- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
- •Жеке кәсіпкер
- •Құқықтары Міндеттері
- •3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
- •«Жеке кәсіпкерлік туралы» қр Заңы қай жылы қабылданды:
- •Жеке кәсіп керлік субъектілері
- •3. Кәсіпкерлік құпия дегеніміз
- •19. Сенім серіктестігі салымшыларының жарғылық капиталындағы үлестің жиынтық мөлшері неше проценттен аспау керек
- •20. «Өндірістік кооперативтік туралы» қр-ң заңы қай жылы қабылданды
- •21. Шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары
- •35. Кәсіпкерлік құқықтың әдісі
- •36. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылады
- •37. Тауар дегеніміз –
- •39. Тауардың түрі нешеге бөлінеді
- •40. Жарнама дегеніміз –
- •Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері
- •Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
- •Кәсіпкелік ұғымы, белгілері
- •Кәсіпкерліктің түрлері
- •2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:
- •Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.
- •Кәсіпкер ұғымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
- •Мүлік түсінігі және құрылымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.
- •Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.
- •Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.
- •Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.
- •Инвестиция түсінігі, белгілері.
- •Инвестицияның түрлері.
- •Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
- •Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
- •Еркін экономикалық аумақ.
- •Жарнама түсінігі, түрлері.
- •Тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Биржа түсінігі және оның пайда болуы, түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік ұғымы.
- •Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.
- •Монополияға қарсы орган.
- •Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
- •Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
- •Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
Еркін экономикалық аумақ.
Негізгі ұғымдар: сыртқы экономикалық қызмет, импорт, экспорт, сыртқы сауда, еркін экономикалық аймақ
1. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпкерлік қызмет ішкі нарықпен шектеліп қала алмайды. Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін, кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.
«Сыртқы экономикалық қызмет» термиі алғаш рет Қазақ КСР-нің 1990 ж. желтоқсанның 15-ндегі № 480-ХІІ «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері» деген Заңымен енгізілді. Осы заңның 1-бабына сәйкес, «Қазақ КСР-індегі сыртқы экономикалық қызмет» болып «заңды тұлғалардың және азаматардың, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтар мен экономикалық, сауда-саттық, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай қатынастарын қамтитын қызметі » саналады.
Заң әдебиетінде «сыртқы экономикалық қызмет» - ол субъектілердің тауарлар (қызметтер) экспорты, импорты, шетелдік инвестициялар, сақтандыру, республиканың нарықтық экономикасын құру және қалыптастыру мақсатында материалдық және басқадай өндіріс саласында бірлескен кәсіпкерлік қызметі, республиканың әлемдік экономикаға енуі, ең бастысы республика халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері бойынша жүргізетін қызмет деп түсінік берілген. Мұндай қызмет коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес сипатта болуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық қызмет –бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет.
Кәсіпкерлік қызмет түрі ретіндегі сыртқы экономикалық қызмет кеден шекарасы арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) және мүліктің басқадай түрлерін шетелдік мемлекет аумағында өткізуге байланысты қызмет болып табылады.
Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірісітік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері:
экспорт;
импорт;
тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
- ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
- ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан – Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау үрдісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән.
Сыртық экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді:
1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен;
2.инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды;
3.осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің технокалық базасын жақсартуға жағдай жасайды;
4.ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсатруға әсер етуші фактор ролін атқарады.
2. Қазақстан Республикасының 1996 ж. маусымның 18-ндегі №9-1 «Экспорттық бақылау туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойыншақызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады. Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретіндегі заңды тұлғаларды үлкен екі топқа: 1) ҚР заңды тұлғалары; 2) шетелдік заңды тұлғалар деп бөлуге болады. Өз кезегінде, ҚР заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретінде тағы екі топқа бөліне алады: 1) ҚР –ның шетелдік капитал қатыспайтын заңды тұлғалары, мұнда қатысудың бар үлесі немесе акциялар пакеті түгелдей ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларына немесе мемлекетке тиесілі; 2) шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі - ол шетел инвесторы. Шетел инвесторы – ол:
шетел заңды тұлғалары;
шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шекарадан тыс жерлерде
тұрғылықты мекен-жайы бар, сол елдерде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары;
шетел мемлекеттері;
халықаралық ұйымдар;
заңды тұлғаларға қатысты шешім қабылдауын анықтайтын ҚР заңды
тұлғалары.
Шетел инвесторлары – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар.
Шетел инвестициялары кез-келген, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, объектілері мен қызмет түрлеріне салына алады. Шетел инвестицияларына қатысты мәселелер ҚР «Шетел инвестициялары туралы» Заңымен және басқа да оған қатысты заңдармен реттеледі.
Инвестор:
а) өзінің қызметінен түскен, барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі табысты өзінің қалауы бойынша қолдануға;
б) ҚР аумағындағы банктерде есеп айырысу шоттарын ұлттық немесе шетел валютасында ҚР банктік және валюталық заңнамасына сәйкес ашуға құқылы.
Инвесторларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың жарғысы, берілген лицензиялары және т.б. өзінің қызметіне қатысты ҚР заңнамасында көзделген барлық ақпараттарға жол ашық болуы керек, егер де бұл ақпараттар коммерциялық немесе өзге де заң күші бар құпиялардан тұрмаса.
Инвестордың құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Шетел инвесторлары туралы» және ҚР «Инвестициялар туралы» Заңдарымен қорғалады.
ҚР заңнамасымен экономика мен әлеуметтік сфераларының маңызды салаларындағы шетел инвестициялары үшін арнайы қосымша жеңілдіктер бекітілген. Экономика мен әлеуметтік сфералардың маңызды салалары:
өндірістік инфрақұрылым;
өңдеуші өнеркәсіп;
Астана қаласының объектілері;
тұрғын-үй, туризм мен әлеуметтік сфера объектілері;
ауыл шаруашылығы.
3. Еркін экономикалық аймақ – бұл елдің еркін кәсіпкерлікке ерекше қолайлы шарттар жасалған шектеулі ауданы. Мұндай шарттарға жататындар:
жеңілдетілген кеден және сауда тәртібі;
тауарды, еңбек ресурстарын, капиталды ауыстырудағы үлкен еркіндік;
салық салудың жеңілдікті тәртібі;
инвестиция тарту мүмкіндіктері.
ЕЭА-ң мақсаты:
осы аймақты дамыту;
әлемдік тәжірибені игеру;
сыртқы экономикалық байланыстардың өсуі
жаңалықтарды сынау.
ЕЭА-ң түрлері:
еркін кеден зоналары;
еркін сауда зоналары;
экспорттық өндіріс зоналары;
ашық аудандар мен қалалар.
№10 дәріс. Шаруашылық ұйымдарының кәсіпкерлік саласымен байланысы.
Жоспар:
