Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.

  2. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.

  3. Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.

Негізгі ұғымдар: мемлекеттік реттеу, лицензиялау, стандарттау, сертификаттау.

1. Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі кепшілік (қоғамдық) мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүдделерді қорғай алады және қорғауға тиіс.

Ықпал етудің қолданылатын тәсілдерінің сипатына қарай, тікелей және тікелей емес (жанама) мемлекеттік реттеуді бөліп қарауға болады. Тікелей мемлекеттік реттеу реттеудің әкімшілік (биліктік) әдістерін пайдалануға негізделген, ал жанама мемлекеттік реттеу ықпал етудің экономикалық әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады (әдетте, ынталандырушылық сипатта).

Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінсн, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызмсттің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б. жатқызуға болады.

Тікелей әдістерден айырмашылығы - мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына тікелей билік әсері жолымен емес, экономикалық мүдделер тұрғысынан жанамалай ықпал етуден көрінетін ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез-құлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктерімен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларым жасау арқылы ықпал ету қажет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.

2. Лицензия дегеніміз, құзіретті мемлекеттік орган тарапынан азаматқа немесе заңды тұлғаға берілетін, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға деген рұқсат. Лицензиялаудың мақсаты – лицензияланатын әрекеттің жоғары сапалы деңгейде болуын қамтамасыз ету және мемлекет тарапынан ол әрекеттерді бақылау. Лицензиялауға байланысты қатынастарды ҚР-да 17.04.1995ж. қабылданған «Лицензиялау туралы» Заң реттейді.

Лицензиялаудың принциптері:

  • тұлғалардың барлығы үшін лицензия алудың шарттары бірдей болуы

қажет. Мемлекеттік кәсіпорындарға басымдық беруге тыйым салынады.

  • дара кәсіпкер заңды тұлғаларға белгіленген тәртіппен лицензия алады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне лицензия жеңілдетілген әдіспен берілуі мүмкін.

  • бәсекелестікті шектеу, жекелеген субъектілерге жеңілдік беру мақсатында

лицензиялауға тыйым салынады.

  • заңда басқаша белгіленбесе тұлға өз лицензиясын басқа тұлғаға бере

алмайды.

  • лицензияланатын әрекеттердің түрлері заңда нақты көрсетіледі.

Лицензияны құзіретті мемлекеттік органдар (лицензиар) береді. Әрбір қызмет түрі өз саласына байланысты министрліктен, ведомстводан лицензия алады. Олар өз өкілеттігін жергілікті бөлімшелеріне беруі мүмкін. Лицензияланатын әрекеттерді лицензиясыз жүзеге асыру заңмен қудаланады.

Лицензия әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі.

Субъектілеріне байланысты:

  • ҚР азаматтарына, заңды тұлғаларына берілетін лицензия;

  • шетелдік тұлғаларға,халықаралық ұйымдарға берілетін лицензия.

Әрекеттің көлеміне байланысты.

  • бас лицензия - бір технологиялық кешенге кіретін бірнеше әрекетті

жасауға, мерзімі шектелмей беріледі;

  • бір реттік лицензия – рұқсат етілген көлем, салмақ, мөлшердің шегінде

шаруашылық операция жасауға беріледі;

  • операциялық лицензия – банк қызметіндегі жекелеген операцияларды

және валюталық құндылықтарға байланысты операциялар жасауға беріледі.

Әрекет ету аумағына байланысты:

  • күші ҚР-ң бір аумағымен шектелетін лицензия;

  • ҚР барлық аумағында әрекет ететін лицензия;

  • ҚР сыртында әрекет ететін лицензия.

Лицензияланатын қызмет түрлері заңда бірнеше топқа бөлінген:

1. Жоғары қауіп объектісіне байланысты және ерекше мемлекеттік маңызы бар қызметтер. Бұған қару-жарақ дайындау, мұнай, жарылғыш заттар өндіру, ғарыш кеңістігін, атом энергиясын пайдалану, энергиямен жабдықтау, тасымалдау, мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау, дәрі-дәрмек өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру және сату, түсті металдарды жинау, сату, тарихи ескерткіштерді жөндеу, құтқару жұмыстары, пошта қызметі т.б. жатады.

2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты әрекеттер. Оған білім беру, дәрігерлік, адвокаттық, заң кеңесін беру, нотариус қызметтері, лотереялар өткізу, мүлікті бағалау, күзет қызметтері, оқулықтар, оқу құралдарын шығару т.б. жатады.

3. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтер. Банк операцияларын жүзеге асыру, аудиторлық қызмет, сақтандыру, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіпқой қызмет, зейнетақы жарналарын тарту т.б. осы топқа жатады.

4. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтер. Бұған валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтер жатады.

Бұлардан бөлек, тауар экспорты мен импортын жүзеге асыру лицензия алуды қажет етеді. Бұл тек ҚР Үкіметі белгілеген тауар түрлері үшін ғана міндетті. Экспорт және импортқа байланысты әрбір мәміле жеке-жеке лицензияланады және лицензия белгілі бір уақытқа беріледі. Тауардың әрбір түріне жеке лицензия беріледі. Ішкі рынокта лицензия арқылы таратылатын тауар экспорттау кезінде де лицензияланады. Бір елге экспорт жасауға берілген лицензия басқа елдер үшін жарамсыз болады. Импортты лицензиялау отандық өндірушілердің мүддесін қорғау үшін жасалады.

Лицензия алу үшін тұлға (лицензиат) сол қызметті атқаруға қажет біліктілік талаптарына сай болуы тиіс. Лицензия беру кезінде өндіріс жағдайлары, қоғамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі мен денсаулығының сақталуы, тауар сапасының кепілдігі сияқты жағдайлар ескеріледі. Бұларды анықтау тәуелсіз сарапшыларға жүктелуі мүмкін. Лицензия алу үшін мына құжаттар өткізіледі:

  • арнайы үлгідегі өтініш;

  • тұлғаның біліктілік талаптарына сай екендігін куәландыратын құжаттар;

  • лицензия алу үшін төленетін төлемді куәландыратын түбіртек.

Заңды тұлға мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады. Жеке жағдайларда басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін. Құжаттарды қабылдаған лицензиар 1 айдан (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 күн) кешіктірмей лицензия беруі тиіс.

3. Стандарттау дегеніміз, белгілі бір саладағы өнімдерге қойылатын талаптарды бір ретке келтіруге, ол өнімдердің жалпылама және көп рет қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет. Стандарттау қызметі өнімдерді, үрдістерді (процестерді), жұмыстарды, қызметтерді жүйелеу мақсатында халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мемлекеттер сол халықаралық деңгейдегі стандарттарға сәйкес жүйе қалыптастыру бағытында жұмыс істейді.

Стандарттаудың негізгі мақсаттары:

  • өнімдерге, процестерге, қызметтерге бірыңғай талаптар белгілеу;

  • өнімдер мен қызметтердің азаматтардың өмірі мен мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, тауардың ішкі, сыртқы рыноктағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;

  • техникалық, ақпараттық сәйкестікті, өнімдердің өзара алмастырылуын қамтамасыз ету;

  • өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету;

  • барлық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану;

  • елдің қорғаныс қабілетін арттыру;

  • шаруашылық субъектілерінің табиғи, техногендік апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • тұтынушылардың мүддесін қорғау.

Стандарттаудың негізгі принциптері - өзара келісім, жариялық, еріктілік, экономикалық қажеттілік және отандық, шетелдік өндірушілерге стандарттау саласында бірдей талаптар қою.

Стандарттау бағытында ҚР-да төмендегі нормативтік құжаттар жұмыс істейді:

  • ҚР стандарттары;

  • техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік классификаторлары;

  • мемлекетаралық стандарттар, ұсыныстар техника-экономикалық ақпараттың классификаторлары;

  • халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техника-экономикалық ақпараттың классификаторлары, ережелер, нұсқаулықтар, ұсыныстар т.б.;

  • ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттары;

  • ұсыныстар;

  • фирмалық стандарттар;

  • салалық стандарттар т.б.

Бұл құжаттарда белгіленетін стандарттар ғылым мен техниканың

жетістіктеріне негізделіп, заңға қайшы келмеуі тиіс.

Сертификаттау дегеніміз, өндірушіден және тұтынушыдан тәуелсіз органның тарапынан берілетін, өнімнің, процестің, жұмыс нәтижесі мен қызметтің нормативті құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде қуаттау. Сертификаттау өнімге қойылатын стандарттарға, регламенттерге және басқа құжаттарға сай екендігін бекіту үшін қолданылады. Кейбір өнім түрлері міндетті түрде сертификаттауды қажет етеді. Олардың тізімін ҚР Үкіметі бекітеді. Басқа өнімдер ерікті түрде сертификатталуы мүмкін.

Сертификаттаудың мақсаттары:

  • өнімдер мен қызметтердің азаматтардың өмірі мен мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімдер мен қызметтердің сапасына қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, тауардың ішкі, сыртқы рыноктағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;

Сертификаттау қызметін кез келген меншік нысанындағы заңды тұлғалар атқарады. Олар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен аккредитациядан өтеді. Соның нәтижесінде арнайы лицензиясы бар, қажетті зертханалармен жабдықталған заңды тұлға сертификаттау қызметін жүзеге асыруға құқылы болады. Бұл орган өз зерттеу қызметі нәтижесінде талаптарға сай екендігі анықталған өнім түрлеріне сәйкестік сертификатын береді. Өкілетті мемлекеттік орган сертификаттау жүйесін қалыптастыру, міндетті сертификатталатын өнімдер тізімін жасау, эксперт-аудиторларды аттестациялау, зертханалардың аккредитациялық аттестаттарының күшін тоқтата тұру, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрын жүргізу, талаптарды бұзған тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдану т.б. бағыттарда жұмыс істейді.

Сертификатталуы тиіс тауарларды қажетті сертификат алмастан жарнамалауға тыйым салынады. Тауар экспорты мен импорты кезінде де өнімнің сертификатталуы жөніндегі талаптар сақталуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының қызметінде заң талаптары бұзылса өкілетті мемлекеттік орган аккредитация аттестатының күшін 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата алады. Заң бұзушылықтар жойылса аттестаттың күші қалпына келеді, ал заң бұзушылық жойылмаса немесе қайталанатын болса аттестат өкілетті органның сотқа талап-арыз беруі арқылы қайтарып алынуы мүмкін.

7 дәріс. Кәсіпкерлік қызметтегі шарттар.

Жоспар: