Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.

  2. Кәсіпкерліктегі тәуекел түсінігі және оның түрлері.

Негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік қызмет, меншік, пайда, тәуекел, коммерциялық тәуекел, өндірістік тәуекел, қаржылық тәуекел.

1. Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы.

Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет - ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет — бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет. Экономикалық қызмет өндірісті бөлуді, айырбастауды және тұтынуды қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдерісінен көрініс табады.

Егер осы ұғымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегіні айқындауға болады: кәсіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Шаруашылық қызмет – кәсіпкерлік қызметке қарағанда кеңірек ұғым, өйткені оны іс жүзіне асыру үшін кәсіпкердің ерекше мәртебесі болғаны талап етілмейді, онымен коммерциялық емес ұйымдар да айналыса алады (егер бұл олардың мақсат-мұраттарына сай келсе және заңға қайшы болмаса). Экономикалық қызмет -бұл өте терең ұғым, ол барлық тауар өндірісін қамтиды және адамның қажеттіліктерін өтеуге, оның өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәсіпкерлік қызметтің заңдык белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:

1) кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;

2) меншіктің болуы;

3) тәуекел сипаты;

4) пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

2. Тәуекел кәсіпкерлік қызметтегі мүмкін болатын табыссыздықтармен байланысты.

Б.М.Волин мен Д.И.Ушаковтың редакциялауымен шығарылған 1939 жылғы "Орыс тілінің түсініктеме сөздігінде" тәуекел жайлы былайша айтылған: рыноктық конъюнктураның өзгермелілігіне байланысты коммерциялық қызметтегі мүмкін болатын пайдасыз шығындар немесе табыссыздықтар .

С.И.Ожеговтың "Орыс тілі сөздігінде" мынандай анықтама бар. "Тәуекел - төніп келе жатқан қауіп, сәтсіздік". Сонымен қатар, "тәуекел - игілікті іс" деген мәтел де келтірілген.

Тәуекелдің негізгі белгілері: 1) анықталмағандық, 2) күтпеген жағдай

3) табыстың ықтималдылық жағдайлары.

Тәуекел іріленген үш топқа бөлінеді. Олар: өндірістік, коммерциялық және қаржылық.

Өндірістік тәуекел. Тауар, қызмет кәрсету, капитал ондірумен, сонымен қатар өндірістік қызмет жүргізудің көптеген түрімен байланысты. Бүл тәуекел - өндіріс мөлшерінің қысқаруы, баға, сондай-ақ, өнім ақауларының томендеуі және басқа жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Тәуекелдің осы түрі өндірістік кәсіпкерлікке тән.

Коммерциялық тәуекел. Кәсіпорын өндірген немесе сатып алған тауарлар немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру процесінде пайда болады. Осы жағдайлар өндірістік немесе коммерциялық кәсіпкерлікке тән.

Қаржылық кәсіпкерлікті немесе қаржылық мәмілелерді жүргізуден туындайтын тәуекел. Кәсіпорын қызметінің қаржылық тәуекелі көбінесе меншік құралдарының қарыз құралдарына қатынасымен өлшенеді. Осы өлшем неғұрлым жоғары болса, кәсіпкер өз қызметінде соғұрлым несие берушілерден тәуелді болады. Сонымен қатар, қаржылық тәуекел де көбірек болады немесе несие беруді тоқтату, болмаса, несие беру шарттарын қатандату өндірістің тоқтауына алып келуі мүмкін.

Өндірістік, коммерциялық, қаржылық тәуекелділіктер өз кезегінде ішкі, сыртқы, динамикалық, статикалық болып бөлінеді.

Ішкі тәуекел. Кәсіпорын қызметін жоспарлау және талдау бойынша шешім қабылдаумен байланысты туындайтын тәуекел. Ішкі тәуекел — кәсіпорынның өндіріс, қаржы және басқарудағы ұйымдастыру ерекшеліктерінің нәтижесі де болуы мүмкін. Мысал ретінде, құрал-жабдықтардың уақытылы жөнделмеуінің нәтижесіндегі өндіріс мөлшерінің төмендеуі немесе ішкі қарама-қайшылық жағдайларына байланысты өнімдерді өткізу мөлшерінің төмендеуінен туындайды.

Сыртқы тәуекел. Мемлекет деңгейіндегі және кәсіпорынмен байланысты шағын орта объектілерінің қолайсыз әсерімен байланысты болатын тәуекел. Осыған қоса тұтынушыларды, жабдықтаушыларды, банктерді, салықтық ұйымдарды және т.б. жатқызуға болады. Сыртқы тәуекелділіктерге мысал ретінде, несие қайтару мен жабдықтаудың мәмілесінің бұзылу, өнімді қайтару тәуекелін және т.б. келтіруге болады.

Динамикалық тәуекел. Рыноктық, саяси және т.б. жағдайлардың күтілмеген жерден өзгеруі немесе басқарушының шешім қабылдау нәтижесіндегі негізгі капитал құнының белгісіз жерден өзгеру тәуекелі. Осы тәуекел түрінің ерекшелігі — тек шығындар ғана емес, сонымен қатар, табыстар да болуы мүмкін.

Статикалық тәуекел. Меншік, сонымен қатар жоғалтуларға зиян келтірілген нәтижесіндегі нақты активтерді жоғалту тәуекелі. Мысалы кәсіпорын қызметінің тоқтауынан табыстың болмауы. Нәтижесінде тек табыссыз шығындарға ұшырайды.

4 дәріс. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері.

Жоспар: