- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
- •Жеке кәсіпкер
- •Құқықтары Міндеттері
- •3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
- •«Жеке кәсіпкерлік туралы» қр Заңы қай жылы қабылданды:
- •Жеке кәсіп керлік субъектілері
- •3. Кәсіпкерлік құпия дегеніміз
- •19. Сенім серіктестігі салымшыларының жарғылық капиталындағы үлестің жиынтық мөлшері неше проценттен аспау керек
- •20. «Өндірістік кооперативтік туралы» қр-ң заңы қай жылы қабылданды
- •21. Шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары
- •35. Кәсіпкерлік құқықтың әдісі
- •36. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылады
- •37. Тауар дегеніміз –
- •39. Тауардың түрі нешеге бөлінеді
- •40. Жарнама дегеніміз –
- •Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері
- •Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
- •Кәсіпкелік ұғымы, белгілері
- •Кәсіпкерліктің түрлері
- •2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:
- •Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.
- •Кәсіпкер ұғымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
- •Мүлік түсінігі және құрылымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.
- •Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.
- •Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.
- •Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.
- •Инвестиция түсінігі, белгілері.
- •Инвестицияның түрлері.
- •Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
- •Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
- •Еркін экономикалық аумақ.
- •Жарнама түсінігі, түрлері.
- •Тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Биржа түсінігі және оның пайда болуы, түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік ұғымы.
- •Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.
- •Монополияға қарсы орган.
- •Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
- •Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
- •Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
Мүлік түсінігі және құрылымы.
Негізгі ұғымдар: меншік, мүлік, иелену, пайдалану, билік ету, заттық құқық.
1. Меншік – материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас.
Меншік құқығы субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы боынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы.
Иелену құқығы – мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Пайдалану құқығы – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, сонымен қатар одан пайда табудың (табыс, өнім, жеміс, төл және т.б. табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Билік ету құқығы – мүліктің заңды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Меншік иесі өз қалауымен иелігіндегі мүлікке қатысты кез келген әрекетті орындауға, оның ішінде бұл мүлікті басқа адамдар меншігіне басыбайлы беруге, меншік иесі болып қала отырып, оларға иелену,пайдалану, билік ету бойынша өз өкілеттіктерін беру әрекеттерін іске асыруға, мүлікті кепілдікке беруге немесе оны басқадай тәсілдермен жүктеуге, басқаша түрде билеуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде ҚР АК-пен көзделген негіздемелер бойынша ғана күшін жоюы мүмкін:
меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өніріп алу талабын қою;
заң актілеріне байланысты осы тұлғаға тиесілі болуы мүмкін емес мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару;
иеліктен айыру (реквизация)
тәркілеу;
жер телімін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктеншығару;
иесіз тұрған мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алыу.
Меншік иесі өзінетиесілі мүлікті ұстау ауыртпашылығын көтереді. ҚР Конституциясының 6-бабы: меншіктің мемлекеттік және жеке нысанын тең дәрежеде тануға негізделген.
Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік етуін айтады.
Заттық құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе тиесілі әр түрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік құқығы болып табылады.
Заттық құқық жүйесіне төмендегілер кіреді:
меншік құқығы
меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқығы (жер
пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы)
2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс.
«Мүлік» ұғымын анықтауда негізгі үш бағыт қалыптасқан:
Мүліктің материалдық түсінігі мүлік деп белгілі бір тұлғаның меншік
құқығы немесе басқа да заттық құқығы бар заттардың және мүліктік құқықтардың жиынтығы ұсынылады.
Мүліктің міндеттемелік түсінігі мүлік деп заттар мен мүліктік құқықтар
жиынтығы ұсынылады.
Мүліктің кең мағынадағы түсінігі мүлік деп иеленушінің мүліктік
жағдайын сипаттайтын заттардың, мүліктік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ұсынылады.
ҚР азаматтық заңы мүліктің төмендегідей құрылымын анықтады:
заттар (ақша, бағалы қағаздарды қосқанда);
жұмыстар мен қазметтер;
зияткерлік меншік;
мүліктік құқықтар (талап ету құқығы);
міндеттер.
Мүліктің түрлері: 1) заттар; 2) ақша; 3) бағалы қағаздар; 4) жұмыстардың нәтижелері; 5) қызметтер: 6) шығармашылық зияткерлік қызметттің ны сандандырылған нәтижелері; 7) ақпарат; 8) мүліктік құқықтар.
№6 дәріс. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.
Жоспар:
