Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Инвестиция түсінігі, белгілері.

  2. Инвестицияның түрлері.

Негізгі ұғымдар: инвестиция, инвестициялық қызмет, капитал тудырушы инвестициялар, зияткерлік инвестиция, мемлекеттік инвестиция, жеке инвестиция, шетелдік және ұлттық инвестициялар, нақты инвестиция , қаржылық инвестиция, төте инвестиция.

1. Инвестицияларды, кез келген басқа құбылыс сияқты, кең және тар мағыналарында қарастыруға болады.

Кең мағынасында пайда табу және әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына салынатын мүліктің кез келген түрін инвестициялар деп түсінуге болады.

Тар мағынасында инвестициялар – ол инвестордың пайда табу мақсатында салатын және материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталған жеке, қарызға алған немесе тартылған ақша қаражаты.

Инвестициялар – бұл пайда табу және әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қазмет нысанына салынатын мүліктің барлық түрлері болып шықты.

Инвестиция – негізгі қорға қаржы жұмсау қосалқы қорларға резервтерге, сонай-ақ пайда, дивидент және басқа да табыс табу мақсаттарымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді айтады. Инвестиция материалдық-заттық және ақшалай нысанға бөлінеді.

Материалдық-заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес обьектілер, жабдықтар, машиналар және т.б. тауарларды арттыруға бағытталған, ал ақшалай нысан – ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясымен жасауға, инвестициялық тауарды қамтасыз етуге жұмсалады.

Инвестициялық қызмет – жалпы шаруашылық қызметтің ажыратылмайтын бөлігі.

Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады.

Инвестицияның белгілері:

1)негізгі және айқындаушы белгісі – олардың жеке тұтынуға емес, материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан көрінеді.

2)келесі белгісі инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады – олар негізінен, пайда табу мақсатында салынады және оларды инвестор өз атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде инвестициялық қызмет, кәсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен, яғни өз бетінше әрекет ететіндігімен және бастамашылығымен сипатталатынын айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір-бірімен сәйкесуі де, сәйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кәсіпкер мәртебесін иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін.

3) ерекше белгісі – дәстүрлі және үйреншікті түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанымен, біржолғы сипатта емстігі мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны.

2. Мемлекеттік инвестициялық саясат, біріншіден, құрылымдық саясат алғышарттаты мен маңызды бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған, онда негізгі өндірістік және экспорттық әлеует қарастырылған және оны қолдау шаруашылықты дамытудың негізі болып табылады.

Инвестициялады әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады

Негізгі бөлу ретінде инвестициялардың түрлерін: капитал тудырушы және зияткерлік,мемлекеттік және жеке,шетелдік және ұлттық деп жіктеуді ұсынуға болады. Инвестициялардың басқа түрлеріне келетін болсақ, мысалы, төте және қоржындық, нақты және қаржылық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары және тәуекелі аз деген сияқты, онда олар негізгі жіктеуге жатады және инвестициялардың қосымша түрлері болып табылады.

Инвестицияларды бөлудің негізгі жіктік белгілерінің бірі болып инвестициялардың мақсаты-пайда табу және немесе әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсаты аталады.Осыған байланысты инвестициялар капитал құрушы және зияткерлік деп бөлінеді.

Капитал тудырушы инвестициялар – ол материалдық және материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар.

Капитал тудырушы инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар немесе тура және қоржындық инветициялар деп бөлінеді.

Зияткерлік инвестициялар – ол әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай-ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және т.б.мақсаттарға бағытталған инвестициялар.

Меншік инвестициялар ұғымының бөлінбес бөлшегі болып саналады. Меншік түріне байланысты инвестициялар мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.

Мемлекеттік инвестициялар – бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Жеке инвестициялар – мемлекеттік емес заңды тұлғалардың немесе азаматтардың жеке немесе қарызға алған қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада: 1)мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады; 2)мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық және ақылы негізде жүзеге асрылады; 3)мемлекеттік инвестициялар оларды біреудің негіздемесін және тәртібін мемлекет белгілемейтіндігімен сипатталады; 4)мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты; 5)иеилекеттік инвестициялардың мақсатты пайдалануына мемлекет бақалау жасайды; 6)мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі.

Жеке инвестициялар және оларды жүзеге асыру тәртібін инвестициялар туралы заң, жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану заңы және заңның басқа салаларының нормалары реттейді. Мемлекеттік инвестициялардан айырмашылықтары бар жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін болатын қол сұғушылықтан,оның ішінде мелекеттік органдардың да қол сұғуын қорғауды қамтамасыз етеді.

Шетелдік және ұлттық инвестицияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе басқа бір елде жүзеге асырылады.

Инвестициялардың қосымша түрлері және сипаттамасы.

Инвестицияларды жіктеудің басқадай маңызды бір негіздемесі болып инвестициялардың нысаны саналады. Осы белгіні негізге ала отырып, инвестициялар нақты және қаржылық, немесе төте және қоржындық, немесе бір мезгілде екеуі де болуы мүмкін.

Нақты инвестициялар – ол нақты активке салынған инвестициялар немесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал-жабдықтарды ауыстыруға және т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.

Қаржылық инвестициялар – ол бағалы қағаздарға салынған салымдар.

Төте инвестициялар – бұл материалдық та, материалдық емес те құндылықтар, сондай-ақ қор және мүліктік құндылықтар түріндегі активтерге талап қою құқықтарын иелену мақсатында инвестордың кәсіпкерлік қызмет нысандарына салған сол құндылықтарға деген құқығы.

Инвестицияларды түр-түрге бөлудің іс жүзінде жеткілікті кең таралған негіздемесі – олардың ұзақтығы, осы белгіге сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар деп бөлу қалыптасқан. ҚР заңдарында инветицияларды олардың ұзақтығына байланысты саралау жүргізілмейді. Инвестициялық кредиттер өтеу мерзімдері бойынша қысқа мерзімді (1жылға дейін), орташа мерзімді (1жылдан 5 жылға дейін)және ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) деп бөлінеді; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар әрекет ету мерзімі бойынша 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді, 1 жылдан 10 жылға дейінгісі орташа мерзімді, ал 10 жылдан астамы ұзақ мерзімді деп сараланады. Алайда көпшілік дамыған елдердің заңдары бойынша, қысқа мерзімді инветициялардың мерзімі бір жыл ішінде өтіп кетеді, ал ұзақ мерзімді инвестициялар бір жылдан астам мерзімге есептелген немесе тіпті қандай да бір мерзіммен шектелмеген.

Тәуекелі аз инвестициялар – ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дәрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен.

Тәуекелі жоғары инвестициялар – ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дәрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инветициялар.

9 дәріс. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу.

Жоспар: