Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.91 Mб
Скачать

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

Ф.4.09-26

28.05.2015 ж.

Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор

_____________ М.Ж. Мальтекбасов

«___»_______________ 2015 ж.

Кәсіпкерлік құқық пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 55В030100 «Құқықтану» мамандығына ҚЭН магистрі, аға оқытушы А.Б. Жуниспаева құрастырған.

____________________________

(оқытушының қолы)

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2015 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Г.К. Копбасарова

«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама

заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы ____________ А.Б. Жуниспаева

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу бағдарламасы

Ф.4.09-36

28.05.2015 ж.

БЕКІТЕМІН

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

ғылыми кеңесінің төрағасы

з.ғ.д., профессор, ҰҒА

корреспондент мүшесі

А.Е. Бектұрғанов

_________________________

«____»______________2015 ж.

5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша

Кәсіпкерлік құқық пәнінің

Оқу бағдарламасы

3 Кредит (135 сағат)

Талдықорған 2015 ж.

Құрастырған: А.Б. Жуниспаева Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, ҚЭН магистрі

Рецензент: Г.К. Копбасарова – з.ғ.к, доцент, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

Оқу бағдарламасы Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды

Хаттама №______ «___»_______________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі ____________________Г.К. Копбасарова

Оқу бағдарламасы заң факультетінің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітілуіне ұсынылды

Хаттама №______ «___»_______________ 2015 ж.

ФӘБ төрайымы ___________________А.Б. Жуниспаева

Факультет деканы _________________Е.Ж. Беисов

Оқу бағдарламасы оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылды және бекітілуіне ұсынылды

Хаттама №______ «___»_______________ 2015 ж.

ОӘК төрағасы _____________________М.Ж. Мальтекбасов

Түсіндірме беретін жазба

Кәсіпкерлік құқық курсын оқу бүгінгі нарықтық жағдайларда қызмет ете алатын заңгер-мамандарды дайындау үшін аса қажет.

Кәсіпкерлік құқық – жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартымен көзделген және заңгерлерді даярлайтын барлық жоғарғы оқу орындарында оқытылатын оқу пәні.

Ұсынылатын курстың мақсаты – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын оқу, кәсіпкерлік қызмет туралы нормалар бар негізгі заң актілерімен танысу, кәсіпкерлік қызмет ұғымын анықтау, кәсіпкердің тұлғасын және оның құқықтық мәртебесін белгілеу.

Оқу пәнінің арнайы курсында кәсіпкерліктің құқықтық режимі қаралады. Тәжірибелік сабақтар барысында студенттер кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану кезінде қолданылатын практикалық материалдармен танысуы және құжаттарды дайындаудың практикалық әдеттерін меңгеруі қажет.

Курсты оқып шыққан соң студент: кәсіпкерлік қатынастардың мазмұнын, яғни, кәсіпкерлік қызмет ұғымын және оны шаруашылық қызметтің басқа түрлерінен ажырата білуі керек, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін және өзінің білімдерін практикада қолдана білуі қажет.

Кәсіпкерлік құқық курсын оқу студентте белгілі бір білімдердің болуын талап етеді және сондықтан да студенттер азаматтық, әкімшілік, қаржылық және тағы да басқа құқық салаларын, сондай-ақ, экономикалық теория, менеджмент, бухгалтерлік есеп және аудит сияқты бірқатар экономикалық пәндерді менгеріп шыққан соң ғана оқытылады.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Қоғамның экономиаклық дамуын жетілдіру сол саладағы қатынастардың құқықтық реттелуін жетілдіруді қажет етеді. Экономикалық қатынастар жүйесі құқықпен реттелетін қатынастардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген принциптерге сәйкес, кәсіпкерлік қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтарына және Республикада тұратын шетел азаматтарына берілген еркіндік болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында азаматтар жеке кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғалар құру арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мол мүмкіндік алды. Бірақ, бұл мүмкіндік экономикалық реттеуді жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық актілердің жұмыс істеуіне біраз қиындықтар алып келді. Оның себебі, қоғамдық жүйе жаңа тәртіпке бағынды, соның нәтижесінде заң актілерінің жаңа жағдайға тез бейімделуі кешігіп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, олардың іс жүзінде қолданылуын қамтамасыз ету процестері үлкен күш жұмсауды қажет етті. Бұл үрдіс қазіргі уақытқа дейін сақталып келеді. Сол себепті де Қазақстан Республикасының азаматтық, кәсіпкерлік заңнамасы тәжірибеде анықталған кемшіліктерге байланысты үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Оған дәлел, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» т.б. ҚР Заңдары жаңа нұсқасында қайтадан қабылданып, ондағы нормалар түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

ҚР Кәсіпкерлік құқығы Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болып жүзеге асатын қатынастарды, атап айтқанда, кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, салықтық реттеу, стандарттау және сертификаттау, монополияға және жосықсыз бәсекелестікке қарсы қызмет, кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар мен олар үшін қолданылатын жауапкершілік т.б. көптеген қатынастарды қарастырады.

1-тақырып. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні.

Кәсіпкерлік құқық ұғымының тар және кең мағынадағы түсініктері. Кәсіпкерлік құқық азаматтық құқықтың бір саласы ретінде. Кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні. Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің тәсілдері. Кәсіпкерліктің Қазақстанда даму тарихы. Кәсіпкерліктің дамуының экономикалық, құқықтық және саяси алғышарттары. Кәсіпкерлік құқықтың негізгі қағидалары. Кәсіпкерлік құқықтың негізгі қайнар көздері. ҚР-ның Конституциясы –кәсіпкерлік құқықтың қайнар көзі ретінде.

2-тақырып. Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.

Кәсіпкерлік түсінігі. Кәсіпкерліктің түрлері. Коммерциялық кәсіпкерлік түсінігі. Өндірістік кәсіпкерлік түсінігі. Қаржылық кәсіпкерлік түсінігі. Кеңес беру кәсіпкерлігі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік нысандары ҚР-ның жаңа заңдары бойынша мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық мүмкіндігі.

3-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.

Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері. Кәсіпкерлік қызметтің ынталылығы. «Шаруашылық» пен «Кәсіпкерлік қызмет» ұғымдарының ара қатынасы. Дербестік, мүліктік еріктілік, жауаптылық, кәсіпкерлік қызметті өз атынан іске асыру. Кәсіпкерлік тәуекел. Тәуекел түсінігі және оның түрлері. Кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.

Тауарларға, жұмысқа және қызметке сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табу кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгісі.

4-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері.

Кәсіпкер ұғымы. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі түсінігі және жалпы сипаттамасы. Кәсіпкердің мәртебесіне ие болудың құқықтық реттелуі.

Коммерциялық заңды тұлғалардың түрлері және ұйымдық-құқықтық нысандары, олардың мәні, ерекше белгілері. Шаруашылық серіктестіктерінің, акционерлік қоғамдардың кәсіпкерлігі. Өндірістік кооперативтерінің кәсіпкерлігінің ерекшеліктері.

Жеке кәсіпкерлік ұғымы. Азаматтардың жеке кәсіпкерлік қызметінің нысандары.

а) азаматтардың жеке өзіндік кәсіпкерлігі.

б) бірлескен кәсіпкерлік және оның нысандары.

в) азаматтардың заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруының кейбір мәселелері.

Кәсіпкердің іскерлік этикасы.

5-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі.

Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Кәсіпкерлердің мүліктерінің түсінігі және құрамы. Кәсіпкердің заттық құқықтары: түсінігі, мазмұны, түрлері. Кәсіпкердің заттық құқықтарын қорғау тәсілдері.

Мүліктің жекелеген түрлерінң құқықтық режимі.

6-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдар жүйесі. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары. Тікелей әдістер. Жанама әдістер. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі. Кәсіпкерліктің жеке түрлерін лицензиялаудың тәртібі мен нысандары. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Кәсіпкерлік қызмет саласын мемлекеттік бақылау.

Кәсіпкерлердің банкроттығы. Банкроттықтың жалпы жағдайы.

Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.

7-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі шарттар.

Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері. Кәсіпкерлік шарттың қызметтері. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері. Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және оолардың жіктелуі. Кәсіпкерлік келісім шарттар және олардың сипаттамасы. Мүлікті беру туралы шарттар. Қызмет көрсету бойынша шарттар. Жұмыс орындау туралы шарттар.

Кәсіпкерлік айналымда қолданылатын негізгі шарттар.

Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен заемдық және несиелік қатынас. Факторинг қатынасы. Франчайзинг мәні.

8-тақырып. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.

ҚР және ТМД-нің басқа елдерінің ивестиция заңдары. Қазақстан Республикасының ивестиция заңдары жүйесі. Инвестиция түсінігі, түрлері. Инвестициялық қызмет. Шетелдік инвестицияларды халықаралық-құқықтық реттеу. Шетелдік инвестицияларды ұлттық -құқықтық реттеу.

9-тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу.

Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ұғымы. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің түрлері және олардың құқықтық жағдайы. Шетел инвесторларының ҚР-ның заңды тұлғалар қызметіне қатысу нысандары.

Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу. Сыртқы экономикалық қызметті кәсіпкерлердің қатысуымен кедендік реттеу ерекшеліктері.

Сыртқы экономикалық мәмілелер.

Еркін экономикалық аумақтардың құқықтық жағдайы.

10-тақырып. Шаруашылық ұйымдарының кәсіпкерлік саласымен байланысы.

Кәсіпкерлік саласындағы шаруашылық байланыстар түсінігі. Кәсіпкерлік қызметтің коммерциялық-делдалық нысаны.

Жарнама, тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу. Жарнама – кәсіпкер стратегиясының бөлігі.

Биржаның құқықтық жағдайы. Биржаның түрлік сипаттамасы. Тауарлық биржа. Биржалық мәмілелер және олардың жіктелуі.

11-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қорғау және қолдау.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қорғаудың арақатынасы. ҚР-ның заңдары бойынша кәсіпкерліктің дамуының негізгі кепілдіктері.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі мен әдістері.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.

Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғау.

12-тақырып. Бәсекелестік құқық негіздері

Бәсекелестік құқық жағдайы. Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы. Бәсекелестік және монополиялық әрекет, табиғи монополиялар ұғымы.

ҚР-сы заңдары бойынша монополияға қарсы органдар және олардың құзыреті. Баға құру тәртібі және бағалық бәсеке. Теріс пиғылды бәсекенің нысандары. Бәсекені шектеуге бағытталған әрекеттердің өзге түрлері. Бәсекелестік заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

13-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік.

Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы. Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктері. Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәні. Тәртіптік жауапкершілік. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Қылмыстық жауапкершілік.

14-тақырып. Кәсіпкерлік даулар.

Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері. Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі. Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар. Мамандандырылған экономикалық соттарда кәсіпкерлік дауларды шешу тәртібі.

Кәсіпкерлік дауларды шешудің балама әдістері.

15-тақырып. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы негізгі нормативтік актілер.

ҚР-ның заңдарымен қорғалған тұтынушылардың құқықтары. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі.

Тұтынушылар ұйымдарын құру тәртібі және қызметі, оның негізгі функциялары.

Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары

  1. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні.

  2. Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.

  3. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.

  4. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері.

  5. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтықрежимі.

  6. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.

  7. Кәсіпкерлік қызметтегі шарттар.

  8. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.

  9. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу.

  10. Шаруашылық ұйымдарының кәсіпкерлік саласымен байланысы.

  11. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қорғау және қолдау.

  12. Бәсекелестік құқық негіздері

  13. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік

  14. Кәсіпкерлік даулар.

  15. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Студенттердің өзіндік жұмысын оқытушымен ұйымдастыруының үлгі тақырыптары

  1. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні.

  2. Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.

  3. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.

  4. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері.

  5. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтықрежимі.

  6. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.

  7. Кәсіпкерлік қызметтегі шарттар.

  8. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.

  9. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу.

  10. Шаруашылық ұйымдарының кәсіпкерлік саласымен байланысы.

  11. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қорғау және қолдау.

  12. Бәсекелестік құқық негіздері

  13. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік

  14. Кәсіпкерлік даулар.

  15. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын тақырыптары

  1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы.

  2. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі.

  3. ҚР-ның заңдары бойынша кәсіпкерліктің дамуының негізгі кепілдіктері

  4. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және жалпы сипаттамасы.

  5. Кәсіпкер қызмет субъектілерінің құқықтық мәртебесі

  6. Шаруашылық серіктестіктерінің түсінігі және түрлері.

  7. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы

  8. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы

  9. Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі.

  10. Банк қызметін құқықтық реттеу.

  11. Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу.

  12. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен принциптері.

  13. Тауар биржалары.

  14. Биржалық мәмілелер.

  15. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысандары.

  16. Жарнама – кәсіпкер стратегиясының бөлігі.

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30тамыз 1995.

  2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (жалпы бөлімі).

  3. Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы» – 31 қаңтар

  4. 2006 жылғы Заңы.

  5. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттіккәсіпорын туралы» Заңы.

  6. Қазақстан Республиасының «Банкроттық туралы» Заңы 1997 21 тамыз Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы

  7. Қазақстан Республикасының «шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы» заңы. 31 наурыз 1998.

  8. Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508-ІІ Қазақстан

  9. Республикасының Заңы (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

  10. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Шаруашылық серіктестіктер туралы» жарлығы. 2 мамыр 1995.

  11. Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестiктер туралы заңы».

  12. ҚР-дағы кәсіпкерлік (нормативтік құқықтық актілер жинағы).- Алматы. ЮРИСТ 2009. -200б.

Н Е Г І З Г І Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

  1. Басин Ю.Г., Фирсов В.Г. “Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики». Алматы, 1992.

  2. Мороз, С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық Оқулық / С.П. Мороз.- Алматы: Бастау, 2009.- 288б.

  3. Киздарбекова А.С., Асетова Г.Б: Кәсіпкерлік құқық Оқулық. – Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -272б.

  4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ш-том. – Алматы: «Жеті жарғы», 2001. -376б.

  5. Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 1-ші том. Оқулық / Ғ.А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б.

  6. Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 2-ші том. Оқулық / Ғ.А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 358б.

  7. Чижова, О.В. Предпринимательское право Конспект лекций / О.В. Чижова.- 2-е изд., испр. и доп.- М.: Юрайт-Издат, 2009.- 140с.

  8. Предпринимательское право Учебник / Под ред. Е.П.Губина, П.Г.Лахно.- М.: Юрист, 2004.- 416с.

  9. Предпринимательство в Республике Казахстан:Правовое регулирование.Кн.1-2 Алматы: БОРКИ, 1999.- 172 с.

  10. Кулагин М.И., “Предпринимательство и право» опыт Запада. М., 1992.

  11. Круглова Н.Ю. Хозяйственное право - М., Русская Деловая Литература. 1997.

  12. Круглова, Н.Ю. Коммерческое право Учебник. 3-е изд. перераб. и доп. -Москва: Высшее образование, 2009.- 749с.

  13. Дойников, И.В. Предпринимательское(хозяйственное) право Учеб. пособ. - М.: Брандес, 1997.- 256 с

  14. Лаптев В.В. Хозяйственное право - право предпринимательской деятельности / Государство и право , 1993 № 1/

  15. Мартемьянов В.С. Хозяйственное право 1 том. Курс лекции. М., 1994.

  16. Пердпринимательство в Республике Казахстан Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Яновская О.А., Бикетова Е.Б. Асангалиева Р., Абдуллина З.Т., Даирова Р. Алматы, Экономика, 1999.

  17. Предпринимательское (хозяйственное) право. Под ред. О.М.Олейников.

  18. Предпринимательское право. Курсы лекции. Под ред. А. И. Клейн. М., 1993.

  19. Климкин С. И. Правовые формы предпринимательства в РК. Алматы,1997.

Қ О С Ы М Ш А Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

  1. Шершеневич Г. А. Учебник торгового права. М., 1994.

  2. Большой экономический русско-казахский словарь. Алматы, 1999. Токсанбай С. Р.

  3. Худяков А. И., Найманбаев С. М. Русско-казахский финансово-

  4. правовой толковый словарь. Алматы, 1997.Университет «Туран».

  5. Толковый словарь терминов рыночной экономики. Алматы, 1992. Под ред. С. П. Байзакова.

  6. Сәбікенов, С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі. 17000 жуық термин. А-Я /.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688 бет.

  7. Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин 5-ші басылуы, өңделіп, толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.

  8. Риски в современном бизнесе. М., 1994.

  9. Ахмадиева Г. Д. Правовое регулирование внешнеэкономических

  10. контрактов в РК. Алматы, 1996.

  11. Худяков А.И. Страховое право РК.,Алматы., 1997.

  12. Олейник О.М. Основы банковского права. М., Юрист.,1997.

  13. Мауленов К.С. Правовое регулирование иностранных инвестиций в

  14. РК. Алматы.,1998.

  15. Сарсембаев М.А. Международное торговое право. Алматы.,1999.

  16. Международное частное право.Авторский коллектив.

  17. Айдарбаев С.Ж., Альпеисова А.Т., Аманжолов Ж.М. и др. Алматы.,2001.

  18. Сарсембаев, М.А. Правовой статус экономических зон Казахстана и мира Учебник / М.А. Сарсембаев.- Астана: Дәнекер, 2002.- 100с.

  19. Игошин, Н. А. Страховое право Учебное пособие Под ред. Н. М. Коршунова.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2010.- 167с.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Силлабус

Ф.4.09-28

28.05.2015 ж.

Заң факультеті

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

СИЛЛАБУС

Кәсіпкерлік құқық

Мамандық: 5В 030100 «Құқықтану»

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2

семестр: 4

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135

барлық дәрісханалық сағат: 90

дәріс: 30

практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90

Аралық бақылау 2

Емтихан: 4 - семестр

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы жөнінде мәлімет: