- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
- •Жеке кәсіпкер
- •Құқықтары Міндеттері
- •3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
- •«Жеке кәсіпкерлік туралы» қр Заңы қай жылы қабылданды:
- •Жеке кәсіп керлік субъектілері
- •3. Кәсіпкерлік құпия дегеніміз
- •19. Сенім серіктестігі салымшыларының жарғылық капиталындағы үлестің жиынтық мөлшері неше проценттен аспау керек
- •20. «Өндірістік кооперативтік туралы» қр-ң заңы қай жылы қабылданды
- •21. Шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары
- •35. Кәсіпкерлік құқықтың әдісі
- •36. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылады
- •37. Тауар дегеніміз –
- •39. Тауардың түрі нешеге бөлінеді
- •40. Жарнама дегеніміз –
- •Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері
- •Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
- •Кәсіпкелік ұғымы, белгілері
- •Кәсіпкерліктің түрлері
- •2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:
- •Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.
- •Кәсіпкер ұғымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
- •Мүлік түсінігі және құрылымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.
- •Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.
- •Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.
- •Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.
- •Инвестиция түсінігі, белгілері.
- •Инвестицияның түрлері.
- •Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
- •Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
- •Еркін экономикалық аумақ.
- •Жарнама түсінігі, түрлері.
- •Тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Биржа түсінігі және оның пайда болуы, түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік ұғымы.
- •Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.
- •Монополияға қарсы орган.
- •Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
- •Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
- •Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
Негізгі ұғымдар: дау, кінәрат-талап, талап қо, аралық сот.
2. Кәсіпкерлік қызметтің нақты субъектілерінің сотқа шағымдану құқығы (шағым беру құқығы) тараптар дауды талап қою тәртібімен тікелей реттеу бойынша шаралар қабылдағаннан кейін ғана туындайды.
Кінәрат-талап қоя отырып, шаруашылық жүргізуші субъект оның құқықтарын бұзатын және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін екіншісінің заңсыз әрекеттері туралы айтады.
Кінәрат-талаптың мәні - тараптардың ортақ мүдделерін өзара есепке алуды қамтамасыз ететін олардың өздерінің барынша оңтайлы шешім табу мүмкіндігі деген сөз.
Талап қою тәртібі:
шаруашылық дауы туған жағдайда тараптардың мүдделерін реттейтін шешімді олардың өздерінің қабылдауына;
тараптардың әрқайсысына дау-дамайды шешудің мүмкін жолдарын ұсынуға;
заң органының шешуіне жататын елеулі келіспеушіліктер аясын белгілеуге мүмкіндік береді.
Талап қою жұмысы нәтижесінде шешілетін міндеттер қатарына мыналар жатады:
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды мүдделерін қорғау;
шарт міндеттемелерінің орындалмауын немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындалуын және басқадай заң бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау;
заң нормаларының және жасалған шарт ережелерінің бұзылуының алдын алу;
зардап шеккен тарапқа келтірілген залалдың орнын кінәлі адамдар есебінен толтыру.
Талап қою жұмысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды тежейтін немесе кедергі жасайтын теріс зардаптарды жоюға немесе алдын алуға бағытталған, ал оны Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Контрагенттеріне бұзылған шарт міндеттемелері бойынша талап қою арқылы кәсіпкер өзінің заңды құқықтарын қорғайды, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді талап етеді, өзінің мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғайды.
Шаруашылық дауларын талап қою тәртібімен реттеу туралы айтқанда, қазіргі таңда барлық Кәсіпкерлер үшін бірдей, ортақ талаптар қою ережелерін белгілейтін қаңдай да бір нормативтік актілер жоқ.
№15 Дәріс. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Жоспар:
Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
ҚР-ның заңдарымен қорғалған тұтынушылардың құқықтары.
Негізгі ұғымдар: Тұтынушы,
Тұтынушы дегеніміз, өзі жеке тұтыну немесе жеке шаруашылығында пайдалану мақсаттарымен тауар сатып алатын, қызмет көрсетуді пайдаланатын азамат. Азамат тұтынушы ретінде тек кәсіпкерлермен ғана құқықтық қатынасқа түседі. Сол себепті кәсіпкерлік құқық тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 1-бабына сәйкес, тұтынушы – өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тауарға (жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниетi бар не тапсырыс беретiн, оларды иеленетiн және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға. Осы 7-бабына сәйкес, тұтынушылардың төмендегідей құқықтары бар:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетiлетiн қызметтi) иеленуге еркiн шарт жасасуға; 2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткiзуге; 3) тауар (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға; 4) қауiпсiз тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) сатып алуға; 5) тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) еркiн таңдауға; 6) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) тиiстi сапасына; 7) тиiстi де, тиiстi емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге; 8) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) кемшiлiктерi салдарынан өздерiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге; 9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактiсiн растайтын құжатты алуға; 10) ұтыс түрiнде берiлген (орындалған, көрсетiлген) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кiнә қоюға; 11) тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiн құруға; 12) моральдық зиянды өтетуге; 13) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға;
Тұтынушылармен шарт жасаған жағдайда, егер шарт мазмұнында тұтынушының заңда бекітілген құқықтарына нұқсан келтіретін жағдайлар болса, олар жарамсыз деп танылады. Кәсіпкер тұтынушыға өзі ұсынатын өнім жайлы толық ақпарат берілуін қамтамасыз етеді. Тұтынушымен қарым-қатынас кезіндегі тағы бір маңызды жағдай – баға. Тауар сатқанда, қызмет көрсеткенде оның бағасы басқа тұтынушыларға белгіленген бағадан жоғары болмауы тиіс.
Тұтынушының құқықтарын қорғау мақсатында өкілетті мемлекеттік органдар өнім сапасын бақылау, тұрғындарға өз қаражатын тиімді пайдалану жөнінде кеңес беру, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты міндеттер атқарады. ҚР азаматтары тұтынушылар қоғамына бірігуге құқылы. Тұтынушылар қоғамы коммерциялық емес заңды тұлғалар болып табылады, және тауарларға, бағаларға тәуелсіз сараптама жасайды, тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылайды, сапасы нашар өнімдер бойынша өкілетті органдарға шара қолдану жөнінде ұсыныстар береді т.б. әрекеттер жасай алады. Тұтынушылар қоғамы азаматтардың тапсырмасы бойынша немесе өз бастамасымен сатушыларға, өндірушілерге тауардың сапасына, бағасына байланысты құқық бұзушылықты тоқтату, шығынды өтеу жөнінде талап қоя алады. 10 күн ішінде ол талап қанағаттандырылмаса тұтынушылар қоғамы сотқа талап-арыз бере алады.
2.Тұтынушылардың құқығын бұзған жағдайда сатушылар, тауар өндірушілер келтірілген зиянның толық мөлшерінде жауапкершілікке тартылады. Тұтынушымен қарым-қатынасқа түсетін сауда ұйымының қызметкері тұтынушының жеке басына құрметпен қарамаған жағдайда жария түрде кешірім сұрауы тиіс. Бұл талапты орындамаған тұлғаға тәртіптік, әкімшілік, заңда көрсетілген жағдайларда қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылады. Өз кезегінде тұтынушы да жоғарыдағы талаптарды орындауға міндетті.
Заңға сәйкес, тұтынушы өзі сатып алған тауарды 14 күн ішінде басқа затпен ауыстырып алуға құқылы. Бұл жағдайда алғашқы алынған тауар тұтынылмаған болып, өзінің қасиеттерін толық сақтауы қажет. Тұтынушы затты ауыстырудың себебін түсіндіруге міндетті емес. Егер оны ауыстыратын зат жоқ болса, тұтынушы затты қайтарып, оған төленген соманы қайтып алуға құқылы. Бұл ереже кейбір тауар түрлеріне қолданылмайды.
Егер кепілдік мерзімі немесе заңмен, шартпен белгіленген мерзім ішінде тұтынушыға сатылған тауардың сапасында кемшіліктер бар екендігі анықталса, тұтынушы өз таңдауы бойынша бағаның төмендетілуін, кемшіліктердің тегін жойылуын, заттың басқа затпен ауыстырылуын немесе шарттан бас тартып, шығындардың өтелуін сатушыдан талап ете алады. Бұл жағдайда сатушы тұтынушының пайдасына айыппұл төлейді.
Тұтынушыға берілген өнім белгіленген мемлекеттік стандарттарға сай болып оның өміріне, денсаулығына, мүлкіне қауіп төндірмеуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда тұтынушы шеккен зиян толық мөлшерде өтеледі. Тұтынушыға зиянды қасиеттері бар тауар өндірісін өндіруші ондай мәлімет анықталған кезден бастап тоқтатуы тиіс. Мұндай талаптарды орындамаған өндіруші бюджет пайдасына айыппұл төлейді. Өмірге және денсаулыққа қауіпті өнімді өндіру жағдайында өнімнің жобасын дайындаушы, өндіруші, қауіпті өнімге деген стандартты бекіткен орган, өнімді сатуға рұқсат немесе сапа сертификатын берген орган, қауіпті өнімді өндіруге рұқсат берген денсаулық сақтау органдары заңмен белгіленген жауапкершілік тартады.
ҚР заңдарына сәйкес тұтынушы кәсіпкер тарапынан зиян шеккен жағдайда нақты шығынмен қатар, моральдық зиянның өтелуін де талап ете алады. Оның мөлшері нақты зиянның мөлшерінен тәуелсіз түрде белгіленеді.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30тамыз 1995. (ҚР 2007
жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ, 2011 жылғы 2 ақпандағы №403-ІҮ заңдарымен енгізілген өзгертулерімен.
2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы және ерекше
бөлімдері). ( 40- тарау. Сақтандыру ). – Алматы: «ЮРИСТ», 2013.-340б.
3.«Жеке кәсіпкерлік туралы» № 124-ІІІ Қазақстан Республикасының
Заңы. 31.01. 2006 ж.
4. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» №2335 Қазақстан Республикасының
Заңы. 17.04.1995 ж.
5.Қазақстан Республиасының «Банкроттық туралы» Заңы. 21 тамыз
1997ж.
6. «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» № 214-І Қазақстан Республикасының Заңы. 31.03.1998 ж.
7. «Жарнама туралы» N 508-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
19.12.2003 ж. (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
8.«Шаруашылық серіктестіктер туралы» №2255 Қазақстан Республикасының Заңы. 02.05.1995 ж.
9. «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестiктер туралы» № 220-І Қазақстан Республикасының Заңы. 22.04.1998 ж.
10.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік (нормативтік құқықтық
актілер жинағы). – Алматы: «ЮРИСТ» 2009. - 200 б.
11. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» № 274-IV Қазақстан
Республикасының Заңы. 04.05.2010 ж.
12. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16.07.1997ж.
14.» Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының заңы. 10.12.2008ж. (өзгерістер және толықтырулармен).
15. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8.01.3003ж
16. «Лицензиялау туралы» Қазақстан № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы 13.05.2003ж
18. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 25.12.2008 ж.
19 «Өндірістік кооператив туралы» №2488 Қазақстан Республикасының Заңы. 05.10.1995ж.
20. «Аралық соттар туралы» №22-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы. 28.12.2004 ж.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
Басин Ю.Г., Фирсов В.Г. “Основы бизнеса и предпринимательства в
условиях рыночной экономики». Алматы, 1992.
Мороз, С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық Оқулық / С.П. Мороз.-
Алматы: «Бастау», 2009.- 288б.
Киздарбекова А.С., Асетова Г.Б: Кәсіпкерлік құқық Оқулық. – Алматы.
ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -272 б.
Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ш-том. –
Алматы: «Жеті жарғы», 2001. -376 б.
Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше
бөлім. 1-ші том. Оқулық / Ғ.А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б.
Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше
бөлім. 2-ші том. Оқулық / Ғ.А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 358б.
Чижова, О.В. Предпринимательское право Конспект лекций / О.В.
Чижова.- 2-е изд., испр. и доп.- М.: Юрайт-Издат, 2009.- 140с.
Предпринимательское право Учебник / Под ред. Е.П.Губина, П.Г.Лахно.-
М.: «Юрист», 2004.- 416с.
Предпринимательство в Республике Казахстан:Правовое регулирование.
Кн.1-2 Алматы: БОРКИ, 1999.- 172 с.
Кулагин М.И., “Предпринимательство и право» опыт Запада. М., 1992.
Круглова Н.Ю. Хозяйственное право - М., Русская Деловая Литература.
1997.
Круглова, Н.Ю. Коммерческое право Учебник. 3-е изд. перераб. и доп. –
Москва: «Высшее образование», 2009.- 749с.
Дойников, И.В. Предпринимательское(хозяйственное) право Учеб. Пособ
- М.: «Брандес», 1997.- 256 с
Лаптаев В.В. Хозяйственное право - право предпринимательской
деятельности / Государство и право , 1993 № 1/
Мартемьянов В.С. Хозяйственное право 1 том. Курс лекции. - М., 1994.
Пердпринимательство в Республике Казахстан Окаев К.О., Смагулова
Н.Т., Яновская О.А., Бикетова Е.Б. Асангалиева Р., Абдуллина З.Т., Даирова Р. Алматы, Экономика, 1999.
Предпринимательское (хозяйственное) право. Под ред.О.М.Олейников.
Предпринимательское право. Курсы лекции. Под ред. А. И. Клейн. М.,
1993.
Климкин С. И. Правовые формы предпринимательства в РК.
Алматы, 1997.
20 Шаруашылық қызметте қолданылатын азаматтық-құқықтық шарттардың түрлері / Құрастырғандар: В.Ермаков, Л.Әмірсейітова.- Алматы: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы, 1999.- 82
21 Амирханова И. Правовое обеспечение индивидуального предпринимательства: Проблемы теории и практики Учебное пособие /
И Амирханова , В Романкова.- Алматы: «Қазақ университетi», 2003.- 209 с.
22 Вещные права в Республике Казахстан. - Алматы: «Жетi жарғы», 1999.- 360 с.
23 Лебедева Е.И. Предпринимательское право. Учебник / Е.И. Лебедева.- Москва: «Высшая школа», 2004.- 509 с.
24 Мороз С.П. Инвестиционное право. Учебное пособие / С.П. Мороз.- 2-е изд., перераб. и доп.- Алматы: «Юрист», 2004.- 215 с.
25 Омурчиева Э.М. Банковское право Республики Казахстан. Учебное пособие / Э.М. Омурчиева, Е.Б. Осипов.- Алматы: «Бастау», 2009.- 238 с.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
26. Шершеневич Г. А. Учебник торгового права. М., 1994.
27. Большой экономический русско-казахский словарь. Алматы, 1999.
Токсанбай С. Р.
28. Толковый словарь терминов рыночной экономики. Алматы, 1992. Под
ред. С. П. Байзакова.
29. Сәбікенов, С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша
орысша-қазақша сөздігі. 17000 жуық термин. А-Я / С. Сәбікенов, Г. Сәбікенова.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688 бет.
30. Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин 5-ші басылуы, өңделіп,
толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.
31. Риски в современном бизнесе. М., 1994.
32. Ахмадиева Г. Д. Правовое регулирование внешне экономических
контрактов в РК. Алматы, 1996.
33. Худяков А.И. Страховое право РК.,Алматы., 1997.
34. Олейник О.М. Основы банковского права. М., Юрист.,1997.
35. Мауленов К.С. Правовое регулирование иностранных инвестиций в РК.
Алматы.,1998.
36. Сарсембаев М.А. Международное торговое право. Алматы.,1999.
37. Международное частное право.Авторский коллектив. Айдарбаев С.Ж.,
Альпеисова А.Т., Аманжолов Ж.М. и др. Алматы.,2001.
38. Сарсембаев, М.А. Правовой статус экономических зон Казахстана и мира
Учебник / М.А. Сарсембаев.- Астана: Дәнекер, 2002.- 100с.
39. Игошин, Н. А. Страховое право Учебное пособие Под ред. Н. М.
Коршунова.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2010.- 167с.
40. Science and Technology in International Economic Law Balancing Competing Interests Edited by Bryan Mercurio, Kuei-Jung Ni Taylor & Francis Series: Routledge Research in International Economic Law
41. Mediation Law Journey through Institutionalism to Juridification
By Penny Brooker Taylor & Francis
42. Contract Law By Chris Turner Taylor & Francis
43. INTERNATIONAL BUSINESS LAW AND ITS ENVIRONMENT BY BEVERLEY EARLE, FILIBERTO. http://dx.doi.org/1
44. Business law for financial services - volume 1 for banking and finance Professional 2002. http://www.bay.ru/help/ordering
45. The law of civil procedure: cases and materials Michael G. Collins, Joel William Friedman. 2010 http://www.bay.ru/help/ordering
