Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.указ. преддип.практика СИБ каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.89 Кб
Скачать
    1. 2.3 Университеттен тағайындалатын практика жетекшісінің құқығы мен міндеттері

Университеттен тағайындалатын практика жетекшісі:

  • оқу жоспарына және практика бағдарламасына сәйкес, студенттердің практиканы сапалы өтуін қамтамасыз етеді;

  • практиканы өту және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтармен барлық ұйымдастырушылық шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;

  • есеп бойынша материалдарды бағалайды, материалдар таңдау мен есептер жазуда әдістемелік көмек көрсетеді, практиканың барлық сұрақтары бойынша кеңес береді, күнделіктердің дұрыс толтырылуын тексереді;

  • студенттің дербес тапсырмасында қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етеді;

  • университеттен тағайындалатын практика жетекшісі студенттерді фирмалардың (мекеме, кәсіпорын, бөлімше, зертханалардың) тікелей бастығымен таныстыруы керек, практиканың міндеттерін студенттерге түсіндіріп, практика аяқталғаннан кейін студенттер өз жұмысы туралы фирмадағы (мекеме, кәсіпорын, бөлімше, зертханадағы) адамдардың және қызметкерлердің пікірін білуі керек.

2.4 Кәсіпорыннан тағайындалатын жетекшінің құқығы мен міндеттері

Мекемеден тағайындалатын практика жетекшісі практика бағдарламасына сәйкес, қауіпсіз еңбек жағдайын және практиканы тиімді өткізу жағдайын қамтамасыз ететін орындарда практиканы ұйымдастырып, өткізеді.

Фирмадағы (мекеме, кәсіпорын, бөлімше, зертханадағы) практика жетекшісі студенттерге университет өкілімен келісілген, практиканы өтудің күнтізбелік кестесі мен дербес (жеке) тапсырмаларын береді.

Күнтізбелік кестеде сол кәсіпорында практиканы өткізу ерекшелігі, практиканы өткізудің күнтізбелік мерзімі ескеріліп, қажет жағдайда студенттерді программаны толық көлемде орындау үшін түрлі жұмыс орындарына ауыстыру жағын қарастыру керек. Практика барысында жетекші студенттерге есеп жазу үшін материалдар мен құжаттар ұсынып, өндірістік сұрақтар бойынша студенттерге кеңес беріп, тапсырманың орындалуын үнемі бақылап отырады. Жетекші студент есебімен танысып, оған өндірістік мінездеме беріп, есебін бағалау керек.

Практика жетекшісі кәсіпорын, фирма жұмысының ішкі тәртібін бұзған студентті практикадан шеттетуге құқылы.

  1. Студенттердің практикадағы дербес (жеке) тапсырмасы

Студенттердің диплом алдындағы практикасының маңызды кезеңі - дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбы бойынша ой-өрісін және өзіндік жұмыс жасауға машықтануын дамытатын, дербес тапсырманы орындауы болып табылады.

Дербес тапсырмаға арналған материал ретінде нақты өндірістік мәселелер қамтылуы мүмкін.

Дербес тапсырма студент практика аяқталғанда өзі жинақтаған материалдарды дипломдық жобаны (жұмысты) орындау барысында қолдана алатындай, сондай-ақ студенттердің ғылыми конференцияларында мазмұнды баяндама жасай алатындай терең де, жеткілікті түрде әзірлену керек.

Дербес тапсырма тақырыбының өзекті, практикалық мәнінің жеткілікті болғаны, мекеме үшін де, университет үшін де тиімді.

  1. Есепті құрастыруға, ресімдеуге және қорғауға қойылатын жалпы талаптар

«Практика есебі» практика кезінде студент жұмысын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады. Практика бойынша есепті студент практика өту уақытындағы үздіксіз жұмысы барысында дайындайды. Әр студенттің өзінің жеке есебі болу керек. Есепте практика программасының орындалуын көрсететін материал баяндалады.

Есеп ҚазҰТУ оқу жұмыстарына арналған стандартқа сәйкес ресімделеді, қажетті сұлбалар, графиктер және суреттермен толықтырылу керек; сонымен қатар есепке программа листингі, бақылау мысалдарын есептеу нәтижелері және тағы басқалары қоса тіркелуі мүмкін.

Есепті ресімдеуде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілі қолданылады.

Есеп мәтіні А4 (210х297мм) форматты ақ қағаздың бір бетіне МЕСТ 2.301-68 бойынша орындалу керек, жол арасы бір интервал, қаріп №14, кесте тақырыпшасында бір интервалмен, №12 қаріпті қолдануға болады. Мәтін тығыздығы біркелкі болу керек. Абзацтың шегініс мәтінінің тұтас көлемінде бірдей - бес таңбаға тең.

Кесте немесе көрініс үлкен болған жағдайда А3 (297х420мм) және А2 (420х594мм) форматта орындауға болады. Мәтіндік бөлік парақтарына жақтаулар қойылмайды, тек спецификация ғана ГОСТ 2.106-96 бойынша ресімделеді. Мәтінді компьютерде басқан жағдайда, өрістер өлшемі былай қойылады: жоғарғы жағы - 20мм, төменгі жақ - 25мм; сол жақ - 30мм, оң жағы - 10мм.

Мәтінді компьютерде теруде Microsoft Word редакторы қолданылады, қаріпі Times New Roman (KZ Times New Roman, Times Kaz, Times/Kazakh).

Жұмыстың барлық беттері, титул парағынан бастап, қосымшалар, спецификациялармен бірге, тікелей (алмасусыз) нөмірленеді.

Беттерді нөмірлеу «КІРІСПЕ» бетінен басталады, араб цифрымен, парақтың төменгі жағына, ортасына қарай қойылады, соңына нүкте қойылмайды.

Диплом алдындағы практика бойынша есептің жалпы көлемі А4 форматта 25-30 бетті құрау керек.

Диплом алдындағы практика бойынша есеп мынадай бөлімдерді қамту керек:

  1. Титул парағы (1 қосымшаны қараңыз)

  2. Кіріспе (дипломдық жобада қарастырылатын мәселелердің заманауи қал –ахуалына қысқаша сипаттама беріледі).

  3. Негізгі бөлім.

  • практиканы өту процесінде жұмыстың ұйымдастырылуын сипаттау

  • практика кезінде студент шешетін практикалық тапсырманың кестелермен, суреттермен және графиктермен толықтырылған материалдары.

  1. Қорытынды

  • практика процесінде жинақталған машықтар

  • орындалған тапсырманың нәтижелері

  • дипломдық жобаны (жұмысты) орындау процесінде жұмыстың әрі қарайғы дамуы.

Титул парағында (1-ші қосымшаны қараңыз) практика атауы, өтетін орын, студенттің аты-жөні, университеттен және мекемеден (кәсіпорыннан) тағайындалатын практика жетекшілерінің аты-жөндері жазылады.

Есепке тіркелетін міндетті қосымша - күнделік болып табылады, ол мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Жолдама (ЖОО-да толтырылып, өкілетті адамның қолы қойылады, мөр басылады);

  2. Практиканы өту жөнінде анықтама (практика өткен орында толтырылып, сол жерде қол қойылып, мөр басылады);

  3. Практикада орындалған жұмыстар туралы жазбалар - студенттің жұмыс барысындағы жазбалары, практикада орындалған жұмыстар атаулары мен мерзімі көрсетіле отырып қамтылады (жетекші қолтаңбасымен бекітіледі);

  4. Практиканы өту мерзімінде студент жинақтаған материалдар тізімі (студент мекемедегі жетекшісімен келісе отырып толтырады).

  5. Практика нәтижесі туралы студенттің жасаған қорытындысы және оның ұсыныстары (жұмысты жақсарту бойынша, мекемедегі жетекшімен келісіледі);

  6. Мекемеден тағайындалған практика жетекшісінің бағасы, студент жұмысына мінездеме (100- баллдық жүйе бойынша баға қойылу керек).

Студентке берілетін жетекшінің өндірістік мінездемесінде практика бағдарламасының орындалу барысы, жұмысқа деген студенттің ынтасы, мамандық бойынша өндірістік тәжірибелілігі, еңбектегі тәртібі, мінез-құлқы, ұжыммен қарым-қатынасы және басқа да студенттің практикасы туралы деректер көрсетіледі де, жетекші қолы қойылады, мөр басылады.

  1. Кафедрадан тағайындалған практика жетекшісінің студент жұмысына бағасы (100 баллдық жүйе бойынша бағаланады).

  2. Комиссияның есепті қорғауға қойған бағасы және практиканы өткені туралы студентті аттестациялау (100 баллдық жүйе бойынша бағалау).

Диплом алдындағы практика бойынша есепті қорғау - оқу процесінің кестесіне сәйкес өткізіледі. Қорғауға диплом алдындағы практикаға берілген тапсырманы толық көлемде орындаған, толық ресімделген есебі және диплом алдындағы практика бойынша толтырылған күнделігі бар студент жіберіледі. Диплом алдындағы практика бойынша есепті қорғау, студентті диплом қорғауға жіберу туралы бұйрық үшін негіз болып табылады.