Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.

  2. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.

  3. Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.

Негізгі ұғымдар: шарт, кәсіпкерлік-келісім шарт.

1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің өзара қатынастарын реттеудің негізгі құралы шарт болып табылады. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (соntractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт әрбір тараптың мүдделері қанағатандырылатын әмбебап құқықтық құрал болып табылады.

ҚР АК-тің 378-бабына сәйкес шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту, немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті материалдық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.Шарт арқылы кәсіпкерлерде олармен шығарылатын тауарлар, жасалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тұтынушыларда сұраныс тауып, әрі қарай жүзеге асырылатындығына қатысты сенімділік пайда болады. Осының бәрі өз кезегінде өндіісік саланың дамуына әрекеттеседі.

Қазіргі таңда «кәсіпкерлік шарт» мәні туралы көптеген ғалымдардың пікірлерінің сан алуандығына қарамастан оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік шарт – бұл шарттың дербес түрі. (жақтаушылары – В.С. Белых, С.С: Занковский).

2) кәсіпкерлік шарт – бұл азаматтық-құқықтық шарттың ерекше түрі. (жақтаушылары – М.И. Брагинский, В.В. Витрянский).

Кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субьектісі болып табылатын келісім.

Кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу:

1) айрықша субьектілік құрам (тараптар немесе тараптардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субьектісі болып табылады);

2) шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады).

Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:

1) кәсіпкерлік қызмет субьектілері аоасында заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;

2) келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субьектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;

3) кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі (кәсіпкерлік қызмет субьектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын, түрін, тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін және т.б. өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы);

4) келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қаматамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің қосымша тәсіолдерін белгілеу жолымен және т.б.). Бұл қызметтер барлық кәсіпкерлік шарттарға тән, ортақ қызметтер болып табылады.

2. Шарт жасасу үшін тараптардың ерік білдіруі қажет. Дегенмен бұл тараптардың екі жақты бөлінген ерік білдіруі емес, ал оның қатысушыларының ортақ ер кін білдіретін бір ауыздан ерік білдіруі, яғни келісімі. Осы келісімге қол жеткізуге арқау болған еежелер шарттың мазмұнын қалыптастырады. Өзінің заңдық маңызына қарай барлық ережелер елеулі, қарапайым және кездейсоқ болып бөлінеді.

Елеулі ережелер болып жиынтығында, біріншіден, қажетті, ал екіншіден, шарт жасауға жеткілікті ережелер танылады.

Қарапайым ережелер тараптардың келісімін қажет етпейді. Қарапайым ережелер сәйкес нормативтік актілерде қараастырылған және шарт жасасу мезетінде өздігінен күшіне енеді.

Кездейсоқ ережелер бұл қарапайым ережелерді өзгертетін немесе толықтыратын ережелер.

Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасына жататын жалпы ережедермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үдерісіне жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс (ҚР АК 152- бабының 1- тармағы).

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады; алайда тараптар мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдерден растауға құқылы. Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген жағдайда мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады (ҚР АК 153- бабының 3- тармағына сәйкес, мәмілелердің жай жазбаша түрі сақталмаған жағдайда, сыртқы экономикалық мәмілелер жарамсыз деп танылады).

ҚР Азаматтық заңымен шартты өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген, оның үстіне шартты біржақты бұзудың мүмкін еместігі жалпы ереже болып табылады. Егер тараптар шарт жасасқанда тараптардың біреуінің бастамашылығымен шартты біржақты бұзу мүмкіндігін қарастырмаған болса, онда бұл мәсле тек сот арқылы және белгілі бір себептерге байланысты, атап айтқанда, екінші тарап шартты елеулі бұзған кезде шешіледі (ҚР АК 401- бабы). Тараптардың біреуінің шартты бұзуы екіншісіне шарт жасасу кезінде үміттенуге құқылы болған нәтижеден айтарлықтай айырылып қалатын шығынға ұшыратса, мұндай шарттың бұзылуы елеулі деп танылады.

Егер заңдармен, шартпен немесе іскерлік қызмет дағдыларымен өзгедей жағдай көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу туралы келісім шарттың жасалған түрінде орындалады. Тараптардың бірі екінші тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныстан бас тартатын хабарланғаннан немесе ұсыныста көрсетілген немесе шартпен немесе заңмен белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім белгіленбеген болса, отыз күн ішінде жауап бермеген жағдайда шартты өзгерту немесе бұзу туралы сотқа арыз бере алады.

Шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгергенде әрекет ете береді, бірақ өзгерген түрінде. Міндеттемелердің тоқтатылуының немесе өзгеруінің уақыты тараптардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келіскен сәті болып табылады, ал шартты бұзу немесе өзгерту сот тәртібімен шешілген жағдайда, соттың шартты бұзу немесе өзгерту туралы шешімі заңды күшіне енген сәттен есептеледі.

Шартты орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) азаматтық заңмен, басқадай заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайларда рұқсат етіледі. Сонымен, мынандай: шартқа негізделген міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі (ҚР АК 374- бабы- орындаудың мүмкін болмауы себепті міндеттеменің тоқтатылуы, егер ол борышкер жауапты болмйтын жағдайдан туындаса); белгіленген тәртіпке екінші тарап банкрот болып танылса; соның негізінде шарт жасалған мемлекеттік органның актісі өзгергенде немесе заң күшін жойғанда; сонымен қатар егер заңмен немесе тараптардың келісімімен басқадай көзделмесе біреуі шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Егер заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгедей белгіленбесе, тараптар шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелері бойынша орындағандарын қайтаруды талап етуге құқылы емес. Егер шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты елеулі бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуы немесе өзгеруі себепті келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

3. Заң әдебиетінде кәсіпкерлік шарттарды жіктеудің әртүрлі нұсқалары қалыптасқан. Атап айтқанда, В.С.Анохинның пікірі бойынша, кәсіпкерлік шарттарды жалпылай жіктеу төмендегідей көрінеді: мүлікті ақылы сату және сатып алу туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар. Кәсіпкерлік шарттардың жіктеудің егжей-тегжейлі жіктемесін В.В.Краснокутский ұсынады: мүлікті сату (көтерме саудамен сатып алу-сату, беру, айырбастау,өзара шарт жасасу (констакция), газбен, электр энергиясымен жабдықтау және т.б.)шарттары; мүлікті уақытша пайдалануға беру, (мүлікті жалдау және мүлікті тегін пайдалану); көлік шарттары (жүктерді тасымалдау, тіркеп сүйреу, кірме жолдарды пайдалану); банк қызметтерін көрсету шарттары (есеп айырысу және ағымдық шоттар банк несиесі және т.с.с.); басқадай шаруашылық қызметтерін (тұтыну кооперациясы ұйымдарының ауылшаруашылық өнімдерін комиссиялық (белгілі бір сияқы үшін) сатуы, нысандары милиция органдары жанындағы ведомстводан тыс күзету және т.б.) көрсету туралы шарттар; жан-жақты орындау, кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктерді материалдық-техникалық жабдықтау және басқадай) шарттары. Сонымен, Т.В.Кашанина кәсіпкерлік шарттардың төмендегідей топтарын бөліп көрсетеді: 1)өзіндік ұйымдастырылған шарттар; 2)бірлескен қызмет туралы шарттар (жай серіктестік шарттары); 3)алдын-ала жасалатын шарттар; 4)міндетті шарттар; 5)инвестициялық шарттар; 6)кәсіпорындарды беру тәртібі туралы шарттар; 7)пайдаларға қатысу туралы шарттар.Жалпы алғанда, шарттардың ұсынылып отырған түрлеріне ортақ, аса маңызды бір кемшілік-оларда соларды топтарға және түрлерге айқын бөлуге мүмкіндк беретін бірыңғай жіктеу белгісі жоқ.Оның үстіне барлық жағдайларда да кәсіпкерлік (шаруашылық) шарттарын азаматтық-құқықтық шарттарды жалпылай жіктеуді (оған ешқандай жаңаша өзгешелік енгізбестен) негізге алып жіктеудің сәтсіз тәжірибесі орын алып отыр.

Соған байланысты М.К. Сүлейменовтың міндеттілік құқы институттарын құруға ықпал ететін өзара ұштасқан екі жіктеуді мойындау туралы ұсынысына көңіл аударуға болады: 1)қызмет түрлері бойынша жіктеу; 2)эканомикалық салалар (халық шаруашылық салалары )бойынша жіктеу; бұл жерде негізгісі бірінші жіктеу, ал қосымшасы екінші жіктеу болуы тиіс.Бұл бағыттың қасиеттері арасынан төмендегіні атауға болады: біріншіден эканомикалық салалар бойынша жіктеу қызмет туралы бойынша жіктеуді жоққа шығармайды, керісінше оны дамытады және толықтырады; екіншіден, қосымша жіктеуді мойындау қолданып жүрген барлық шарттарды шектеулі көлемде емес, толық көлемде қамтуға мүмкіндік береді (ҚР АК-індегі шарттардың түрлері бойынша жіктелуі барлығын жан-жақты қамтыған деуге бола қоймас); үшіншіден, эканомикалық салаға енгізілген шарттардың жекелеген топтары туралы нормативтік актілердің әзірленуі және қабылдануы арқылы заңдағы олқылықтарды жою мүмкін болмақ.

Жоғарыда баяндалғанды есепке ала отырып, шарттарды тек қызмет түрлері ғана емес, сонымен бірге эканомикалық салалары бойынша да жіктеуге болады деген қорытынды жасауға болады. Эканомикалық саласына байланысты бөлінетін шарттардың қатарына, бірінші кезекте, кәсіпкерлік шарттар жатқызылады.

В.С.Белых та кәсіпкерлік шарттарды қызмет салалары бойынша да,міндеттемеге кіре отырып, шарттан қандай нәтижеге қол жеткізуді қалайтын бағытына байланысты саралауға болады деген пікірді қолдайды.Оның үстіне бірінші топқа төмендегі кәсіпкерлік шарттар кіреді: 1)өндірістік кәсіпкерлік; 2)делдалдық кәсіпкерлік; 3)ақылы қызметтер (жалпы жіктеуге қоспай, әртүрлі құрылымдар құруды ерекше көрсете отырып ) көрсету.

Ең бір жалпылай жіктеу деп шарттарды кәсіпкерлік шарттарға (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпкер арасында жасалған) және кәсіпкерлердің қатысуымен жасалған шарттарға (тараптардың бірі ғана кәсіпкер болып табылатын, ал екінші жағынан жай азаматтық-құқықтық шарт болып келетін ) бөлуді мойындау қажет.

8 дәріс. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.

Жоспар: