Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Кәсіпкер ұғымы.

  2. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері.

Негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік қызмет, меншік, пайда, тәуекел, коммерциялық тәуекел, өндірістік тәуекел, қаржылық тәуекел.

1. Қазіргі кезде «кәсіпкерлік» мағынасына берілетін анықтамалар шамадан тыс көп. Ерте заманда «кәсіпкерлік» ұғымы тек қана тәуекел элементтерімен байланыстырылған. 1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы «кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам» деп пайымдаған Дэвид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.

Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызды. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.

Тағы бір ағым – кәсіпкерлікті жаңашылдықпен байланыстырады. 1934 жылы Йозеф Шумпетер кәсіпкерді – жаңа технологияларды өңдеуші жаңашыл ретінде суреттейді.

Кәсіпкерліктің барлық жоғарыда аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым шығуына себеп болды. Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күші мен уақытын жұмсай отырып, орынына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

ҚР – ның заңнамаларына сәйкес Кәсіпкер дегеніміз – ол кәсіпкерлік қызметті заңмен немесе келісім-шартепен белгіленген тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратын тұлға.

Экономикалық қатынастардың қандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін ол белгілі бір талаптарға сай болуы керек:

1) оқшауланған мүлкінің болуы;

2) кәсіпкерлік құқықтары мен міндеттерінің болуы;

3) дербес мүліктік жауапкершілік,

4) кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі.

2. Кәсіпкерліктің субъектілері – жеке немесе заңды тұлғалар, басқаша айтқанда, кәсіпкер. Кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу әртүрлі негіздер бойынша жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, соның негізінде құрылған және жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және жеке ұйымдарды бөлуге болады. Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет қызмет субъектілерінің заңды тұлға құқықтарының болуы немесе болмауына сүйене отрып, оларды мынадай: кәсіпкерлер –заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер деп саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін құрылғанына және оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлісуіне байланысты комерциялық және комерциялық емес деп бөлуге болады.

Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.(Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы 1-бап 31.01.2006)

Бөлудің басқа негізі ретінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметінің «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштері алынуы мүмкін және соларға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері; 2) орташа кәсіпкерлік субъектілері; 3) ірі кәсіпкерлік субъектілері деп үш топқа бөлінеген.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлердің орташа жылдықсаны 50 адамнан аспайтын, жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі активтерінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ( заңға сәйкес 2012 ж. Қаңтардың 1 –інен бастап, АЕК -1618 тенге ) алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан ары қарай –АЕК) жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлердің орташа жылдық саны барлық жұмыскерлерді, филиалдар, өкілетіктер және сол субъектінің басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса есептеп анықталады.

Орташа кәсіпкерлік субъектілері болып заңды құрмастан, жұмыскерлердің орташа жылдық саны елу адамнан асатын жеке кәсіпкерлер де, жұмыскерлердің орташа жыдық саны елу адамнан асатын, бірақ екі жүз адамнан артық емес және активтерінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар да саналады («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңнын 6 –бабы, 7 –тармағы).

Ірі кәсіпкерлік субъектілері болып жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын немесе активтеррінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңнын 6 –бабы, 8–тармағы).

Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқыру құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін өз атынан мүліктік және мүліктік емес жек құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Коммерциялық заңды тұлға пайда табуды көздейтін ұйым. Олар: акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестік, мемлекеттік кәсіпорын ретінде құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. (АҚ туралы ҚР заңы 3-бап 13.05.2003)

Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде , олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын негізделген ерікті бірлестігі. (ҚР ӨК тур Заңы 3-бап, 05.10.1995)

Шаруашылық серіктестіктер – жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген , өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.ШС – ТС,СС,ЖШС,ҚЖС нысанында құрылады. (ШС туралы ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы 02.05.1995)

Толық серіктестік толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік. 10-бап

Сенім серіктестігі серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің жарғылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серіктестігі. 26-бап

ЖШС бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтайқұжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік.ЖШС-ға қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінңің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.(ЖШС және ҚЖС туралы ҚР заңы 22.04.1998, 2-бап.)

ҚЖС қатысушылары серіктестік міндеттемесі бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен , ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік. 3-бап.

5 дәріс. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі.

Жоспар: