Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Бәсекелестік ұғымы.

  2. Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.

  3. Монополияға қарсы орган.

Негізгі ұғымдар: Бәсеке, бәсекелестік, жосықсыз бәсеке, монополия.

1. Бәсеке – жарысудың айқын көрінісі.Ол адамдардың шаруашылық қызмет жүргізу түріне едәуір дәрежеде ықпал етеді.

Бәсеке өндірушілерді ресурстарды мейлінше аз мөлшерде пайдалана отырып, тұтынушылырдың қажеттіліктерін ең төменгі баға бойынша қанағаттандыруға мәжбүр етеді. Бәсеке – (лат. Concurred-қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында , өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.

Бәсеке – нарық жүйесіндегі маңызды бақылау құралы.

Бәсеке мақсаты – өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу. Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі.

Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Бәсекелестік – нарықта бірдей тауар өндіріп, барынша көбірек сатып алушыларды тарту үшін, барынша көп пайда табу үшін, өндірушілердің экономикалық жарысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV «Бәсекелестік туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, бәсекелестiк – дербес жасаған iс-әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн нарық субъектiлерiнiң жарыспалылығы; Бәсекелестiктiң негiзгi принциптерi:

1)жарыспалылық

2)адалдық

3)заңдылық

4) тұтынушылардың құқықтарын сақтау болып табылады.

2. Бәсекеге қарама-қарсы ұғым – монополия. Монополия жағдайында нарықта бір ғана сатушы және көптеген сатып алушылар болады.

Монополистiк қызмет - жағдайы тиiстi тауар нарығын бақылауға, оның iшiнде тиiстi тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы шарттарына елеулi ықпал етуге мүмкiндiк беретiн нарық субъектiлерiнiң қызметi;

Монополистiк қызметтiң түрлерi       1) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi;       2) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi;       3) үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану жатады.

«Бәсекелестік туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, жосықсыз бәсекелестiк – құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткiзуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестiктегi кез келген iс-әрекеттер. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Жосықсыз бәсекелестiкке мынадай iс-әрекеттер жатады:       1) тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану;       2) басқа өндiрушiнiң тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;       3) бұйымның сыртқы түрiн көшiрiп алу;       4) нарық субъектiсiнiң беделiн түсiру;       5) көрiнеу жалған, жосықсыз және дәйексiз жарнама;       6) мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу;       7) сатушыға (өнiм берушiге) бойкот жасауға шақыру;       8) сатып алушының (өнiм берушiнiң) беделiн түсiруге шақыру;       9) нарық субъектiсiн бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;       10) сатушының (өнiм берушiнiң) қызметкерiн сатып алушылық       11) сатып алушының қызметкерiн сатып алушылық       12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану.

3. Монополияға қарсы орган - бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

Монополияға қарсы органның бiртұтас жүйесiн орталық мемлекеттiк орган және оған бағынысты аумақтық органдар құрайды. Аумақтық органдар өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық мемлекеттiк орган бекiткен ережелерде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

Монополияға қарсы органның мiндеттерi: 1)адал бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу; 2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу; 3)экономикалықшоғырлануғабақылаужасау; 4) бәсекелестiктi шектейтiн нарық субъектiлерiн монополиясыздандыру болып табылады.

Монополияға қарсы органның құзыретi:

1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады; 3) монополияға қарсы орган құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 5) мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кеседi; 6)экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдаланудың алдын алады және оны жояды; 8) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiн және келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекелестiктi болдырмайды және олардың жолын кеседi; 9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi; 10) бәсекелестiктi дамыту, монополистiк қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi салаларында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және келiседi; 11) тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйiн талдауды және бағалауды жүзеге асырады; 12) тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн талдауды және оның мониторингiн жүзеге асырады; 13)тiзiлiмдi қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады;

14) тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерiн, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын қаржылық ұйымдарға қатысты - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу әдiстемесiн бекiтедi; 15)тауарларын реттелетiн нарықтарда өткiзетiн нарық субъектiлерiн қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;

13 дәріс. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік.

Жоспар: