Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.указ. преддип.практика СИБ каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.89 Кб
Скачать

5. Практиканың мазмұны және әдістемелік нұсқау

Диплом алдындағы практиканың қойылымындағы маңызды фактор әрбір студенттің дипломдық жобасының нақтылығы болып табылады, яғни практика өтіліп жатқан мекеменің (кәсіпорынның) қажеттілігіне жауап бере алатындай болу керек.

Диплом алдындағы практика адам қызметінің барлық салаларында есептеу жүйелері, желілері және олардың құрылғыларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған: ұйымдастырушылық, аппараттық және программалық әдістері мен жабдықтарын әзірлейтін, енгізетін және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда, мекемелерде өткізіледі. Диплом алдындағы практикада студенттің атқаратын жұмыс атауы: стажер, оператор, техник, маман, программист және тағы басқалар. Практика кезінде студенттер түрлі жүйелердің, бөлімшелердің қызметін басқару құрылымын (ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, программалық және аппараттық қамтамаларын талдау және әзірлеу модельдері, әдістері, жабдықтары мен технологиялары) зерттеп, талдайды.

Әсіресе дипломдық жобаның арнайы бөлігінің тақырыбына жататын сұрақтарды нақтырақ талдау қажет. Нәтижесінде студент зерттеу тапсырмасын өздігінен қалыптастыра алуы керек, оның өзектілігін көрсетіп, зерттеу әдісін құрастырып, зерттеу көлемін көрсетіп, тапсырманың мүмкін болатын қойылымын қалыптастыра алуы керек. Студент алынған нәтижелерді үйлесімді талдай алуы керек, өз жұмысын бағалап, қорытынды жасап, соған сәйкес ұсыныс әзірлей білуі керек, сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігін анықтап, оны ендірудің дұрыстығын дәлелдей алуы керек.

Жұмыс нәтижелері бойынша студент бөлімше, зертхана семинарының мәжілісінде, фирманың техникалық мәжілісінде баяндама жасайды. Практика жетекшілері оны талқылап, студенттермен бірлесе отырып олардың зерттеу программаларын, әдістерін және нәтижелерін нақтылайды және олардың орындалуын қадағалайды.

Дипломдық жоба тақырыбына сәйкес, студент экономика және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша материалдарды нақты зерттеп, жүйелендіруі керек.

Диплом алдындағы практиканың мақсаты - оқу процесі кезінде студенттің алған білімі мен тәжірибесін тиянақтау болып табылады және практикалық білімді теориялық біліммен байланыстыра алуы керек.

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің 21.02.95ж. № 42 бұйрығы

  2. Оқу жұмыстары. Мәтіндік және графикалық материалдардың ресімделуіне қойылатын жалпы талаптар» Алматы: ҚазНТУ, 2011ж.

  3. РММ 38944979-09-2011 мәтіндік және графикалық материалдардың құрастырылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар» стандарты

Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті

Институт_______________________________________

Кафедра _______________________________________

Есеп__________________________________________

есеп түрі

____________________________________________

практика өтетін орын

____________________________________________

мекеме

______________________________

(мамандық шифры мен атауы)

Орындаған:

Мекемеден тағайындалатын Университеттен тағайындалатын жетекші: Аты-жөні жетекші: Аты-жөні

_____________________ ____________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы) (қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы)

«__»_____________20__ж. «__»_____________20__ж.

М.О.

Алматы 20...ж