өндірістік қызмет жүргізудің көптеген түрімен байланысты.
Пайда - ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкіндігі.
Сенім серіктестігі - серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің жарғылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серіктестігі.
Сертификаттау –өндірушіден және тұтынушыдан тәуелсіз органның тарапынан берілетін, өнімнің, процестің, жұмыс нәтижесі мен қызметтің нормативті құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде қуаттау.
Стандарттау – белгілі бір саладағы өнімдерге қойылатын талаптарды бір ретке келтіруге, ол өнімдердің жалпылама және көп рет қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.
Статикалық тәуекел - меншік, сонымен қатар жоғалтуларға зиян келтірілген нәтижесіндегі нақты активтерді жоғалту тәуекелі.
Сыртқы тәуекел - мемлекет деңгейіндегі және кәсіпорынмен байланысты шағын орта объектілерінің қолайсыз әсерімен байланысты болатын тәуекел.
Сыртқы экономикалық қызмет – бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет.
Табиғи монополия – сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы.
Тауар – сатып алу, сатуға немесе басқа өнімге айырбастауға жататын өнім.
Тауар биржасы – биржа тауарларын көтеме саудамен сату бойынша ұйымдастырушылық және реттеушілік қызметін тұрақты түрде белгілі бір орында және белгілі бір уақытта көпшілікке арналған сауда – саттық жасау жолымен жүзеге асыратын меншіктің кез келген түрлеріне негізделген заңды тұлға болып табылады.
Толық серіктестік - толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік.
Факторинг – ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты, яғни несиемен байланысты сауда – комиссия операциясының бір түрі.
Франчайзинг – кешендік кәсіпкерлік лицензия шарты. Француз тілінен аударғанда «жеңілдік, басымдық» деген мағынаны білдіреді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлердің орташа жылдықсаны 50 адамнан аспайтын, жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі активтерінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ( заңға сәйкес 2012 ж. Қаңтардың 1 –інен бастап, АЕК -1618 тенге ) алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан ары қарай –АЕК) жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады.
Шарт – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі – шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы.
Шаруашылық қызмет – ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлері
Шаруашылық серіктестіктер – жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын немесе активтеррінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады
Ішкі тәуекел- кәсіпорын қызметін жоспарлау және талдау бойынша шешім қабылдаумен байланысты туындайтын тәуекел.
Экономикалық қызмет – бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет.
Бақылау өлшем құралы
1. Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі мәнін ашыңыз.
2. Кәсіпкерлік құқықтың құқықтық реттеу әдістерінің мазмұнын ашыңыз.
3. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар ұғымы, түрлерін көрсетіңіз.
4. Кәсіпкерлік құқық – құқық саласы ретінде қарастырыңыз.
5. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні ретінде мәнін ашыңыз.
6. Кәсіпкерлік құқықтың құқық жүйесіндегі алатын орнын көрсетіңіз.
9. Кәсіпкерліктің Қазақстанда даму тарихы.
10. Кәсіпкерліктің дамуының құқықтық алғышарттары.
11. Кәсіпкерліктің дамуының саяси және экономикалық алғышарттары.
12. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
13. ҚР-ның Конституциясы кәсіпкерлік құқықтың негізгі қайнар көзі.
14. Кәсіпкерлік қызметтің ұғымы, белгілері.
15. Кәсіпкерлік құқықтың негізгі принциптері.
16. Кәсіпкерлік қызметті өз атынан жүзеге асыру.
17. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктік оқшауланушылық, жауаптылық.
18. Кәсіпкерлік тәуекел.
19. Тәуекелдің ұғымы, түрлері.
20. Тауарларға, қызметке және сұранысты қанағаттандыру арқылы табыс табу кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгісі.
21. « Кәсіпкер»ұғымы, оның құқықтық мәртебесі.
22. ҚР-дағы кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.
23. Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.
24. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
25. Жеке кәсіпкеліктің ұғымы.
26. Жеке кәсіпкерлік субъектілері.
27. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметінің нысандары.
28. Бірлескен кәсіпкерлік қызметтің құқықтық сипаттамасы.
29. Азаматтардың жеке өзіндік кәсіпкерлік қызметінің құқықтық сипаттамасы.
30. Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметі.
31. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
32. Жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты қорғау.
33. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
34. Жеке кәсіпкелікті мемлекеттік тіркеу.
35. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі.
36. Шаруашылық серіктестіктерінің түсінігі және түрлері.
37. Сенім серіктестігі.
38. Толық серіктестік.
39. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
40. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру.
41. Қосымша жауапкешілігі бар серіктестік.
42. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы.
43. Қоғам акциснерлерінің құқықтары мен міндеттері.
44. Акционерлік қоғам органдары.
45. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдйы.
46. Өндірістік кооперативті құру тәртібі.
47. Өндірістік кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.
48. Өндірістік кооперативті басқару.
49. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі.
50. Кәсіпкердің субъективтік құқықтары мен міндеттері.
51. Кәсіпкерлік мәміле ұғымы.
52. Кәсіпкерлік шарттың нысаны.
53. Лизингтің құқықтық негіздері.
54. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысандары.
55. Франчайзингтің мәні.
56. Кәсіпкерлік жауапкешіліктің ерекшеліктері.
57. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің ұғымы.
58. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тәсілдері.
59. Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің шектері.
60. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау.
61. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың нысандары мен тәртібі.
62. Кәсіпкердің банкроттығы.
63. Кәсіпкерлік қызметті стандарттау және сертификаттау арқылы реттеу.
64. Экологиялық сараптама және экологиялық бақылау.
65. ҚР-ның заңдары бойынша кәсіпкерліктің дамуының негізгі кепілдіктері.
66. Кәспкерлік қызметті қорғау тәсілдері.
67. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.
68. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері.
69. Коммерциялық құпия ұғымы.
70. Бәсекелестіктің ұғымы.
71. Табиғи монополиялардың ұғымы.
72. Монополияға қарсы органдар, олардың мәртебесі.
73. Жекешелендіру туралы жалпы ережелер.
74. Жекешелендіру субъектілері мен объектілері.
75. Жекешелендірудің трлері, тәртібі және шарттары.
76. Инвестицияның түсінігі және жалпы сипаттамасы.
77. Инвестициялық әрекеттің құқықтық нысандары.
78. Биржаның құқықтық жағдайы.
79. Биржалық сауда.
80. Тауарлық биржа.
81. Қор биржасы.
82. Валюталық биржа.
83.Тұтынушы – кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
84. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы негізгі нормативтік актілер.
85. Кәсіпкерлердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.
Тест тапсырмалары

Саудагер