Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

  2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.

  3. Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.

Негізгі ұғымдар: жеке кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерлік, коммерциялық құпия.

1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі бағыттар: 1) жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша заңдарды жетілдіру; 2) жеке кәсіпкерлік, бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриялық аймақтар және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да нысандарын қолдау орталықтарын құру және дамыту; 3) бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету қызметі бойынша жүргізіледі.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту формалары мыналар: 1) мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлікті дамыту туралы мәселелерді зерттеу және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру; 2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан сараптау кеңестері қызметін ұйымдастыру; 3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қаржы институттарын құру; 4) бизнес-инкубаторлар және индустриялық аймақтар қызметін ұйымдастыру; 5) жер төлімдерін, ғимараттарды, тұрғынжайларды сатуды немесе тұрғынжайларды тұрғын емес етіп ауыстыруды ҚР заңдарына сәйкес (мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер төлімдерін, ғимараттарды, тұрғынжайларды сатады немесе ҚР заңдарына сәйкес жер төлімдерінің мақсатты пайдаланылуын өзгертеді немесе ҚР тұрғынжай қатынастары туралы заңына сәйкес сатып алу-сату шартына немесе қажетті инфракұрылымға қосуға арналған техникалық шарттар рұқсаттамасына сәйкес тұрғынжайды тұрғын емес етіп қайта жабдықтауға рұқсат береді) орындау.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың тағы бір формасы

жеке кәсіпкерлікті өркендету үшін, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарды қамтамасыз ететін индустриялық аймақтарды құру болып табылады. Индустриялық аймақтар төмендегідей міндеттерді орындау үшін құрылады: 1) өнеркәсіп саласында жеке кәсіпкерліктің жедел өркендеуіне ықпал ету; 2) жаңа өндірістер инфрақұрылымын құру және дамытуға кететін шығындарды оңтайландыру; 3) өндіріс тиімділігін көтеру; 4) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

2. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі ұстанымдар негізінде іске асады: 1) Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту басымдығы; 2) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешендігі; 3) шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын шараларға қол жеткізу мүмкіндігі; 4) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалдық-техникалык және ақпарат ресурстарын, сонымен қатар ғылыми-техникалық зерттеулер мен технологияларды пайдалануы үшін дажетті шарттар құру; 2) шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлык) және аймақтық бағдарламаларын әзірлеу; 3) мемлекеттік тіркеудің және шағын кәсіпкерлік субъектілерін таратудың оңайлатылған тәртіптерін белгілеу; 4) салық салудың оңтайлы режимін тағайындау; 5) шағын кәсіпкерлікке кредит беру бағдарламаларын қабылдау; 6) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін инвестициялар (оның ішінде шетелдік те) тарту және пайдалану; 7) мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудың кепілді көлемін қамтамасыз ету; 8) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, консалтинг ұйымдарын және ақпарат жүйелерін құру және бұрыннан барларын жетілдіру жолымен мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру; 9) ұлттық даму институттарын құру («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 18-бабының 3-тармағы).

Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту төмендегі жолдармен жүзеге асырылады:

1) қаржылай қолдау көрсету;

2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін ұйымдастыру;

3) бизнес-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам уақыт пайдаланылмаған мемлекеттік меншік нысандарын сенімділікпен басқаруға және жалға беру;

5) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіптік өндірісті және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуды ұйымдастыру үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген нысандарды шарт жасау сәтінен бастап бір жыл өткеннен кейін, ҚР Үкіметі белгілеген тәртіпте шарттар орындалған жағдайда, етеусіз беру.

3. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат; Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады. Жеке кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады. Ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайды. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті. Жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз қызметкерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы ескертуге құқылы.

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркеу, бақылау функцияларын орындау кезінде және басқа да іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, оларға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы. (ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 11-бап)

Коммерциялық ақпарат - бұл әр түрлі тауарлар мен қызметтер рыногында болған жағдайлар туралы мәлімет.

Коммерциялық ақпараттың өзіне тән шығу көздері болады. Негізгілері:

♦ нақты тауарлар бойынша маркетингтік зерттеулер;

♦ сауда фирмасының жарияға түсе алынатын барлық ішкі материалдары мен құжаттары (тауар айналымы, сату шығындары, тауар қорлары, кәсіпорын пайдасы, жарнама шығындар жөніндегі мәліметтер);

♦ рынок жағдайы бойынша статистикалық мәліметтер жинағы.

Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ету өте қымбат және қиын жұмыс.

Коммерциялық құпияны қорғау бағдарламасы құпиялық ақпаратқа қатысты негізгі екі мақсатты қамтиды:

1) біріншіден, ұрлықты болдырмау.

2) екіншіден, фирма қызметкерлері арқылы ақпарат таралуына жол бермеу.

12 дәріс. Бәсекелестік құқық негіздері.

Жоспар: