Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать
  1. Кәсіпкелік ұғымы, белгілері

  2. Кәсіпкерліктің түрлері

Негізгі ұғымдар: Кәсіпкерлік,өндірістік кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпкерлік, қаржылық кәсіпкерлік, кеңес беру

1. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі.

ҚР АК-ң 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (қызметке, жұмысқа) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі.

Кәсіпкерліктің негізгі сипаттары:

1. Шаруашылық субъектілерінің жеке даралылығы (өзінің қалауымен қызмет етуі) және тәуелсіздігі.

2. Экономикалық қызығушылық.

3. Жаңалыққа ұмтылу, яғни ұйымдастырушылық-шаруашылық жаңалығы.

4. Шаруашылықтағы нар тәукелділігі.

5. Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.

2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:

1) экономикалық;

2) әлеуметтік;

3) құқықтық.

Кәсіпкерліктің бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай 4 топқа бөлінеді:1) өндірістік; 2) коммерциялық; 3) қаржылық; 4) кеңес беру.

Өндірістік кәсіпкерлік деп тұтынушыларға ұсынылатын өнімді өндіруге,қызмет көрсетуге, ақпарат жинауға, басқа да жұмыстарға көрсетілген қызметті атайды.

Өндірістік кәсіпкерлік инновациялық, ғылыми-техникалық қызмет, тауарлардың тікелей өндірісі, қызмет көрсету, оларды өндірістік тұтыну және де осы салалардағы ақпараттық қызмет түрінде болады.

Өндірістік кәсіпкерліктің объектісі — тауарлар, қызмет көрсету және капитал. Соңғы жағдайдан қаржылық кәсіпкерлік келіп туындайды.

Өндірістік кәсіпкерліктің зерттеу пәні - өндіріс және капитал, қызметтерді тұтыну сферасы.

Кәсіпкерліктің осы түрінің қызметі өндірістік кәсіпкорындар мен ұйымдарда іске асырылады. Қызмет жүргізу субъектісі — кәсіпкер — товар өндіруші.

Өндірістік кәсіпкерлікті жүргізу кезеңдері

  • Өндіруге қажет тауар немесе қызмет түрін анықтау

  • Маркетингтік қызметті жүргізу

  • Материалды, каржылық және басқадай шығындар қажеттілігіне есеп жүргізу

  • Өндірістік кәсіп кәсіпкерлік факторларын таңдап алу

  • Тауар немесе қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру

  • Өндірілген тауар немесе қызметті сатып өткізу

  • Салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу

Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі – сатуға өткізуге арналған өнімді өндіру.

Коммерциялық кәсіпкерлік – отандық экономикада кәсіпкерліктің кең тараған түрі.

"Коммерция" латын сөзінен аударғанда "сауда" мағынасын береді. Олай болса коммерциялық кәсіпкерлік — пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы.

Коммерциялық кәсіпкерлік ең алдымен, ақша-тауар, сауда-айырбас операцияларында анықтаушы рол атқаратындығымен сипатталады. Сондықтан, коммерциялық кәсіпкерліктің мәні — сату, сатып алу бойынша, яғни, тауарларды қайта сату операциялары болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі зерттеу объектісі — тауар, капитал. Капитал кезінде қаржылық кәсіпкерлік пайда болады

Коммерциялық кәсіпкерліктің оқыту пәні — айырбас, болу және тұтыну сферасының қызметтері. Бұған төменделерді жатқызуға болады.

Тауар-ақша операциялары

а) сауда;

ә) сауда сатып алу қызметі.

Коммерциялық операциялар:

а) коммерция;

ә) коммерциялық қызмет;

б) коммерциялық-делдалдық қызмет;

в) сыртқы сауда қызметі;

г) кедендік операциялар;

д) лизингтік операциялар және т.б.

Коммерциялық кәсіпкерліктің субъектісі — кәсіпкер-коммерсант. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі қызмет ету сферасы - тауар биржалары мен сауда-коммерциялық құрылымдар. Қызметінің негізі бизнес-жоспар құру және жұмысын белгілі бір көрсеткіштер арқылы бағалауға болатын сауда-коммерциялық құрылымның түрін, формасын тандау. Бұл өте маңызды болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерліктің дамуы, оның экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, технологиялық, жағрафиялық және басқа да қызмет жасау орталарымен тығыз байланысты.

Коммерциялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезеңдері

  • Коммерция үшін қажетті тауар түрін анықтау

  • Рынокты маркетингтік талдау

  • Қаржы ресурстарының қажеттілігін есептеу

  • Коммерциялық кәсіпкерлік факторларын таңдап алу

  • Тауарды өткізу, сату

  • Салық пен төлемдерді төлеу

Коммерциялық кәсіпкерліктің объектісі капитал болғанда қаржылық кәсіпкерлік қызмет туындайды. Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі.

Қаржылық кәсіпкерліктің оқыту объектісі — ерекше тауар. Олар: ақша, валюта, бағалы қағаздар.

Қаржылық кәсіпкерліктің оқыту пәні — айналыс сферасындағы, күн айырбасы саласындағы процестер. Оның негізі — ақша, валюта-ақшалық қатынастар. Дәлірек айтқанда бір ақшалардың басқа ақшаларға тікелей немесе жанама формасындағы сатылуы.

Субъектісі — қаржылық кәсіпкер. Қызмет жасау ортасы — коммерциялық банктер, қор биржалары.

Қаржылық кәсіпкерлікті жүргізу кезеңдері

  • Коммерция үшін «қаржылық тауар» түрін анықтау

  • Маркетингтік қызметті жүргізу

  • Қаржы ресурстардағы қажеттілікті есептеу

  • Қаржылық кәсіпкерлікті факторларын таңдап алу

  • «Қаржылық тауарды» өткізу

  • Салықтар, басқа төлемдерді төлеу

Кеңес беру кәсіпкерлігін жүргізу, басқа кәсіпкерлік қызмет түрлеріне қарағанда өте табысты. Мол пайда әкеледі.

Жұмысын іске асыру формалары сан алуан. Олардың ішінен өте кең тарағаны бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні — консалтингтік жобалар.

Кеңес беру кәсіпкерлігін іске асырудың алғы шарты бар. Онсыз мүлдем іске аспайды. Ол — қажеткер-тапсырысшының болуы. Тапсырыстар әр түрлі бағытта түсуі мүмкін. Бұл фирманың жалпы басқаруын және жеке өзекті мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда әкімшілік, қаржылық басқару шешімдері, кадрларды басқару, маркетинг, арнайы қызметтер мен тағы да басқалар болуы мүмкін.

Кеңес беру кәсіпкерлігін жүргізу кезеңдері

  • Мәселені анықтап табу

  • Жобаны жасау

  • Жобаны іске асыру

  • Нәтижесін шығару

3 дәріс. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.

Жоспар: