- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
- •Жеке кәсіпкер
- •Құқықтары Міндеттері
- •3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
- •«Жеке кәсіпкерлік туралы» қр Заңы қай жылы қабылданды:
- •Жеке кәсіп керлік субъектілері
- •3. Кәсіпкерлік құпия дегеніміз
- •19. Сенім серіктестігі салымшыларының жарғылық капиталындағы үлестің жиынтық мөлшері неше проценттен аспау керек
- •20. «Өндірістік кооперативтік туралы» қр-ң заңы қай жылы қабылданды
- •21. Шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары
- •35. Кәсіпкерлік құқықтың әдісі
- •36. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылады
- •37. Тауар дегеніміз –
- •39. Тауардың түрі нешеге бөлінеді
- •40. Жарнама дегеніміз –
- •Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері
- •Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
- •Кәсіпкелік ұғымы, белгілері
- •Кәсіпкерліктің түрлері
- •2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:
- •Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.
- •Кәсіпкер ұғымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
- •Мүлік түсінігі және құрылымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.
- •Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.
- •Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.
- •Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.
- •Инвестиция түсінігі, белгілері.
- •Инвестицияның түрлері.
- •Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
- •Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
- •Еркін экономикалық аумақ.
- •Жарнама түсінігі, түрлері.
- •Тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Биржа түсінігі және оның пайда болуы, түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік ұғымы.
- •Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.
- •Монополияға қарсы орган.
- •Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
- •Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
- •Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
Негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілік,
1. Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада: Жеке кәсіпкерлік туралы заң мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерінің жалпы ережелері мен түрлерін («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 9-тарауы), жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін (Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 10-тарауы), сонымен қатар жеке кәсіпкердің жауапкершілігін («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 7-бабы) белгілейді. Ал заң шығарушының қабылдаған тәртібіне сәйкес, заң актілерінде заң бұзушылықтың нақты түрлерін және солар бойынша жауапкершілік шараларын қарастыратын нормалар жоқ, себебі бұл нормалар азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық-әкімшілік-құқықтық және қылмыстық –құқықтық жауапкершіліктің қолданылу негіздемелері мен тәртібін белгілейді арнайы актілерге (тиісінше, Қр АК, Еңбек кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне және Қылмыстық кодекске) енгізілген.
Заңдық жауапкершіліктің арнайы (мамандандырылған) түрі ретіндегі кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілік сонымен мынадай: мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, заң бұзушының әрекетін заңсыз деп тану және ол үшін қолайсыз зардаптардың пайда болуы сияқты ортақ белгілерге ие болады.
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілктің ерекшеліктерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1) оның субъектілері болып тек кәсіпкер мәртебесі бар тұлғалар (яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және заңмен белгіленген тәртіпке тіркелген тұлғалар) саналады;
2) ол, негізінен, әкімішілік-құқықтық тәртіпте (мысалы, кәсіпкердің лицензиясының қызметін тоқтату немесе қайтарып алу түрінде) болады;
3) жеке кәсіпкерлік туралы, бәсекелестік туралы және т.б. арнайы заң нормаларын бұзғаны үшін қолданылады;
4) соған арнайы өкілетті мемлекеттік органдар (мысалы, лицензия беруші орган) арқылы жүктеледі.
2. Жеке кәсіпкерлік туралы заңда жауапкерішілктің екі түрі айрықша көзделген: 1) мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі; 2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде жеке кәсіпкердің) жауапкершілігі.
Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары мемлкеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысында мемлекеттік басқару мақсаттарына жете алмауға соқтырған, сонымен бірге басқадай заңға қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) істеген жағдайда, өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін ҚР заңдары белгілеген жауапкершілік көтереді.
Мемлекттік органдар және олардың лауазымды тұлғаларына ҚР заңдары белгілеген жауапкершілік төмендегідей әрекеттер үшін жүктеледі:
1) жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметті таратқан (оның үстіне жеке кәсіпкерлік субъектісіне оның рұқсатынсыз ақпарат тарату нәтижесінде келтірілген залал өтелуге тиіс); 2) жеке кәсіпкерлікке кедергі жасау (ҚР ҚК 189-бабы – «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау»; ҚР ӘҚБК 151-бабы «Лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы»); 3) жеке кәсіпкерлікті тексерудің белгіленген тіртібін бұзу (негізсіз тексеру тағайындау, кесім шығармай және оны құқықтық статистика органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттарды заңсыз алыпқою, материалдық құндылықтарды заңсыз тізбелеп түгендеу, өндірісті тоқтату, артық анықтамалар жасау, негізсіз сұрау салу және басқадай жағдайларда).
Жеке кәсіпкердің жауапкершілігі туралы айтқанда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 7-бабы, 7-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, ҚР заңына сәйкес өндіріп алу қолдыналмайтын мүліктен басқа, өзінің бар мүлкімен жауапты болатынын атап кеткен жөн.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің үш түрі қарастырылған: азаматтық-құқықтық, әкімішілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігіне тікелей ең көп ықпал ететін заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына азаматтық-құқықтық жауапкершілік жатады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік төмендегідей белгілердің болуымен сипатталады: 1) азаматтық-құқықтық жауапкершілік – бұл мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының бірі; 2) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өтем немесе қалпына келтіру сипатында болады; 3) азаматтық-құқықтық жауапкершілік азаматтық құқықтардың немесе міндеттердің бұзылуына жол берген адамға тиімсіз мүліктік зардаптар жүктеуден көрінеді.
Міндеттемелердің бұзылғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапты болу мынадай түрде болуы мүмкін: залалдардың орнын толтыру, айыпақы өндіріп алу, кепілақыны жоғалту немесе қайтарылған кепілақы сомасының үстіне қосымша кепілақы төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынған пайданың барлығын мемлекет кірісіне тәркілеу, кепілдікке салынған мүлікке, сонымен бірге ұстап қалу құқына сәйкес ұсталып тұрған мүлікке меншік құқын жоғалту және т.б. Оған қоса, жауапкершіліктің жалғыз түрі болмаса да, ең көп тараған түріне залалдардың орнын толтыру және айыпақыларды өндіріп алу жатады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі жұмыскер тәртіп бұзған кезде борын алады және тек жеке сипатта болады, жұмыскерлердің барлық санаттарына қатысты тікелей қолданылуы мүмкін.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік әкімшілік құқық бұзылған, яғни заңға қарсы, мемлекеттік, қоғамдық құрылысқа, меншікке, азаматтардың өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз) іс (әрекет немесе әрекетсіздік) жасалған жағдайда қолданылады.
2001ж қаңтардың 30-ындағы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жиырма бір құрамын қамтитын арнайы 14-ші тарау (140-158-І-баптар) бар.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына сонымен бірге келесідей құқық бұзушылықтарды жатқызуға болады: меншікке қол сұғатын әкімішілік құқық бұзушылық; сауда және қаржы саласындағы әкімішілік құқық бұзушылық; салық салу саласындағы әкімішілік құқық бұзушылық; өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы әкімішілік құқық бұзушылық; сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімішілік құқық бұзушылық; қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық; кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық; көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімішілік құқық бұзушылық және басқалары.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне әкімшілік-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдану, бәрінен бұрын, мемлекеттік көпшілікке арналған мүдделерін қорғауға, екінші жағынан,, басқа кәсіпкерлердің құқықтары мен ерекшеліктерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңнның тиімділігін көтерудің айрықша тәсілі қылмыстық жауаптылық болып табылады. әдетте, қылмыстық жауаптылық қашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен байланыстырылады және ең қатал ықпал ету шарасы ретінде қабылданады.
Қазақстан Республикасының 1997ж шілденің 16-ындағы Қылмыстық кодексінің экономикаылқ қызмет саласындағы қылмыстарға арналған арнайы 7-ші тарауы бар. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды екі топқа бөлуге болады: 1) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын қылмыстар; 2) жеке кәсіпкерлік субъектілері жасайтын қылмыстар.
Қылмыстардың бірінші тобына мыналар кіреді: 1) ҚР ҚК 189-бабы – «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау » 2) 200-баптың 2-бөлімі – «Коммерциялық немесе бактік құпияны құрайтынмәліметтеді заңсыз алу және жария ету»; 3) «Табиғатты пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу».
Қылмыстардың екінші тобын құрайтындар: 1) 190-бап – «Заңсыз кәсіпкерлік»; 2) 191-бап – «Заңсыз банктік қызмет»; 3) 192-бап – «Жалған кәсіпкерлік» 4) 193-бап – «Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе басқадай мүлікті заңдастыру» 5) 194-бап - «Кредитті заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану» 6) 195-бап – «Кредит берешегін өтеуден қасақана жалтару» 7) 196-бап – «Монополистік әрекет және бәсекелестікті шектеу» 8) 197-бап – «Көпшілік сауда-саттық, аукциондар өткізудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу»; 9) 198-бап – «Көрінеу жалған жарнама беру» 10) 199-бап – «Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану» және т.б.
№14 дәріс. Кәсіпкерлік даулар.
Жоспар:
