- •Практиканың мақсаты мен міндеттері
- •Практиканы өткізуді ұйымдастыру
- •2.1 Жалпы жағдай.
- •2.2 Студенттің құқығы мен міндеттері
- •2.3 Университеттен тағайындалатын практика жетекшісінің құқығы мен міндеттері
- •2.4 Кәсіпорыннан тағайындалатын жетекшінің құқығы мен міндеттері
- •Студенттердің практикадағы дербес (жеке) тапсырмасы
- •Есепті құрастыруға, ресімдеуге және қорғауға қойылатын жалпы талаптар
- •5. Практиканың мазмұны және әдістемелік нұсқау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
«Есептеу техникасы» кафедрасы
ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА
5В100200- «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттері үшін
диплом алдындағы практикаға әдістемелік нұсқау
Алматы 2012
УДК 681.322.
Құрастырушылар: Айтхожаева Е.Ж., Шайқұлова А.Ә., Жандыбаева М.Ә.
Диплом алдындағы практика:
Әдістемелік нұсқау. – Алматы:
ҚазҰТУ, 2012, -б. 11.
Диплом алдындағы практика бойынша әдістемелік нұсқау диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру мәселелерін, жеке тапсырманы, студенттің ғылыми- зерттеу жұмысын, есепті құрастыруға қойылатын талаптарды қамтиды.
Әдістемелік нұсқау мамандықтың біліктілік сипаттамасы талаптарына, 5В100200- «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының Мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған.
Әдебиеттер тізімі:- 5 атау.
Пікір беруші: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ң Ақпараттық технологиялар кафедрасының профессоры, техн.ғыл.канд. Абдуллина В.З.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 ж. басып шығару жоспары бойынша басылады.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университет, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................4
Практиканың мақсаты мен міндеттері................................................4
Практиканы өткізуді ұйымдастыру.....................................................4
2.1. Жалпы жағдай.............................................................................................4
2.2. Студенттің құқықтары мен міндеттері.....................................................5
2.3. Университеттен тағайындалатын практика жетекшісінің құқықтары мен міндеттері..........................................................................................................5
2.4. Кәсіпорыннан тағайындалатын практика жетекшісінің құқықтары мен міндеттері...........................................................................................................
Студенттердің практикаға алатын жеке тапсырмасы.........................
Есепті құрастыруға, ресімдеуге және қорғауға қойылатын жалпы талаптар...................................................................................................
Практика мазмұны және әдістемелік нұсқау......................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................10
Қосымша.....................................................................................................11
Кіріспе
Диплом алдындағы практика мамандар дайындаудағы оқу-тәрбие процесінің маңызды түрі болып табылады, бакалавриаттың 4-курсының, 8-семестрінде өткізіледі және дипломдық жоба (жұмыс) бойынша материал жинақтауға арналған.
Есептеу жүйелері және желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты өндірістік технологиялармен практиканттардың тікелей, қоян-қолтық араласуы, еңбек ұжымында жұмыс істеуге машықтану, қоғамдық өмірге араласу- осылардың барлығы жоғары білікті маманның қалыптасуының басты шарттары болып табылады.
Практиканың мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жобаның мақсаты ғылыми зерттеулерді өз бетінше орындауға, кәсіби қызмет объектілерінде негізгі өндірістік процестерді жүзеге асыруда тәжірибе жинақтауға студенттерді дайындау болып табылады: ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы; криптография; коммуникациялық жүйелер қауіпсіздігі.
Диплом алдындағы практиканың міндеттері: сынды (критический) ақпаратты өңдеудің қорғалған компьютерлік жүйелеріндегі математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және программалық қамтамалары саласында зерттеу, жобалық- конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру; ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу және эксплуатациялау бойынша тапсырмаларды шешуге қатысу; дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбы бойынша сәйкес материал жинақтау және талдау.
Диплом алдындағы практика өндірістегі практиканы және дипломдық жобаны (жұмысты) қамтиды.
Практиканы өткізуді ұйымдастыру
2.1 Жалпы жағдай.
Студенттер практикаға университет пен практика базалары арасындағы жасалған келісім- шарттарға сәйкес жіберіледі, және практика басталардан бір ай бұрын, университетте жасалған бұйрықпен ресімделеді.
Практика басталардан бұрын кафедрада студенттердің және оқытушы- жетекшілердің қатысуымен, практиканы өткізу тәртібі және оны ұйымдастыру, практика бағдарламасы, қауіпсіздік техникасы сұрақтары бойынша нұсқау беруге арналған жиналыс өткізіледі.
Практиканы өту үшін студенттер кафедрадан практикаға бағыттаған бұйрық көшірмесін және күнделік алуы керек. Дипломдық жобалауға арналған материалдар мамандыққа сәйкес кәсіпорында студенттердің диплом алдындағы практикасы барысында жинақталатын болады.
Диплом алдындағы практика компьютерлік орталықтары бар өндірістік бірлестіктерде, ғылыми- зерттеу, жобалау және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ компьютерлік техника жабдықтарымен жабдықталған мекемелер мен кәсіпорындарда өткізіледі.
Диплом алдындағы практиканың қарсаңында болашақ бітіруші жазбаша түрде кафедра меңгерушісіне өзі таңдаған дипломдық жоба тақырыбын (таңдалған тақырыпты негіздей отырып) бекіту жөнінде жазбаша өтініш береді.
Ұсынылған материалдар маман дайындаушы кафедраның мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Университет ректорының бұйрығы бойынша дипломдық жоба тақырыбы және маман дайындаушы кафедраның профессорлар, доценттер, аға оқытушылар құрамының тәжірибелі, білікті мамандарынан (оқытушылардан) дипломдық жоба жетекшісі тағайындалып, бекітіледі.
2.2 Студенттің құқығы мен міндеттері
Практиканы өту кезінде студент міндетті:
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға;
ЕТ эксплуатациялау бойынша қолданыстағы стандарттарды, техникалық жағдайларды, қызметтік міндеттерді, ережелер мен нұсқауларды, шет және кеңселік жабдықтарды білуге, техникалық құжаттарды ресімдеуге арналған талаптарды білуге;
бөлімшелердегі ЕТ жабдықтарын, зерттеу қондырғыларын эксплуатациялау ережелерін, сондай-ақ олардың жұмыстарын білуге;
кәсіби қызметте қолданылатын жекелеген компьютерлік программаларды игеруге;
есептеу техникасы бойынша жүйелі, реферативті және анықтамалық ақпараттық басылымдармен жұмысты игеруге;
кәсіпорынның (ұйымның) еңбек тәртібі ережелерін орындауға;
практика программасында қарастырылған тапсырманы орындауға;
белгіленген мерзімде практика бойынша есеп дайындап, оны қорғауға.
Егер мүмкіндік болатын болса, студент еңбек ақы төленетін жұмыс орнына баруға және практика бағдарламасы бойынша материалдармен танысуға құқылы.
Практика өтетін орынға келгеннен кейін студент қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуге міндетті.
Практиканы өтудің күнтізбелік кестесіне сәйкес студент дербес жұмыс жоспарын құруға; практика бағдарламасын, әкімшіліктің өндірістік тапсырмасын толықтай орындауға, жасалған жұмыс, дәріс, әңгімелесу және т.б барысын тіркеп отыратын күнделік жүргізуге міндетті.
Практика аяқталғаннан кейін студент практика бағдарламасына сай, құрастырылған толық есепті, толтырылған күнделікті кафедраға өткізуге міндетті және есепті қорғау үшін белгіленген уақытта қорғауға келуге міндетті.
